Қойдың еті белсіздіктен қорғайтынын білесіз бе?

 Биылғы жыл Қой жылы. Қой жылы қазаққа жайлы болатынын жұлдыз жорамалшылдарымыз жіктеп айтып берді. Мұны біз бұдан бұрын «Алаш айнасы» порталында жаздық. Ал енді біздің ғалымдарымыз қойдың табиғаты өз алдына, қойдың еті де сүті де адамның ағзасына күш-қуат беруден бөлек, адамның дертіне де шипа бола алатынын алға тартуда. Ендеше біз келіп жеткен Қой жылында осы жайттарды тізбектеп көруді жөн көрдік...

Ғылыми дәйектерге жүгінсек...
Бірінші кезекте ғылыми дәйектерді сөз етер болсақ, қойдың етінің құрамында су-68 пайыз; ақуыз-17,3 пайыз; май 13,6 пайыз; көмірсутегі-0,5 пайыз болып түзіледі. Бұған кальций фосфор, темірді қосып қойсақ, ғалымдардың «қой етінің талай дертке дауа» деп отырғанының жаны бар екенін бағамдаймыз. Мұндай деректерді тізбелеп отырған генетиктер қой етінің бүйрек қызметін бекемдеп, белсіздіктің алдын алатынын баса айтып отыр. Осыған қарап ата-балаларымыздың көрегендігін, білімділігін тағы бір мойындауға тура келеді. Мәселен, қазақтың ежелден келе жатқан бір дәстүрі, ол жас босанған әйелге міндетті түрде бір қойды байлап оны қалжа етіп сою. Бұл-босанған әйелдің белі тез бекіп, сүйектері жылдам қатаюы үшін әуелден жасалынып келе жатқан ғұрып. Ғылыми дәйек пен ұлттық ғұрпымызды салыстырар болсақ, астарында көп нәрсе жатқанын аңғаруға болады. Зертханалық жұмыстардың нәтижесінде басқа төрт түлікке қарағанда қойдың етінде А1, В12; В1 дәрумендері мол болатынын, оның етін қойып, сорпасының өзі талай дертке дауа екенін анық байқамыз. Осыны білгендіктен бабаларымыз заманында өмірге бала әкелген ананы, ауыр дерт меңдеген сырқаттарды, көз тиген баланы, ағза қорғанышын, яғни иммуниеттін жоғалтқан адамды қойдың етімен, сорпасымен емдеуді жөн көрген. Жас босанған әйелге міндетті түрде қалжа сойылып, оның мойынын жас анаға жегізіп, сорпасын ішкізу арқылы қазақ халқы «баланың да ананың да сүйегі тез бекиді, денсаулықтары нығаяды, екеуі де кез келген ауруға төтеп бере алады» дегенді мықтап ұстанған.
Қорлан Абсалықова, химик-ғалым:
- Қой етінің құрамында калций мен фосфор көп болғандықтан жаңа сойылған қой етін жұқалап тіліп алып сол қаракесек етті жылы күйінше ісіп тұрған жерге немесе жараға таңып қойса бұл үлкен ем болады. Жараның немесе ісіктің бетінің тез қайтуына фосфор мен калийдің, калцийдің көмегі зор. Бұдан соң қойдың еті семіздікпен күресуге бірден бір таптырмайтын дүние. Қазірде диетолог мамандар салмағы 150-160 келі адамды 90 келіге терілерін салбыратпай, олпы-солпы етпей арықтату үшін кем дегенде 6 ай мерзім жұмсайды. Қойдың етінде белоктың көп екенін ескерсек, арықтағысы келген адам күнделікті 150 грамм қойдың етін тұтынса, оның артық терісі салбырамай, жинақы болып арықтай алады. Жалпы, қойдың етінің басты қасиеті ол белсіздікке дауа. Құрамында калций, калий, А1, В12 дәрумендері болғандықтан оның сорпасының өзі адамды талай дерттен айықтырады. Сондықтан қой етін көбірек тұтынса талай адам дертіне дауа табар еді.

Ұлттық танымның да берері мол
Жалпы, ғылыми дәйектер өз алдына қойдың етін тұтынуға қатысты бабалар мектебінің де берері мол. Мысалы, кезінде қазақ халқы қимылсыз мешел болып қалған балаға қойдың сүйегін қайнатып беріп, оның сорпасын ішкізіп отырған. Бұдан соң баласына көз тисе қара қойдың терісіне салу арқылы баланың бойындағы тіл-көзді алған. Абайсызда жылан немесе басқа уытты жәндіктер шағып алса жаңа сойылған қойдың қаракесек етін сол шаққан жерге таңу тәсіліне жүгінген. Мұны ғылым да барынша дәлелдеп отыр. Бабаларымыздың қой етін емдік тұрғыда пайдаланғанына қатысты қазіргі медицинаның да пікірі оң.
Абзал Шаяхметов, медицина ғылымының кандидаты:
- Кезінде ата-бабаларымыз, өкпесі ауырған адамға, созылмалы жөтелге шалдыққан сырқатқа қойдың өкпесін беру арқылы ем қолданған. Мысалы, қойдың өкпесін бір қайнатып жіберіп, ыстық күйінше сырқаттанып жатқан адамға берсе оның жөтелі басылған. Бұдан соң жиі несеп сындыратын балаларды қойдың терісіне салған. Негізінде, суық тиген адамды қойдың майымен сылау бізде әлі де бар. Қойдың майы ағзадағы суық тию процесінің алдын алатындықтан қазірде көп аналар жаңа туған нәрестесін қойдың майымен сылайды. Қойдың жілік майын қолқасына қақырық жиі жиналатын адамдарға жиі беру арқылы бабаларымыз кезінде өкпедегі құрт ауруының алдын алған. Жалпы, Жапония, Корей елінің мамандары қазірде таза қазақы қой етіне асқан қызығушылық танытуда. Біздің қой етінің құрамын зерттеуде. Қой етінің емдік қасиеті жоғары екені даусыз. Тек оны сауатты түрде тұтына білгеніміз жөн.

Ежігей сусыны еленбей отыр
Қазақтың ұлттық сусындарының тағы бірі-бұл ежігей сусыны. Қойдың сүтін ашыту арқылы жасалатын бұл сусында адамның бойындағы қажетсіз микробтарды жойып жіберетін қасиет бар. Осыны зерттеп отырған биолог мамандарымыз «елдегі асыл тұқымды қой шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар қазақтың ежігей сусынын заманға сай өндіруге қызығушылық танытса ұлттың денсаулығын түзеуге мол үлес қосылар еді» деседі. Төменде бір ғана ежігей сусынының денсаулыққа берер пайдасын арнайы кестеде көрсеттік:

Ежігейдің емдік қасиеті бойынша тиісті құрамы
Сүт қанты - 1,79%
Сүт қышқылы - 0,5 - 1,2%
Этил спирті - 0,5 - 1,2%
Көмірқышқыл газ - 0,04%
Белок - 4,45%
Тұздар мен витаминдер ( А - 0,35 мг/л, С - 55,5 мг/л, В¹ - 1,80 мг/л, В² - 1,30 м

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста