Қауынның құны «қасарысып» тұр

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазір мамандар тілімен айтқанда бақша өнімдерінің, яғни қауын-қарбыздың қызу саудаға түсіп жатқан кезі. Көше-көшенің барлығы кішігірім сауда нүктелеріне айналған. Сатуға түскен қауын-қарбыздың көлемі көп болғанымен, оны алушылар қатары да аз емес. Күннің ыстығындағы ең жақсы сусын да осы бақша өнімдері екені сөзсіз.
Қауын-қарбыз өсіруге оңтүстіктің ауа райы қолайлы. Әсіресе шардаралықтар мен мақтааралдықтар, сарыағаштықтар бақша өнімдерін өндірумен жиі шұғыл­да­нады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, өткен жы­лы облыста 36 мың гектар қауын-қар­быз егілсе, биыл оның көлемі 38,2 мың гек­тарға жетті. Былтыр егіс алқаптарынан 653,6 мың тонна өнім жиналған-тұғын. Биыл осы кезге дейін 138 мың тонна өнім жи­налыпты. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын та­батын болады.
Өткен жылы егілген қауын-қарбыздың кө­лемі аз болғанымен, сатылу бағасы сау­даға түскен сәттен көп ұзамай-ақ күрт тө­мендеп, халықтың қалтасына ыңғайлы болған еді. Биыл олай емес. Бір түсіп, бір көтеріліп тұр. Әсіресе қауынның құны «қасарысып», түспей тұр. Килограмы 90-100 теңге. Неге? Оның себебін шаруа­лар­дың өздерінен білейік.
– Биыл қауынға құрт түсіп, біраз ал­қапты қайта аударуға мәжбүр болды. Қа­зір, негізінен, Жетісай жақтың қауын­да­ры саудаға түсіп жатыр. Қайта егілген Шар­да­раның қауындары да пісуге таяу қалды. Бағасы содан кейін түсетін шығар. Жалпы, биыл ауа райының қолайсыздығына бай­ла­нысты өнім берекелілігі төмен болды. Жыл сайын гектарына 45-50 центнерден өнім алатынмын, биыл 30-дың шамасында болып отыр. Алқап басынан 17-18 тең­ге­ден сатып алып жатқан түріктер өнімді, не­гі­зінен Ресейге жөнелтіп жатыр. Жалпы, Дар­быз егу мақта өсіру емес. Бір жыл бан­крот болған адам екінші жылы да еге бе­реді. Өйткені шығыны аздау. Ал мақтадан бір жыл банкрот болған шаруаның он жыл­ға дейін ол іске беттей алмай қалуы ға­жап емес. Мақта баптаудың жұмысы өте ауыр, оның үстіне арнайы техника болмаса өсіру қиын, – дейді шардаралық «Қанат» ша­руа қожалығының иесі Қанат Асилов.
Бақша өнімдерін өндіру үшін де мем­ле­кеттен жәрдем қаралған, яғни субсидия бе­ріледі. Алайда Қ.Асиловтың айтуынша, су мәселесі қиын көрінеді. Алқапқа су жет­кі­зу үшін бес шақырым қашықтықтан ай­дап әкеледі екен. Ол біраз шығынды талап ете­тіні сөзсіз. Ал ең басты проблема өн­дірген өнімді сату болып отыр. Рас, бұрнағы жылдардағыдай Өзбекстаннан ағылып жатқан арзан өнімдер бәсекелестік ту­дыр­майды. Дегенмен өнімді ақшаға айналдыру ісін­де әлі де болса кедергілер жоқ емес. Мә­селен, өткен жылы өнім мол бол­ған­дықтан, біраз қауын-қарбыз ал­қап­тың басында қалып қойыпты.
Жазғы дастарқанның сәні саналатын қауын-қарбызды сүйіп жемейтін адам кемде-кем. Бірақ сатылымдағы өнімдердің сапасына деген алаңдаушылық басым. Мамандар бақша өнімдерін өсіруде улы дә­рі-дәрмектерді шамадан көп пай­да­ла­натындығына алаңдаулы. Қ.Асилов өзі өндіретін өнімнің әр гектарына 400-500 килограмм тыңайтқыш пайдаланатынын айтады. Одан да көп мөлшерде тыңайтқыш беретіндердің бар екенін де жасырмайды. Әрине, еңбек етіп, пайда көрген жақсы ғой, дегенмен, пайданы ғана ойлап, ха­лықтың денсаулығын ұмытып кетуге әсте бол­мас.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста