Кейбіреулердің «салық – қарыз, төлеу – парыз» екенін естен шығарып ала беретіні өкінішті.
Жамбыл облысы бойынша жыл басынан бері салық төлеуден жалтарғандарға қатысты 22 қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген шығын көлемі 255 миллион теңгені құрайды. Оның жартысы ғана мемлекетке қайтарылған. Байзақ ауданындағы «Бірлік» шаруа қожалығының басшысы А.Рахметиллаев салыққа қарыз 1 миллион теңгесін төлемеген. Шу ауданындағы «Сарвар» шаруа қожалығының басшысы Б.Алиев декларация толтыру кезінде табыс көзін жасырып, 12 миллион салықтан жалтарған. Ал «Ақбөкен-Тараз» ЖШС-нің директоры В.Кимнің заңды айналып өтем деген айла-шарғысы іске аспады. Ол 90 миллион теңге төлеуден жалтарған. «Тараз – Спецконтракт» ЖШС-нің директоры Б.Рамазанов екі жыл ішінде салық декларациясын толтыру кезінде 128 миллион теңге салықтан жалтарған. Осыған орай, үш жылға бас бостандығынан айырылды.