Киізден киім киген

©Самал Абрахманова фотолар

Әсел Ақтөбе облысының Қандағаш қаласында туып өскен. Орта мектепті тәмамдаған соң, Алматыдағы технологиялық университетіндегі жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрылысы мамандығын меңгерген. 2010 жылы осы оқу орнының дипломына ие болып қана қоймай, халықаралық «Fashion House International 2010» байқауында бақ сынап, арнайы дипломмен марапатталды. Келесі жылы халықаралық «Сібір кутюрьесі» сайысының «Этно стиліндегі костюм» аталымының жеңімпазы болса, 2012 жылы «Дизайн-дебют-2012» жаһандық жарысының жүлдегері атағына қол жеткізді. Кәдімгі киізден киім тігіп, оны сәнге айналдыра білген Әсел ұлтымыздың төл өнерін жаңғыртумен қатар, оны кәсіпке айналдырып отырған хас шебердің өзі.

Әсел ХАЙРУЛЛА, шебер:
–Іс тігу өнерін анамнан үйрендім. Кішкентай күнімнен анамның қолынан шыққан әр бұйымға қызыға қарап, көңіліме түйіп өстім. Бір кездері бала көңілімде арман болған өнердің бүгінде нәтижелі, жемісті еңбекке айналып отырғаны менің табандылығым мен еңбекқорлығымның арқасы деп айта аламын. Әсіресе «Киіз технологиясын қолданып, жастар комплектілерінің коллекциясын жетілдіру» тақырыбына жазған дипломдық жұмысым менің осы өнерге деген құлшынысымды аша түсті. Өйткені киізден киім тігудің технологиясы мүлдем бөлек. Яғни киім әдеттегідей пішіліп, тігілмейді. Киізге тігіс те түспейді. Бір-біріне беттестіргенде жүнді сабындап жапсырамыз. Бар құпия осы жерде. Тек қолың епті болса болғаны. Тағы бір айтарым, киізбен жұмыс жасау қазаққа таңсық іс емес. Оны пайдаланып, тіккен киімдеріммен өнерге жаңалық әкелдім деп айта алмаймын. Себебі ертеде оны кеңінен пайдаланған. Киізден жасалған киім жылы әрі ыңғайлы болады. Сонымен қатар емдік қасиетке де ие. Оны жылдың кез келген мезгілінде киюге болады. Тек әр мезгілге лайықтап жасай білу керек. Киізге оралған қазақтың алты қанатты ағаш үйлерінің іші аптап ыстықта да салқын болып тұрған. Сондықтан киізді тек пайдаланы білу керек. Өзі синтетикалық қоспасыз жүз пайызға табиғи өнім. Тек біз өз өніміміздің бағасын түсіне алмай келеміз.

Шебер қыз бүгінде қыз келіншектерге арналған түрлі бұйымдар тігіп жүр. Көйлек, сөмке, жеңіл кастюм, күзгі пальто, жемпір мен белдемшенің сән түрі бар. Бір көйлектің салмағы бар-жоғы 200-400 грамм ғана. Бағалары да онша қымбат емес. Мәселен, сәнді көйлектердің ең қымбаты 30000 т. Ал кеудеше 16 000 тұрады. Үйге киетін сүйретпелерді 2000 теңгеге алуға болады. Қыздардың шашқа тағатын бұйымдары да қолжетімді бағада.


Қолөнер дамымай жатыр
Гауһар Жалашева да киізден киім жасаудың шебері. Оның қолөнердің бұл түрімен айналысқанына төрт жыл ғана толған. Алғашында кәсібін шытыра моншақтармен кестелеуден бастапты. Қызығушылығы артқан шебер кейін келе сүйікті ісінің аумағын кеңейткенін айтады. Бірақ негізгі қызметі оның бұл кәсіппен түпкілікті айналысуына қолбайлау болып отырған көрінеді. Алайда жанына жақын кәсіпті дөңгелетіп әкетуге ниеті де жоқ емес.


Гауһар ЖАЛАШЕВА, шебер:
–Тұрақты түрде айналысуға болады. Бірақ жүннен жасалған бұйымдарға сұраныс өте аз. Әрі Ақтөбеде шикізат қымбат. Грамы 800-1000 теңге шамасында. Сондықтан Алматыдан арнайы тапсырыспен алдырамыз. Ол жақта бағасы арзандау. Ал ақтөбеліктер қолдан жасалған тауарларды тым арзан бағалайды. Материалдың қымбат екенін біле бермегендіктен болар. Оның үстіне көз майыңды тауысып, кем дегенде бір киім тігуге бес-алты сағат жұмсайсың. Көбіне бір-бірінен көріп тапсырыс береді. Тапсырыс берушілердің қалауы әр түрлі. Аяқ киімдерді көбіне үлкен әжелер мен балаларға арнап тігемін. Кебістер басқа  бұйымдарға қарағанда жүнді көп қажет етеді. Мәселен бас киім мен мойынорағышқа жүн үш қабатталып басылады. Кеудешеге төрт қабат. Ал аяқ киімге жеті-сегіз рет жүн қатталады.

Гауһар сұраныс болса, бұйым түрлерін көбейтуге болатынын айтады. Киімдер ғана емес, жүннен картиналарды да көрмеге ұсынып жүр. Жасалған картинасын қоятын жиектемелер де біраз қаржы тұрады. Әйтпесе, картиналарға сұраныс көп,  өтімді тауар дейді шебер.
Киізден тіккен бұйымдарға сұраныстың бар екенін ескерсек, Қазақстанда жүн өңдейтін цехтар ашатын кез келгенін ұғуға болады. Егер тәуекел ететін кәсіпкерлер қатары көбейсе, шикәзат таба алмай қаламыз деп қорықпаса да болады. Өйткені ауыл тұрғындары қой-ешкілерінің жүндерін далаға лақтырып жатыр. Ал  қолөнермен айналысып жүрген отандастарымыз өзіміздегі тегін тауарды Германия, Ресей сынды елдерден сатып алып, пайдалануға мәжбүр. Қазақы қойлардың жүні мүлдем жарамайды дегенді айтады шеберлер. Оларды өңдеу, өзге реңкке енгізу әзірге өз елімізде мүмкін болмай отыр. Әрі өңделмеген жүн өнімдерінің аллергиялық сипаты басым болатын көрінеді. Елімізде өңделетін жүндердің түсі қара. Біздің тауарға сұраныс берушілердің көбі қызыл, ақ сынды жарық түстерді таңдайды. Қазір менің өзімде 40 түсті жүн қоры бар. Көтерме бағамен 100 мың теңгеге келгенінше әр түстен әр мөлшерде алдырып қойып тұрамын, - дейді Гауһар шебер. 
Гауһар сондай-ақ монша мен  сауналарға арналған бас киімдердің де жоғары сұранысқа ие екенін айтады. Айтуынша, жүннен басылған бас киімдердің монша кезінде ыстық буды жаны сүйгіштер үшін пайдасы көп. Бағасы 1500 теңгеден аспайды. Бас киімдердің қасына кілемше де жасап береді. Жинақтың жалпы сомасы 4 мыңға шығады.
–Жүннен бұдан өзге де көптеген киім түрлерін басып шығарғым келеді. Дамытқан жақсы ғой. Қыздар мен келіншектер пальтоға да тапсырыс беріп жүр. Бірақ ол үшін ауқымды орын керек. Негізі шеберхананың болғаны жақсы еді. Аядай бөлмеде мұндай кәсіппен айналыса алмайсың ғой, – деп бас қатырып жүрген негізгі мәселесін де айтып қалды.
Гауһар Жалашева Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі. Ол аталмыш оқы орнында өзі айналысатын қолөнер түрінен үйірме де жүргізеді. Бос уақыты бар оқытушылар да бұл істі үйренуге уақыт табады. Десе де, өңірімізде қолөнердің дамуы кенжелеу екенін айтады шебер.
–Бізде бұл өнерге қызығушылық өте төмен. Ресей мен өзге шетел мемлекеттерінде бұл сала қатты дамыған. Тольятиде өткен жылы хендмейд стиліндегі көрмеге біздің облыстан 15 қолөнерші қатысып қайттық. Ал Тольятидің өзінен 500-дей адам қатысты. Осыған қарап-ақ,біздің деңгейіміздің төмен екенін байқауға болады. Талаптанушыларға бір кісідей үйретіп жүрміз. Ресейде аты шыққан қолөнершілер шеберлік класстары ақылы адам басына 5 мың теңгеге жүргізеді. Біздің адамдар 2 мың теңгені табуға қиналып жүр. Кез-келген адам өзіне қажет киімді жасап әкетуге болады. Бір көргеннен үйреніп алу аздық ететін шығар. Алайда бос уақыттарын осындай пайдалы істермен өткізсе, одан ешкім жамандық көрмес еді, – дейді Гауһар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста