«Сақтандырсаң — сақтаймыз» дегендері қайда?

Егін орағы науқаны аяқталғанымен, оның маңындағы дау-дамай, керісінше, енді бой көтеріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, ол ауыл шаруашылығы сақтандыру төлеміне қатысты. Мысалы, Қостанай облысының Федоров ауданы нарығында бес сақтандыру компаниясы жұмыс істеген. Бүгіндері соның біреуінен диқандар сақтандыру төлемін ала алмай отыр. Ал қалғандары тиісті шартқа сәйкес есеп айырысқан. Сақтандыру төлемін жасамай отырған — диқандарға бөтен компания емес, өздері мүше Қазақстан фермелер одағына қарасты «Өзара сақтандыру қоғамы» болып отыр.
«Біз, бірнеше шаруа, облыс әкіміне Әуесхан Даринов басшылық ететін Өзара сақтандыру қоға­мынан өзімізге тиісті сақтандыру төлемін өтетіп беруді сұрап хат жазғанбыз. Сол әсер етті ме, білмеймін, бұл ретте «төлем жасалады» деген жауап алдық. Бірақ біраз уақыт өткен соң, сақтандырушылар бұл шешімін өзгертіп жіберіпті. Мұны қалай түсінерімізді білмей дал болып отырмыз», – дейді федеровтық шаруа Николай Головань.
Ал осы мәселенің мән-жайын білу үшін Қазақстан фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Даринов­тың өзіне хабарласқанымызда, ол: «Сіздер сөз етіп отырған аймақ туралы мен еш нәрсе білмеймін, он­дағы жағдай­дан хабарым жоқ», — деп қысқаша жауап қайырды.
Дегенмен Федоров ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік басқарма бастығы Владимир Завгородтың атына Қазақстан фермерлер одағының төрағасы Әуесхан Дариновтан осы мәселеге қатысты ресми хат келгені белгілі болып отыр. Ол аталған аймақ ақпарат сайтына жарияланып та үлгеріпті. Онда сақтандырушылар «Головань», «Ис­ма­гамбетов», «Давлетпаев» шаруа қожа­лық­тары басшысынан сақтандыру төлемін өтеу туралы арыз хатты алғандарын, соған сәйкес құрылып, «табиғаттың жайсыз құбылысына бой ұрды» деген олардың егістік алқабын тексерген комиссия қорытындысын заңсыз деп тапқандарын, соған байланысты сақтандыру төлемі әзірге жасалмайтындығын» айтыпты. Яғни комиссия жұмысында заңсыздықтар орын алғандығын анықтаған олар әзірге бұл мәселе шешімін кейінге қалдырып отыр.
Ал бұған әбден ашуланған жергілікті шаруа қожалығы басшылары Қазақстан фермерлер одағы құрамынан шығатынын, оның есесіне, Қостанай облысының фермерлер қауымдастығын құратындығын жариялап жатыр. Бұл жаңа құрылымның басшысы да тағайындалып қойыпты. Жер­гілікті жаңа шаруалар қауым­дастығының же­текшісі Жетес Амантаев: «Қостанай ай­ма­ғында 5 мың шаруа қожалығы бар, біз со­ларға көмек көрсетеміз», – дейді.
Дегенмен, біздіңше, қостанайлық ша­р­уа қожалықтары Қазақстан фермерлер ода­ғымен мүлде ат-жалын үзісіп, Қостанай об­лысының фермерлер қауымдастығына үде­ре ауысуға дайын емес секілді. Өйткені бұл арада жыл басынан бері Қазақстан фер­мерлер одағы егістік алқабы құр­ғақ­шы­лықтан зардап шеккен Қостанай ди­қан­да­рына 122 миллион теңге көлемінде сақ­тан­дыру төлемін жасағанын еске сала ке­телік. Яғни аталған одақтың сақтандыру тө­­ле­мін жасамауға қатысты мәселесі бүтін Қос­танай облысын қамтымайды, тек Фе­до­ров ауданына келгенде ғана жоғарыда аталған белгілі бір себептер бойынша ол кешеуілдеп жатыр. Дегенмен бізге белгілі болғандай, аталған одаққа 300 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемін жасау туралы арыз-шағым түскен, ал қордағы ақшаның бар-жоғы – 200 миллион теңге. Мі­не, мәселе осы ақшаны сақтандыру тө­лемін жасауда ешкімді ренжітпей, біреудің кө­ңілін қалдырмай, жеткілікті етіп бөлуге келгенде мәселе туындап жатқан сыңайлы (мұның федоровтықтардың мәселесіне қатысы жоқ – авт.). Қалай дегенмен өзара сақ­тандыруға ымыраласқандар арасынан шық­қан жік елімізде соңғы кездері ғана қолға алынған ауыл шаруашылығы сақтан­ды­руының дамуына белгілі бір деңгейде кері әсер етуде. Сондықтан бұл жайт­ты қоғам талқысынан елеусіз қал­ды­руға бол­майды. Экономика ғылымының докторы, про­фессор Тоқтар Есіркеповтің айтуынша, Өз­ара сақтандыру қоғамының Қазақ­стан­ның фермерлер одағы жанынан құ­ры­луының өзі дұрыс емес.
– Бір одақ республиканың бүкіл айма­ғын­дағы диқандардың мәселесін шешуі мүмкін емес, оған оның қауқары жетпейді. Өйт­кені бұл арада қаржылық мүмкіндік шек­теулі. Меніңше, бұл арада мүдделер қақ­ты­ғысы орын алып жатыр. Ондай күр­ме­уі күр­делі мәселені шешу бір шаруалар ода­ғына оңайға соқпасы белгілі. Қалай де­генмен де, барлық мәселе заң шең­бе­рінде қаралып, шешімін табуы тиіс, – дейді маман.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста