Гуманитарлық ғылымның мәселесі қайтсе шешімін табады?

Ғылым қанша қарыштап дамыған сайын оның күрмеуі шешілмей жатқан мәселелері де азаймайды, керісінше, молая түспек. Соның ішінде ғылымның әлеуметтік және гуманитарлық бағытында проблемаларды шешу үшін оқымысты-ғалымдар алдында зор міндет пен үлкен жауапкершілік тұр. Осыған орай кеше Астанадағы Еуразия гуманитарлық институтында гуманитарлық ғылым мәселелері талқыға салынған республикалық ғылыми-конференция өткен болатын.
Астана, Алматы, Қостанай, Семей, Тараз, Қызылорда, Павлодар, Қара­ған­ды, Петропавл қалаларынан келген ғалым­дармен бірге аталмыш басқосуға Киевтен келген арнайы делегация қатысты. Шараны ұйымдастырудағы бас­ты мұрат әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдағы педагогика, психология, философия, филология, экономика пен құқықтанудағы өзекті мәселелерді талдау болып отыр. «Білім берудің басты бағытының бірі рухани дамыту, мәдени әлемге ықпал ететін гуманитарлық сала­ны ілгерілету. Шындығында, Қазақстан өз алдына дербес ел болғалы мемле­кет­тік сабақтастықтың дәстүрін негіздеп, ел тұтастығын сақтау мен қоғамның тұрақты болуына гуманитарлық ғылымның қосқан үлесі зор», – дейді институт рек­торы Аманкелді Құсайынов.
Конференция барысында сөз болған басты мәселенің бірі – білім беру мен ғылымды дамыту, маман даярлау және қайта оқытудағы басымдықтарды анық­тауда технологиялық көзқарастың кеңі­нен етек алуы. Бұл да төтеден туып отыр­ған дүние емес. Себебі білім беру саласы көп жағдайда ақпараттық технологияны жетік меңгеріп, алайда гуманитарлық саладан мақұрым қалған маман-техно­логтарды дайындауға бағытталуда. Ал мамандар мұның салдары араға уақыт салып кері әсерін тигізетінін айтып алаң­дайды. «Өйткені техникалық прогресс адам­гершілік, мәдени және рухани құл­ды­рауға әкеледі» дейді шараға қатысқан ғалымдар.
Жиын барысында қазіргі гума­ни­тар­лық ғылымдағы мәселелер терең тек­шеліп, бірқатар ұсыныстар жасалған еді. Атап айтқанда, алқалы отырыс алты бағытта түрлі-түрлі ұсынысты әзірлеп шықты. Енді оны іске асыру алдағы күн­нің еншісінде болмақ. Ұсынысқа келсек, әуелі ұлттық білім беру жүйесін отандық және әлемдік классикалық оқытудың дәстүрлерін жетілдірудің қажеттілігі айтылады. Оқу орындарының бәсе­ке­лес­тігін арттыруға, экономиканың тұрақ­ты өсуі жолында баршаны оқыту арқылы білім беру жүйесін жетілдіруді жал­ғас­тыруға маңыз берілуі де ескерілмек. Сонымен қатар еңбек нарығының сұранысын, ел дамуының индустриалды-инновациялық міндеттерін жетілдіре отырып, білім сапасындағы жоғары деңгейге қол жеткізудің мүмкіндігі де зор болатынға ұқсайды. «Студенттердің өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігін қалыптастыра отырып, білім беру жүйе­сінің дамуына ықпал ету. Қазақстанның жоғарғы мектептерін еуропалық білім беру жүйесінде Болон үдерісінің міндетті өлшемдерін енгізу жұмыстарын жалғас­тыру. Және білім ошақтарында үш тілдің өміршеңдігін арттырып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің практикалық курс­та­ры бойынша жаңа құралдар жазуды қамтамасыз ету қарастырылуы шарт» делінген ғалымдар басқосуынан туындаған ұсыныстарда.
Аманкелді ҚҰСАЙЫНОВ, Еуразия гума­нитарлық институтының ректоры:
– Егемен елдің бүгінгі жетістігі жо­лында пәрменді де белсенді қоғам­танушылар тобын құру мен оны іске жұмылдыру, қоғам санасын қалып­тастырудың жаңа тұжырымдамасын жасау, гуманитарлық зерттеу бағытын айқындап, өлшемдер әдіснамасының негіздерін жасау аса маңызды дүние ретіне саналады. Расында, әлеуметтік гуманитарлық ғылымдардың бағы­тын қарап, оның сұранысын айқын­дау – бұл өзекті мәселе. Ең алдымен, гу­ма­нитарлық ғылымның өзі көп қыр­лы әрі мұнда қарама-қайшы­лық­тың көп екені мәлім. Екіншіден, ғылым мен білімдегі даму үдерісін жалпы ғана сипаттап шығуға болады. Сондықтан оның көптеген қыры бізге беймәлім.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, филология ғылымының докторы:
– Қазіргі уақытта гуманитарлық ғылым­ның мәселесі ұшан-теңіз. Соның ішінде ең маңыздысы «біз оқытуда кімдерді маман етіп дайын­даймыз» деген мәселе. Бұрын ғылым­ның ең биік шыңы профессор болатын. Қазір түрлі құрылымдар мен мемлекеттік жүйелер өзгеріп жатқанда біз Болон үдерісіне ендік. Содан кейін «PhD докторы» деген шығып отыр. Қазір оны алу сон­шалықты қиын шаруа емес. Егер әрбір бала екі жыл магистратура оқып, үш жылда докторантураны тәмам­дап шығып біліктілікті ала беретін болса, ол ғылымның үлкен мақсаты қандай болмақ? Қазір Еуропаның ғылыми ордалары да, ғалымдары да осыған қатысты қатты толғанып жатыр. Біздің ең соңғы нәтижеміз не болады? Сол мемле­кетке қызмет ететін білікті адам болу керектігін барлығы түсінеді. Ал біліктілік деген өлшем не? Біліктілікті бұрынғы ғылыми өлшеммен алып қарасақ, ол үлкен тұжырымдамалық жаңалық ашуы тиіс. Кеңес заманында осы жағы қатал болды да, осылай міндеттелетін еді. Қазір белгілі бір бағытта ғылыми нәтижелер көрсеткен белгілі бір шарттылықты орында­ған­дар ғана ғалым делінеді. Қайшылық та жетіп-артылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста