«Қазақстанда жасалған» тауарлар шетелге шығарылатын болады

Жұмысты атқару бар да, оны көпшілікке көрсете білу бір бөлек. Мекеме немесе кәсіпорын тыныс-тіршілігінің қалыптасуы оның бірінші басшысының іскерлігіне тікелей байланысты. Тірлігі тасбақа адыммен алға басқанына қарамастан, өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай етіп жарнамалай жөнелетін басшылар да жоқ емес. Ал «Қазақстан даму банкі» АҚ басшылығы өндіртіп жұмыс та істей алатын, оны «өлтіріп» тұрып жарнамалай алатынға да ұқсайды.
Хош, сонымен, аталған акционерлік қоғам кешегі күні Оңтүстік Қазақстан облы­сында Қазақстан Республикасының үде­ме­лі индустриялық-инновациялық дамуы­ның 2010-2014 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасы аясында бірінші жартыжылдықта іске қосылған өндіріс ошақтарына, қазіргі тілмен айтқанда, пресс-тур ұйымдастырды. Онда облыс эко­но­микасы сөз болғанда аты жиі аталатын «Азия Керамик» ЖШС, «Oxy Textile» ЖШС, «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС өндіріс орындарының таныстырылымы өтті. Өндіріс орындарының басшылығы тара­пы­нан айтылған жайттарға жүгінсек, «Азия Керамик» ЖШС-ның жобалық қуаты жыл соңына дейін 2,5 миллион шаршы метр (м2) керамогранит өндіруге жетеді екен. Бұл меже болашақта 6 миллион шаршы метрге дейін жетеді деген жоспар бар. Мұндай жағдайда сырттан келетін осы тауар түрінің 45 пайызын өз өнімдерімен алмас­тыра алады екен. Ал осы күнге дейін керамогранит елімізде бұрын-соңды өнді­ріл­меген. Әрине, сөз бен іс сай болып жатса, бұл үлкен жетістік болары сөзсіз.
Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңірден қоныс тепсе де, атауы шетелше «Oxy Textile» ЖШС оңтүстік еркін эконо­ми­калық аймақтағы алғашқы табысты жобалардың бірі екендігі бұрын да айтылған болатын. Жоғары сапалы мақта өнім­дерін шығаратын кешенді авто­мат­тан­ды­рылған жіп иіру фабрикасы қазақ­стан­дық шикізатты өңдеуге бағытталған. Ма­ман­дардың айтуынша, мақта жібін алу үшін екі рет өңдеуден өту арқылы шикізат құны 4 есеге дейін өсе түседі екен. Ал шыға­рылған өнімдер болса Еуропа елдеріне жол тарта алатындай сапаға ие болатынға ұқсайды. Орысша болса да атынан түсінгеніміздей, «Хлопкопром-Цел­люлоза» ЖШС да мақта шаруасымен ай­на­лысады. Ол да аталған еркін эконо­ми­калық аймақтағы тоқыма кластері аясында ылғал жұтқыш мақта, мақта целлюлозасы және техникалық карбоксиметилцеллюлоза шығарып отыр. Қазақстандық шикізатты өңдеу арқылы құны жоғары өнім жасауға бағытталған бұл жоба «Қазақстан даму банкі» АҚ мен «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның қар­жы­ландыруымен жүзеге асып отыр. Бұл жобалар бірінші кезекте облыстың эконо­ми­калық ахуалына оң әсерін тигізсе, екін­ші­ден, алыс-жақын шетелдерді аралайтын тауарларымызға «Қазақстанда жасалған» деген арнайы белгі ұрылатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста