Елімізде жаңа үш банк пайда болуы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк құру үшін талаптарды жеңілдетуді көздеп отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Ол қандай талап?
Қазір жаңа банк құрылса, оған жұрттың депозитке салған ақшасын пайдалануға бір жыл тыйым салынады. Енді бұл ереже алынып тасталмақ.
Қазір заңға тиісті түзетулер әзірленді. Құжат ашық талқылауға шығарылған.
Егер ол қабылданып жатса, үш микроқаржы ұйымы екінші деңгейлі банкке айнала алады.
Олардың айналымында қаржы жеткілікті.
Жоспар бойынша екі банк жыл соңына дейін ал үшіншісі алдағы бірнеше жылда ашылуы мүмкін.