Өндіріс пен ғылым енді бір қазанда қайнайтын болды

Кеше Алматыда «Қазақстан Республикасы өндірістік секторына инновациялық ІТ және химия-технологиялық зерттеулерді енгізу туралы» ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынның мақсаты – өндірістік үрдістерді ғылыммен ұштастыру механизмін енгізіп, ғылыми жаңалықтарды игеру. Басқосуға ғылым саласының беткеұстар ғалымдары мен ірі компаниялардың өкілдері қатысты.
«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төраға орынбасары, KAZENERGY қауым­дас­тығының төрағасы Тимур Құлыбаевтың ай­туынша, бұл басқосу – Елбасы бекіткен қарқынды индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асырудағы қадамның бірі. «Самұрық-Қазына» қорына кіре­тін компаниялар үшін де, жалпы биз­нес қауымдастық үшін де бұл бағдарлама екі бағытта еңбек етуге негіз болып отыр. Біріншісі – өндіріс секторында еңбек өнім­ділігін арттыру, екіншісі – жаңа өнім түр­лерін шығару. Осы мақсатқа жету үшін өн­діріске технологиялық жаңалықтарды енгі­зіп, өнеркәсіп пен ғылымның арасын жа­қындата түсу керектігі анық. Заманауи ғылыми жаңалықтарды меңгермейінше, өнеркәсіпті диверсификациялап, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкін емес.
«А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылым­дарының институты мен Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты ҚБТУ құрамына енетінін ескерсек, біз ғылыми жаңалықтың өндіріске енгізілуін жылдамдатамыз. Ендігі мақсатымыз – осы бастаманы жаңа дең­гейге көтеру, ол үшін Қор тарапынан қажетті қаржылық көмек көрсетіледі. Институттарды модернизациялай отырып, біз олардың әлеуеті мен экономикаға әкелетін пайдасын арттырамыз. Осылайша, тек бірлескен жұмыс арқылы өнеркәсіптер мен ғылыми-зерттеу институттары индус­триал­ды-инновациялық дамуға қол жет­кізе алады», – деді Тимур Құлыбаев.
ҚБТУ-дың ғылым жөніндегі прорек­торы, ҰҒА төрағасы Мұрат Жұрыновтың пікірі де осыған үндес. «Елімізде кейінгі он жыл бойында ғылыми-зерттеу жұмыст­а­рын өндіріске енгізу өте қиындап кеткені белгілі. Кеңес Одағы кезінде үлкен зауыт­тар­дың жанында арнайы зертханалар, жобалау институттары, конструкторлық бюролар және тәжірибе орталықтары жұмыс істейтін. Өкінішке қарай, олар жо­йылып кетті. Сондықтан ғылыми зертхана мен зауыт арасында жаңа көпір салу қа­жет-ақ. Міне, Кеден одағына кірдік, келесі жылы ДСҰ-ға мүше боламыз. Елбасының ұсынысымен, Еуразиялық экономикалық кеңістікке де енеміз. Сол кезде бәсеке өршиді. Алдағы ауқымды өзгерістерге бү­гіннен бастап дайындалуға тиіспіз», – дей­ді ғалым.
Ұзақбай Қарабалин, Қазақ мұнай және газ институтының бас директоры:
– «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төраға орынбасары Тимур Құлыбаевтың бастамасымен өткізіліп отырған бүгінгі жиында ғылым мен өндірісті бір арнаға тоғыстыру мәселесі қаралды. Неліктен біз ғылым қызметінен күткендегідей нәтиже ала алмай отырмыз? Себебі ғылыми зерттеулер мен оны тұтынушылар арасында байланыс жойылған. Зерттеулердің басым бөлігі өндіріс дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес келмейді. Әлбетте, ғылымның қанатты болғаны дұрыс. Әйтсе де тым аспандап, жерге түспейтін болса, ол да ұмытылады. Ал өндіріске бүгінгі нәтиже керек. Ең бастысы, ғалымдар мен өндірісшілер жиында бетпе-бет жолығып, алдағы жоспарды талқылады. Өйткені бәрінің бір қайықта екенін жақсы түсінді. Жуырда Н.Назарбаев университетінде оқыған лекциясында Елбасы ғылымның ел экономикасында атқаратын рөліне тоқталып, студенттердің қазіргі заман талабына сай білім алуына айрықша мән берілетінін жеткізген-тұғын. Бүгінгі жиын сол лекцияның жалғасы іспетті. Мұнда Президенттің тапсырмасын қалай жүзеге асыру мәселесі қызу талқыланды.
Меніңше, таза ғылым мен таза өндіріс арасында тағы бір түйісетін нүкте – тәжі­ри­белік жұмыстар, полигондарды қолға алу. Өндіріс дегеніміз, бұл – миллиондаған тонна мұнай және газ, металл және т.б. өнім­дерді шығару деген сөз. Мұндай өн­діріс тек әбден мақұлданған, әлемдік тех­но­логиялар негізінде ғана жұмыс істейді. Егер біз оған бірдеңені енгізе салсақ, бұл үл­кен тәуекел болмақ.

ҚБТУ ректоры Ескендір Бейсембетовтің айтуынша, ғылыми-зерттеу институттары экономиканың нақты секторынан ажыраса, онда диссертация деңгейінде қалғаны. Уақыт өте олар технологиялық маңызын жоя­ды. Екіншіден, ғылыми-зерттеу инстит­утта­рының университеттермен байланысы жоқ. Бұған дейін ғалымдар өндірістің қа­жетін ескермей, өз бетінше жұмысын жүр­гізді. Ал өнеркәсіп бір ғана өнім өндіруге бе­йім болатын.
Сондықтан конференция – әркім өз қаза­нын­да қайнап жатқан өнеркәсіп өн­дірісі мен ғылымның арасында көпір ор­натудың бастамасы. «Бұл арада уни­вер­ситеттің қандай қатысы бар?» деген сауал туындауы мүмкін. ҚБТУ биылғы жылы нақты жағ­дайда кез келген технологиялық процесті есептеп бере алатын суперкомпью­терді іске қосты. Осыдан кейін мына тәсіл зерт­хана деңгейінде ғана жарамды болға­ны­мен, ірі өндірісте қандай да бір шығынға әке­леді деген сияқты түйткілдерді айтып береді. «Кеңес Одағы кезіндегідей полигон құрып, шағын зауыт салып тәжірибе жасау­ға болады. Не болмаса, суперкомпьютердің көмегіне жүгінуге болады. ҚБТУ осы жа­ғынан институттарға жәрдем береді. Біраз уақыттан кейін біз виртуалды тә­жірибе жүргізе алатын мамандарды дайындап шығарамыз. Мұндай тәжіри­бе­лерді жүргізбейінше, бірде-бір ірі ком­пания өндіріске жаңалықты енгізе алмай­ды. Институт деген тек үлкен ғалымдар емес, кіші ғылыми қызметкерлерден де құ­ралатынын ұмытпаған жөн».
Алдағы уақытта тәжірибелік-конструк­тор­лық жұмысты жүзеге асыруда «ҚазМұ­найГаз» ұлттық компаниясы институттарды өндірістік базаны модернизациялау жағынан қамқорлығына алады. Екіншіден, бұл жұмыстар «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына кіретін компаниялар тарапынан қаржыландырылады.
Қысқасы, жиынға қатысушылар мо­йын­дағандай, бұл – басқосу ғылыми емес, таза тәжірибелік маңызы бар оқиға. Өйткені ғалымдар, әдеттегідей, өзара әңгі­ме-дүкен құрмай, ұлттық компаниялар бас­шылары мен технологтармен пікір ал­масты. Компания басшылары ғылыми-зерттеу институттары көмегімен күрделі мәселелерді шешу оңайға түсетінін жақсы түсінеді. Қанша дегенмен, батыстың ірі консалтингтік компаниялары біздің өндіріс жағдайына бейімделмегені белгілі. Ал ғылыми жаңалықты өндіріске енгізу оңай шаруа емес. Осы бағыттағы қиыншылықтан құ­тылу үшін ғылым да, өндіріс те бір қазан­да қайнауы керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста