ҚАРА УЫЛДЫРЫҚҚА ЗАР БОЛЫП ҚАЛМАЙМЫЗ БА?..

Дүкен сөрелерінде самсап тұрған қара уылдырық пен қызыл уылдырықтың бағасы бас айналдырады. Жүз грамының өзі 500-1000 теңгенің о жақ, бұ жағындағы бұл тауарға аузының суы құритындар көп. Бұл байлардың ғана қалтасына лайықты баға. Қара халықтың дастарханынан емге таппайсың. Түсіне де кірмейді. Құнары мол, витаминге бай бұл тағам түрінің келешекте қат тауарға айналар түрі бар. Әлем бойынша саудаға шығатын қара уылдырықтың 56 пайызы Каспий теңізінен алынады. Оның ішінде де бекіре тұқымдас балықтардан. Табиғат тазалықшыларының дабыл қағатынындай да бар, өйткені соңғы он жылдың көлемінде Каспий теңізіндегі аталған балық түрлері 41,5 пайызға кеміп кеткен. Бекіре тұқымдас балықтарды көбейтіп, өсіріп өндірумен елімізде Атырау балық зауыты ғана айналысады. "Алаш айнасы" интернет-газеті осы мәселе бойынша зерттеу мақала дайындап отыр.


Нарықтың нар қыспағынан қысылып шыққан зауыт әйтеуір жабылып қалмай, көшке ілесіп келеді. Осы зауытта жылына 3-3,5 миллионнан астам бекіре тұқымдас балықтардың шабақтары өсіріледі. Аз уақыттан соң жас шабақтар Жайық-Каспий бассейніне жіберіледі. Қанша баптап, бабын келтіріп өсіргенмен де жас шабақтардың барлығы бірдей қатарға қосылып кете бермейді. Дені араға аз уақыт салмай-ақ үлкен балықтардың жемтігіне айналады, не болмаса өліп қалады. Сондықтан да келешекте олардың тұқымын өсіріп өндіруге көп көңіл бөлу керектігі өзекті мәселеге айналып отыр. Өзімізде өндірілген уылдырықтардың дені экспортталады. Жасырары жоқ дүкендерде менмұндалап тұрған уылдырықтардың дені «қара базардан» әкелінеді. Яғни, заңсыз жолмен саңылау тауып саудаға түседі. Дүниежүзі бойынша уылдырық саудасының көрігін қыздырып отырған елдер – Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Қытай, Иран. Осы елдер жылына тонналап уылдырықты экспортқа шығарады. Бір ғана Каспий теңізінің өзінде жыл ішінде 10-12 тонна бекіре тұқымдас балықтар заңсыз ауланады. Броконьерлерді бұғаулауға әл-әзірге шама жетер емес. Салынатын аз ғана айыппұл да заңсыз жолмен нәпақасын айырып жүргендердің тайраңдауына жол ашып қойғандай. Тіпті көрші Ресейден келіп Қазақстан аумағынан заңсыз тонналап балық аулағандар қолға түсіп жатса да, тәубесіне келетін жан көрінбейді. Жалпы Каспий бойын ен жайлаған елдердің барлығында да броконьерлік кең етек алған. Броконьерлік олардың бас ауруына айналып отыр. Қанша жерден тосқауыл қойса да ебін тапқандардың есебі түгел. Табиғатқа да, мемлекеттің қоржынына да орасан зор залалын тигізгендер шетелдіктердің қазанын қайнатуда. Олар бекіре тұқымдас балықтардың тұқымын тұздай құртуда... демей-ақ қояйық дегенмен соған жетеқабыл жағдайға жеткізіп те қойды. Қара нарықта уыс-уыс ақша түсіретін уылдырық шіркінге қызығып, бекіре тұқымдастардың тым азайып кетуіне сеп болуда. Қара уылдырық саудасының тым «қызып» кетуіне байланысты халықаралық деңгейде тиым салу туралы мәселе көтерілген болатын. Осыдан екі жыл бұрын. Алайда қара уылдырықтың қазанын қайнатып жатқандар оған дес берер түрлері жоқ. Заңды жолмен де, заңсыз жолмен де қоржындарын қомақтыландырып жатыр...
Жалпы броконьерлердің жолын кесу де, қымбат бағалы балық түрін көптеп өндіру де кезек күттірмес мәселе. Қолымызда тұрған иен байлықтан әп-сәтте айырылып қалуымыз да ғажап емес. Бір ғана Атыраудағы зауытқа телмірмей, өзге өңірлерден де жаңа технологиямен жарақтандырылған зауыттар салып іске қоссақ, қанекей. Осы зауыттың он жылда өндірген өнімін бір ақ жылда өндіріп, байлыққа белшесінен батып жатқан елдер жетерлік. Неге солардың тәжірибесін пайдаланбасқа? Құйтақандай құрттың өзінен пайда тауып отырған Қытайда қып-қызыл пайда түсіретін бекіре балықты қолдан көбейтуге қызу кірісіп кетті. Оянамыз дегенше қолдағы алтыннан айырылып қалмасақ игі...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста