Ипотека бойынша салық шегерімдері: оны қалай аламыз?

Ай сайын ипотека төлеп отырғандардың бірі білсе, бірі білмейтін дүние бар. Ипотека бойынша ай сайынғы төлемнің сыйақы шығыстарына салықтық шегерімдер қолдануға болады. Демек, үнемдейсіз деген сөз. Оған қалай қол жеткізе аламыз? Бірге танысып шығайық.

Ипотекалық салық шегерімдері дегеніміз не?
Біле білсеңіз, кез-келген жұмыс істейтін ел азаматы өз жалақысынан зейнетақы жарналарын және жеке табыс салығын төлеп жүр. Ал 2021 жылдан бастап Салық кодексіне сәйкес жеке тұлға банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы төлеу шығыстарына салық шегерімін қолдана алады. Бұл дегеніміз, мысалы егер сіз танымал «7-20-25» немесе «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары арқылы несие алсаңыз, ай сайынғы төлем ішіндегі сыйақы сомасы сіздің жеке табыс салығыңыздан шегеріліп отырылады. Одан қандай пайда бар? Есептеп көрейік.

Мысалы, сіздің жалақыңыз 300 000 теңгені құрайды дейік.
Одан алынатын зейнатақы жарнасын есептейік: 300 000 * 10% = 30 000 теңге.
Ал сізден алынатын жеке табыс салығы былай есептелінеді: (Жалақы &ndash зейнетақы жарнасы &ndash 1 төменгі айлық көрсеткіш) * 10%. Тиісінше ол (300 000 &ndash 30 000 &ndash 42 500) * 10% = 22 750 теңге.

Сонда 300 мың теңге айлығыңыз болса, сіз 22 750 теңге салық төлейсіз, ал қолыңызға тиетіні 247 250 теңге.

Енді, егер сіз ай сайын ипотека төлеп отырсаңыз, салық шегерімдері арқылы қандай сома үнемдейтініңізді есептеп көрейік.

Мысалы, сіз «Баспана Хит» бағдарламасы арқылы пәтер сатып алдыңыз дейік.
Пәтердің құны &mdash 12 000 000 теңге
Алғашқы жарна &mdash 20% &mdash 2 400 000 теңге
Несие мерзімі &mdash 15 жыл.

Бағдарламаның ипотекалық калькуляторымен есептеп, бұл жағдайда ай сайынғы ипотекалық төлемнің 107 311 теңге шығатынын біліп аламыз. Төлемнің ішінде банк пайыздары басында 85 600 теңгені құрап, ай сайын 200 теңгеге азая береді.

Енді салық шегерімін іске қоссақ, қанша сома үнемдейтінімізді анықтайықшы.

Мына формуланы іске қосамыз. (Жалақы &ndash зейнатақы жарнасы &ndash 1 төменгі айлық көрсеткіш &mdash ай сайынғы ипотекалық төлемнің ішіндегі банк сыйақысы) * 10%, демек (300 000 &ndash 30 000 &ndash 42 500 &ndash 85 600) * 10% = 14 190 теңге. Бұл біз төлейтін жеке табыс салығы. Оның алдындағы салыққа қарағанда 8 560 теңгеге аз.

Сонымен, егер ипотекалық шегерімдерді іске қоссақ, онда несие төлеудің бірінші айында біз 8 560 теңге үнемдейміз. Ал ай сайын банк сыйақысы 200 теңгеге азайып отыратынын ескерсек, біздің үнемдеуіміз де ай сайын шамамен 20 теңгеге қысқарып отырады.

Ипотекалық несие бойынша шегерім алу үшін не істеу керек?
Сіз өзіңіз жұмыс істейтін мекеменің бухгалтеріне барып, ипотекалық несиенің бар екенін растайтын құжаттар: тұрғын үй ипотекалық несиесі туралы шарт пен қарызды өтеу кестесін ұсынып, шегерімге өтініш жазуыңыз қажет.

Бір ескерткім келгені, мақаладағы есеп-қисап шамалас жасалған. Әр адамның қарызы әртүрлі болғандықтан, нақты үнем сомасын тек бухгалтериядағы мамандар есептей алады. Бірақ сіз мен  келтірілген мысалға сүйене отырып, қанша сома үнемдейтініңізді шамалап есептей аласыз.

ipotekablogkz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста