Сайрамда күздiк жер жырту науқаны жүруде

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы қарсаңында сайрамдық диқандар астық, көкөнiс, бақша дақылдарын өсiруде ерен еңбектiң үлгiсiн көрсетуде. Мәселен, биыл аудан бойынша 2500 гектарға жемiс-жидек өсiрiлсе, бүгiнге дейiн 18800 тонна өнiм жинап, жоспарды 125 пайызға орындады. Сонымен қатар, 1175 гектарға жүзiм өсiрiлiп, 7600 тонна өнiм жиналды.

Картоптан 52800 тонна өнiм алынып, меже бағындырылды. Көкөнiс өсiрушiлер де ерлеп тұр. Биыл 115000 тонна көкөнiс жинау жоспарланса, қазiрге дейiн бұл көрсеткiш 107 540 тоннаны құрады.

Қыстың қамын жазда ойлаған ауданның малшылары да жем-шөптiң мол қорын жасақтады. Яғни, жоңышқа, табиғи шөп, сабан, пiшен қажеттi көлемде әзiрлендi. Нақтылай айтқанда, 291 тонна мал азығы дайындалды. Биыл мақсары еккен диқандар үшiн берекелi жыл болды. Майлы дақылдың әр гектарынан 9,3 центнерден өнiм жиналып, жоспардың орындалуы 92 пайызға жеттi. Қазiр ауданда күздiк жер жырту науқаны жүруде. Биыл 17 500 гектар жер жыртылуға тиiс болса, қазiрге дейiн 13 200 гектар күздiк жер айдалып бiттi. Күзгi науқандық жұмыстар әлi жалғасуда.

Жалпы Сайрам ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар 2016 жылдың басында 5922,7 млн.теңгенің өнімін өндірген болатын. 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 107,1%, НКИ -103,8%. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың үлесі 63,2%. 2016 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар табиғи түрде 34489 тонна ұн өндірген. 103 тонна көкөніс консервілерін, 77 тонна өсімдік майын, 531 тонна сүт өнімдерін өндірген.

Ахметжан БЕРДIҚҰЛОВ,
Сайрам ауданы.
"Оңтүстік Қазақстан" 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста