Энергетикалық дағдарысты қалай жеңемiз?

Күнi кеше Финляндияға сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сол елдiң басшысы Тарье Халоненмен кездесуiнде энергетикалық қауiпсiздiк мәселелерiн баса сөз еттi. Бұл 24 наурыз күнi едi.
.Ал 25 наурыз күнi Үкiмет басшысы Кәрiм Мәсiмов Кореяның энергетика саласында жүрген мамандарымен ресми кездесу өткiзiп, екi ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты нығайта түсуге шақырды.
.Осыдан соң отандық сарапшылар «қазiр Қазақстанда 70,7 млрд кВт электр қуаты өндiрiледi, 2010 жылға дейiн бұл көрсеткiштi 74 млрд кВт-қа жеткiзбесек, екi жылдың iшiнде энергетикалық дағдарысқа ұшырауымыз мүмкiн» деген деректердiң шетiн қылтитты.
Бұл – осы саланы зерттеп жүрген мамандардың түйген ойы. Мамандардың пайымдауынша, болашақта бiз ертерек қамданбасақ, энергетикалық дағдарысқа ұшырауымыз мүмкiн.

БАҒЫТ ПЕН БАҒДАР
Негiзiнде, осы уақытқа дейiн тұтынушыларды электр қуатымен толық қамтамасыз ету мақсатында мемлекетiмiз бiраз iстердiң басын қайырды. «Электр энергетикасы туралы» заңға өзгертулер енгiзiп, өңiрлiк электржелiлiк компаниялардың (ӨЭК) құрамындағы энергиямен жабдықтау функциясын құрып, энергиялық жабдықтау ұйымдарына 500-ден астам лицензия да берiлген. Десек те, бұл жабдықтаушы ұйымдар бiр-бiрiмен жарысқа түсiп, бәсекеге қабiлеттi бөлшек нарығын құра алмады. Мұндайда бұл саланың шаруасын дөңгелетiп отырған көршiлес Тәжiкстан, Өзбекстан елдерi көз қызықтырады. Тәжiкстан мен Өзбекстанның энергетика саласындағы ұстанған бағыты, бiздiң елге қарағанда, әлдеқайда жоғары. Бiраз мемлекеттер бұл екi елдiң гидроэнергетикалық ауқымына көз тiгiп, аңысын аңдып отырған жайы бар. Осыдан кейiн «отандық кәсiпкерлерiмiз неге шетелдiк энергетика нарығына инвестиция салуға ұмтылмайды» деген ой туады. Энергетикалық әлеуетi мықты аймаққа ГЭС құрылысын салу қазақстандықтардың еншiсiне тиетiн болса, өндiрiлген электр энергиясын Қазақстанға импорттауға жол ашылар ма едi? Бұл төңiректе Үкiмет басшысының өзi «шама-шарқымыз жеткенше өзге елдермен энергетикалық ынтымақтастық орнатуымыз қажет» дегенi есте. Тiптi, бұл жөнiнде арнайы жобалар да жасалып, тиiстi орындарға мiндеттер де жүктелген.
НЕ IСТЕУ КЕРЕК?
Бұл сауалға экономика ғылымының докторы, профессор Үсен АМАНБАЕВ:
– Елге, шынымен де, энергетикалық дағдарыс келе жатыр. Сондықтан күнi ертең опық жеп қалмас үшiн шет мемлекеттермен энергетикалық байланыс орнату – өте орынды ұсыныс. Өз басым «тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз етудiң бiр жолы – осы» деп түсiнемiн. Қазiр бiз елдегi энергетикалық зәрулiктi жою үшiн АЭС салу бастамасын көтерiп жүрмiз. Бiрақ бұл екi-үш жылда сақадай сай дайын болатын дүние емес. АЭС – болашақтың еншiсiндегi жоба. Мамандар 2015 жылға дейiн АЭС құрылысын салып бiтiру қажеттiгiн жиi қаузап жүр. Бiзге ол құрылыс салынып бiткенше де жан бағу керек қой. Неше жыл қатарынан электр қуатының бағасын өсiрiп, тұтынушылардың қалтасына қол сұғып келдiк. Бұл әрекеттi жылда қайталаудан еш нәрсе өнбейдi. Ендi осындай саяси-экономикалық негiзi бар бағытқа бет бұрған жөн тәрiздi, – деп жауап бердi.
Ал Гидрогеология және геофизика институтының директоры Тимур МАХМҰТОВ:
– Бiздiң уранымыз жеткiлiктi. Қазақстан өзге елдi шикi уранмен жарылқап болды. Ендi соны неге өзiмiзде өңдеуге талпынбаймыз? Жалпы, атом өндiрiсiндегi үдерiстердi меңгеру бiздi өркениеттiлiкке жетелейдi деген ойдамын. Негiзiнде, АЭС салуға және станса жұмысын одан әрi оңтайлы жалғастыруға Қазақстанның қауқары жетедi. Сондықтан өзге елге тәуелдi болғанша, өзiмiзде барды ұқсатқанды жөн санаймын. Тұтынушыларды электр қуатымен толық қамтамасыз етудiң төте жолы – осы, – деп ой түйiндейдi.
АЙТЫЛАР УӘЖ
Сөйтiп, мамандардың бiр парасы шетелдiк энергетика нарығына инвестиция салуға ұмтылу қажет десе, ендi бiрi отандық уранымыз арқылы энергетикалық әлеуетiмiздi жоғарылатқан жөн екенiн алға тартады. Қалай десек те, соңғы үш жыл iшiнде елде электр энергиясына тапшылық анық сезiле бастады. Қарапайым халық электр энергиясына төленетiн бағаның жыл сайын өсетiнiне қынжылады. Ал бұл құбылысқа монополистер әрқилы уәж айтудан әрi аса алмай отыр. Мәселен, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi мамандарының бағамдауынша, энергетика нарығындағы бағаның өсуiне жылу мен энергетикалық өнiмдi тасымалдайтын құрылымдардың тозығы жеткендiгi тiкелей әсер етуде.
«Елiмiздегi жылу құбырларының 60 пайызы – сонау кеңестiк дәуiрден келе жатқан қондырғылар. Кейбiр алыс аймақтық кәсiпорындарда бұл көрсеткiш 80 пайызға дейiн жеткен. Жарылған құбырды жамап-жасқауға кететiн шығын тұтынушының қалтасына түсуде. Егер жылу құбырларын алмастыру төлем құнының қымбаттағанындай жылдам жүрiп жатқан болса, онда тарифтi тежеуге болар едi», – дейдi аталмыш агенттiк мамандары.

Түйiн:
Бұл күнi бiз, 1993 жылмен салыстырғанда, электр қуатын үш есе аз пайдаланамыз. Соның өзiнде елде электр қуатының тапшылығы мықтап сезiлуде. Бiрақ осы уақытқа дейiн «энергетикалық дағдарыс орнауы мүмкiн-ау» деп бас қатырып көрмеппiз. Тек жыл басынан берi ғана белсенiп, «қалғып кеткен сананы оятқандай», осы iспен айналысып жатырмыз. Болашақта өндiрiс орындарының саны артатынын ескерсек, мамандардың «энергетикалық дағдарыс келе жатыр» деп дабыра салуында жан бар тәрiздi. Сондықтан бұл саланың жоқ-жiтiгiн түгендеуге осы бастан бiлек сыбана кiрiсiп кеткен жөн...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста