Қанатты металдың көкжиектері

Еліміздің жаңа бағы­тын айқындап берген индус­триялық-инновациялық бағдарлама ENRS үшін де жаңа серпінге айналды. Индустрияландыру картасының тау-кен саласына енген 14 жобаның бесеуі – соның үлесінде. Компанияның бірнеше жобасы (оның ішінде алюминий қорытпасының өндірісі) жүзеге асырылды. Бүгінде компанияның капиталдық шығындарының жалпы бағдарламасы, халықаралық бизнесті қосқанда, 5,9 млрд долларды құрады.
Әлемдік нарыққа талпыныс
ENRC мақтанышы – алюминий шыға­ратын Қазақстан электролиз зауыты. Қуат­ты, заманауи, жоғары технологиялық зауыт бүгінде отандық металлургияға эко­логиялық таза өндірістің әлемдік стан­дарттарын енгізуде. Еліміз тұңғыш рет халықаралық нарыққа Лондондағы метал­дар биржасында сертификатталған алю­ми­нийден жасалған металдайын­да­малары мен кесектерін алып шықты. Биылғы жылдың үшінші тоқсанында зауыт­та 62 мың тонна алюминий өндірілгені жо­баның жемісті болғанын дәлелдейді. Бұл 2009 жылғы көрсеткішпен (31мың тонна) салыстырғанда 100 пайызға ар­тық.
Мұндай жетістікке жетуге компания жинақтаған тәжірибенің жәрдемі тигені анық. Осы бір айрықша зауыттың құрылы­сын бастамас бұрын оны мамандармен қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Ел ішінде алюминий өндірісі бұрын-соңды болма­ған­дықтан, оқу орындары да, оқу құрал­дары да жоқ еді. Сондықтан Павлодарда арнайы оқу орталығын ашып, оған көрші елдерден мамандар шақырылды. Оған қоса, елімізден бір топ маман Ресей, Тәжік­стан және Қытайға аттанып, электролиз өндірісінің қыр-сырын үйреніп келді. Қазір мыңнан астам жерлесіміз алюминий өнді­рісінің кәсіби маманымыз деп мақтана алады.
Сөз жоқ, Қазақстан электролиз зауыты – ел металлургиясындағы теңдессіз нысан. Оның құрылысына 12 елден 18 компания қатысқан. Зауыттың негізгі өнімі – А-85 маркалы 20 келілік алюминий кесектері. Бүгінде екінші кезекті қосу сәтті өткеннен кейін зауыт толық қуатқа көшті, яғни жы­лына 250 мың алюминий кесегін шыға­рады. Кім білсін, дағдарыс кедергі болма­ғанда, жоба бұдан ертерек жүзеге асатын ба еді?.. Өйткені қазірдің өзінде зауыт әлем­дік нарықтағы бағаның ауытқуына тәуел­ді. Ал нарықтағы металдар бағасы дағдарысқа дейінгі деңгейіне әлі жеткен жоқ.
Одан гөрі жылына миллион тонна шығаратын Ақсу ферроқорытпа зауытының жағдайы жақсы. «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ төрағасы Арман Есенжоловтың айтуынша, зауыт өнімдері – түрлі маркалы болаттың беріктігін ұлғайтуға қажетті хром, кремний және марганец кесектерін өткізу жөнінде жетекші болат қорыту компа­нияларымен бір жыл бұрын келісім жаса­лып қойған. Дегенмен мұнда өндіріс қалдықтарын басқару мәселесіне үлкен мән беріледі, тіпті ол алдыңғы қатарға шығарылған.
Зауытта қалдықсыз өндіріске жету мақсатында жүзеге асырылатын көлемді инвестициялық жобаның бірі агломе­рациялық цехтың құрылысы болды. Оның мақсаты – өндіріс қалдықтарынан пайдалы заттарды шығару. Цех өнімділігінің жалпы көлемі 350 мың тоннаны құрайды: 270 мың тонна хром агломераты және 80 мың тонна марганец кені. Зауыттың жо­ғары технологиялық жаңа өндірісі автомат­тан­дырудың ең жоғарғы деңгейінде, шы­ғатын қалдықтарды жабық циклмен кәдеге жаратудың арқасында экологиялық жа­ғынан қауіпсіз. Қазіргі кезде жылдық қуаты 150 мың тоннаны құрайтын күйдіріл­ген анод шығаратын цех салынуда. Анод – алюминий өндірісінде негізгі шикізат көзі. Әзірше зауыт оны Қытайдан сатып алады. Жаңа жоба жүзеге асқан соң, өзі шығарған анодты пайдаланатын болады. Жалпы құны 240 млн долларды құрайтын жоба 2012 жылға дейін жүзеге асырылуы тиіс. Ал инвестициялар қазақстандық үлесті арттырып, отандық өндірістің импортқа тәуелділігін азайтады.
Венгриядағы апат қайталанбайды
Венгриядағы алюминий өндірісі қал­дықтарының Дунайға түскені жөніндегі хабар бүкіл әлемді дүрліктірді. Бұл Павло­дар зауытының да қалдықтарына қатысты көп сауал туындатты. Алайда алаңдаудың жөні жоқ сияқты. Себебі зауыт алюминий өндірісінде экологиялық тәуекелді басқару­дың халықаралық стандарттары мен та­лап­­тарына сүйенеді. Тіпті олардан өркениетті Еуропа  үлгі алса да болады екен.
Глинозем өндіру кезінде пайда болатын қызыл боксит қалдық қала сыртына жет­кізіліп, арнайы «карталарда» сақтала­ды. Қоймаға түскенге дейін қалдық қосымша өңдеуден өтеді. Соның нәтижесінде 60 пайызы кальцийден, 14 пайызы темір оксидінен, 26 пайызы инертті материал­дардан құралатын сусымалы материал пайда болады.
«Қазақстан алюминийі» мамандары қолданыстағы тәжірибе қалдықтардың Ертіс өзеніне түсуін болдырмайды деген пікірде. Одан басқа, қалдықтың цемент­телетін қоспасы қатып, тозаңның тарауына да кедергі болады. Айта кетейік, шламды жол құрылысына да пайдалануға болар еді. Әйтсе де ол – басқа әңгіме.
«Қазақстан алюминийі» АҚ төрағасы Алмас Ибрагимовтің айтуынша, қал­дықтардың ауаға таралуына қарсы күрес – компанияның табиғатты қорғауға ба­ғыттаған басты мақсаты. Мәселен, 2007 жылдан бері глинозем өндірісінің көлемі 103 мың тоннаға артты: 1537 мың тон­надан 1640 мың тоннаға жетті. Тек қатты заттардың ауаға таралуы артқан жоқ: бұл көрсеткіш 2007 жылдың деңгейінде қал­ған.

4 қазанда Венгрияның Ajka Timfoldgyar зауытында жойқын апат болғанын білеміз. Глинозем шығаратын осы зауытта қызыл қалдықтың сыртқа таралуы Венгрия тарихындағы ең жойқын экологиялық апат ретінде тіркелді. Қызыл шлам құрамындағы сілті мен ауыр металдардың қоршаған ортаға келтіретін зияны орасан. Адам ағзасына да қауіпті, теріге тисе, күйдіріп жіберетін қасиеті бар. Ajka зауытындағы резервуардан аққан улы зат (бір миллион текше метрге жуық) зауыт маңындағы көшелер мен үйлерді басып, 40 шаршы шақырым жерге жайылды. Мамандар осы апаттың зардабын жою үшін кемінде 12 ай қажет болатынын ескертті. Өзге тірлікті былай қойғанда, улы қалдықтар түскен топырақ қабатын қазып алып, жою қажет еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста