"Қазақстан ресейлік азық-түлікке тәуелді болудың алдында тұр": фермерлер дабыл қақты

  • 41
"Қазақстан ресейлік азық-түлікке тәуелді болудың алдында тұр": фермерлер дабыл қақты

Қазақстандық азық-түлік өндірушілер ресейлік әріптестерімен бәсекелестікке байланысты дабыл қағуды жалғастыруда, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Іnbusiness.kz тілшісі "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Бұл мәселе Ауыл шаруашылығы, сауда, денсаулық сақтау және қаржы министрліктері өкілдерінің қатысуымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бейіндік комитетінің отырысында талқыланды.

 

"Бүгінде қазақстандық қанттың өзіндік құны 440 теңге болса, ресейлік қант 350 теңгені құрап отыр. Қант зауыттары қоймалардың толып кетуіне байланысты өндірісін тоқтатуға мәжбүр", дейді Қант, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының басшысы Айжан Наурзғалиева.

 

"Borte Milk" компаниясының бас директоры Бөкейхан Әбішевтің айтуынша, елімізде Ресейдің азық-түлік импортына тәуелді болу қаупі бар.

 

Талқылау барысында отырысқа қатысушылар отандық қайта өңдеушілерді қорғауға ықпал ететін шараларды жедел қабылдау қажеттігін атап өтті. Бұл шара тиісінше республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар Ресей қазақстандық өндірушілерді ығыстырып, біздің нарықтағы негізгі ойыншылардың біріне айналып, 2022 жылы болғандай өз жағдайын манипуляциялайй бастайтынына алаңдаушылық білдірді.

 

Ресей 2022 жылдың 15 наурызынан 31 тамызына дейін ЕАЭО-ға қант жеткізуді шектеді. Сол кезде Қазақстанда қант сатумен барлық жерде үзіліс болды, деп еске салды отырысқа қатысушылар.

 

"Қазір ресейлік шикі сүт қазақстандық сүт өңдеу кәсіпорындарына ҚҚС есебімен 130 теңгеден келіп түсіп жатыр. Ал біздің сүттің өзіндік құны 200 теңгені құрайды", – деп түсіндірді "Каверина С" ЖК басшысы Сергей Каверин.

 

Сүт одағының басшысы Владимир Кожевниковтың айтуынша, сүт өңдейтін кәсіпорындарды субсидиялау жүйесі мемлекеттік қолдауды "толық қолжетімді емес" етеді. Бағаға қысым көрсетіп, акцизделетін тауарларға, өсімдік майына және әлеуметтік маңызы бар өнімдерге таңбалауды енгізу – "KazAlkoTabak" қауымдастығы пилоттық жобаны жоюға шақырды.

 

Сондай-ақ, өңдеушілер үшін өзекті мәселелердің бірі экспорт кезінде ҚҚС қайтару екені айтылды.

 

Сала сарапшыларының пікірінше, бүгінгі таңда экспорт кезінде ҚҚС қайтару қағидалары қайта өңдеушілердің қаржылық тұрақтылығын нашарлатады.

 

"Экспорттаушылар ҚҚС асып кетуін қайтаруға өтініш берген кезде салық органдары тікелей экспорттаушылардың ғана емес, бірінші-екінші және одан кейінгі деңгейдегі жеткізушілердің де бұзушылықтарын тексереді. Адал салық төлеушілер басқа адамдар үшін жауап беруге мәжбүр болады!"  – деді Астық өңдеушілер одағының басшысы Әлихан Талғатбек.

 

Осы мәселені шешу үшін қайта өңдеушілер ҚР жаңа Салық кодексін әзірлеу кезінде шикізат пен қайта өңделген өнімді экспорттау кезінде ҚҚС-ты сараланған қайтаруды енгізу мүмкіндігі мәселесін пысықтауды ұсынды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 223
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 267
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста