Майлы дақыл өсіру бидайдан бес есе тиімді

Нарық реттемейтін сала жоқ. Атакәсібіміз әрі елімізді әлемге танытып отырған алтын астығымыз да нарыққа бейімделіп келеді. Кеңестік жоспарлы экономика кезінде жыл сайын рекордтық өнім алуды диқандар алдына міндет етіп қоятын. Тәуелсіздік алып, барлық жер жекешеленген соңғы он шақты жылдың өзінде облыстар бітпеген егісті бітті деп ақпарат беріп, бұрын-соңды болмаған мол астық орғандарын жарыса жариялап келді. Бірақ сан көп болғанымен, сапа жоқ. Біз осылай ұрандатып жүргенде, көш жылжып, өзге жұрт әлдеқашан алға кетіп қалыпты. Бұны Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарып жүрген азаматтардың өздері соңғы кездері ашық айтып жүр. Сондықтан биылдан бастап егіс алқаптарын әртараптандыру ісі қолға алынып, дәнді дақылдардан басқа майлы және бұршақты дақылдар көптеп себіле бастады.

Жер көлемі жағынан алты құр­лықтағы мемлекеттер ішінен тоғызыншы орын алатын алып Қазақстанның егістік ал­қап­та­ры­ның ауданы да ауыз толтырып ай­­тарлықтай. Шаруалар жылына шамамен 20 миллион гек­тардан астам жерге ырыс дәнін себу­мен келеді. Соның сексен, ал кей­бір облыстарда тоқсан пайызына дейін тек арпа, бидай өсіріледі екен. «Арпа, бидай ас екен» деп ескі әнде шырқалатындай, астығымыз ел эконономикасына елеулі үлес қо­сып отыр. Дегенмен өткен жылғы бидай бағасының төмендігі, қазақ би­дай­ының сапасыздығынан өт­пей, әлі күнге дейін қамбада жатуы ойды сан салаға жүгіртеді. Тіпті нарығы түбі жоқ бөшкеге теңел­ген Қытайдың өзі балуызы 28 пайыз­дан төменгісін алмай отыр. Ал біздің диқандар өсірген дәннің 15 пайызы ғана осындай сапаға ие. Не істеу керек?
Диқандар егістікті әртарап­тан­дыру ісіне мықтап кірісті. Дақыл­дың бір емес, бірнеше түрін еккен пайдалы екенін ұқты. Мысалы, өт­кен жылы майлы дақылдардың ба­ғасы бидайға қарағанда төрт-бес есе қымбат болған. Сондықтан да болар, биыл күнбағыс, рапс, зы­ғыр тұқымдарын салушылар күрт көбейді.
Ел бойынша алдағы күзде диқандар бұрын-соңды болмаған – 1,7 миллион гектар жерден осындай дақылдарды оруды жоспарлап отыр. Ауыл шаруа­шылығы мамандарының айтуынша, биыл­ғыдай қуаңшылық болған жылы майлы дақылдардың бағасы одан да жоғары болады деп күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов, Тайынша аудандарында егіс­тіктің осы саласына мықтап ден қойылды. Бірнеше ірі компания егіс алқаптарын ұлғайтып қана қоймай, майлы дақыл­дарды өңдейтін кәсіпорындар салуға кіріскен. Дегенмен ауыл шаруа­шылығы басқар­масының мәліметінше, майлы дақылдарды өңдейтін ірі кәсіпорындар өте аз, тіпті саусақпен санауға болады. Сондықтан да серік­тестіктер өсірген өнімінің басым бөлігін экспортқа жөнелтеді екен. Алайда пайданы ғана көздеп, сыртқа жөнелте бермей, өзімізде өңдеу қарапайым тұ­тынушы үшін маңызды екенін ескерген жөн. Сонда ғана дүкен сөрелерінде самсап тұрған шетелдерде өндірілген күнбағыс майларының орнын өзіміздің өнім ауыстырар еді.
Қуандық ТІНЕЕВ, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары:
– Солтүстік облыстар, негізінен, бидай өсірумен шұғылданады. Соңғы жылдары шаруашылықтар егістік алқапты дивер­сификациялауды мықтап қолға алғанын аңғарамыз. Мысалы, былтыр бар-жоғы 200 мың гектарға күнбағыс, рапс сияқты дақылдар орналастырылса, биыл осы мақсатта игерілген жер көлемі екі есе артып отыр. Осы күзде 435 мың гектарды оруға кірісеміз. Диқандардың өздері нарыққа бейімделіп келеді.

Сергей КЛИМЕНКО, шаруа қожалығының басшысы:
– Астықтың бағасы тұрақты емес. Бір жылы көтерілсе, екінші жылы күрт түседі. Баға болмаған жылы қарызға белшеден батамыз. Осы себепті, егіс алқабын әртараптандыруға көштік. Биыл бір мың гектар алқапқа зығыр тұқымын септім. Бұрын айналыспаған кәсібім. Дәнді дақылдар да, майлы дақылдар да, негізінен, бірдей техникамен өңделеді, тек кейбір агрегаттарын ғана ауыстыру қажет. Яғни жаңа техникалар сатып алып, шығындалудың да қажеті жоқ.

Статистика:
Ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша жаздық дәнді дақылдар биыл 16,4 млн га алқапта себілді, бұл өткен жылғыдан 315,2 мың гектарға кем. Бұл ретте бидай
14,2 млн гектар алқапта орналастырылды, бұл өткен жылғыдан 80,5 мың гектарға кем.
Майлы дақылдар 1720,5 мың га алқапқа себілді, бұл 2009 жылдың деңгейінен 535,1 мың га артық, тиісінше, күнбағыс – 878,9 мың га және 156,7 мың га, қытай бұршақ – 58,4 мың га және 5,4 мың га, рапс – 359,3 мың га және 164,2 мың га, мақсары - 174,4 мың га және
22,5 мың гектарға көп.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста