Конструкторлық бюролар қажет...

Машина жасауды дамыту бағдарламасы аясында елімізде конструкторлық бюролар құрған абзал. «Мұндай бюролар елдегі машина жасау үрдісіне серпін бермек» дейді осы саланың басы-қасында жүрген сарапшылар.
Қазірде машина жасауға байланысты Өскемен, Петропавл, Астана қала­лары бюро құруға лайық деп танылып отыр. Алдағы уақытта атал­мыш қала­ларда төрт конструк­торлық бюро ашылып, мұнда арна­йы мамандардың жұмыс істеуіне жағдай жасалмақ.
Жалпы, Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше, мем­ле­кеттік қолдаудың жүйелі ат­қа­рылуы арқа­сында 2011 жылғы 11 ай­да Қа­зақ­стан­ның ма­шина жасау сала­сын­дағы өнім өндіру көлемі 447 млрд тең­геге жетті. Бұл – 2010 жыл­дың 11 айы­мен салыстыр­ғанда 137,9 па­йыз­ға өсім беріп отырған көр­сеткіш.
Жалпы, машина жасауды дамыту индустриялық бағдарлама­сына сәйкес, еліміз 2014 жылға дейін 59 жобаны іске асыруы керек. Бұл жо­балардың са­пында инвестиция көле­мі 2,3 млрд теңгені құрайтын, қуат­тылығы жылына 50-60 кеме шығаратын Баутина кентіндегі кіші кеме шығару зауыты да енгізілген... Міне, осындай нақты жобалар жоспарда бар екенін ескерген отандық машина жасау саласының мамандары аталмыш жоба­лардың іске асуы үшін алдымен елде конс­трук­торлық бюролар ашу керектігін баса ескертіп отыр. Бұл ретте мамандар: «Егер бола­шақта елдегі машина жасау зауыт­тарының қасынан арнайы маман­дан­дырылған кон­струк­тор­лық бюролар ашылып, он­дағы бі­лікті мамандар зауыт жұ­мысшы­ларымен тәжірибе алмасып, көлік жасаудың қыр-сырын бірге зерттеп, талдап отырса, бұл істің ауыртпалығы жеңілдей түседі», – деседі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста