Дәрі-дәрмекті өзіміз шығарсақ, ұтылмаймыз

Шымкент химия-фармацевтикалық зауыты («Химфарм») – осы саладағы дүниежүзіндегі ең көне кәсіпорын. Оны  Иванов және Савинков деген көпестер 1882 жылы  салдырыпты. Алғашқы өнімі сантонин «әп» дегеннен әлемге тарап, сонысымен әйгіленген. Кеңес үкіметі орнаған соң, «Ф.Дзержинский атындағы №1 химия-фармацевтикалық зауыт» деп аталды. Мұндағы шикізат Ресей, Беларусь, Украина, Балтық жағалауы елдеріне және алыс шетелге жіберіліп, сол жақтарда дайын өнім болып шығатын. Содан болар, қазіргі «Химфармның» ғасырдан астам тарихынан қарапайым тұтынушы хабарсыз.

Тарих тұрмақ, бұл зауыттың қандай дәрі шығаратынын көпшілік те біле бермейді.  Оған, бір жағынан, жарнаманың жоқтығы кінәлі шығар. Дегенмен негізгі себеп – жұрттың шетелдік дәрілерге көбірек мойын бұратындығы. «Көршінің алмасы тәттірек» деген қағида дәл осы жерде мүлт кетпейді.  Мәселен, «шымкенттің аспиринінен ресейдікі жақсы», «болгар бронхолитині сапалырақ» дейтіндердің аузына қақпақ бола алмайсың. Ал зауыт қызметкерлері «болгар бронхолитині қазақстандық шикізаттан жасалған» деген уәж айтады. Оның үстіне отандық бронхолитиннің құрамында өзімізде өсетін табиғи эфедрин болса, шетелдікінде синтетикалық түрі пайдаланылады екен. Ол арзан болғанмен, сапасы төмен көрінеді. Сол секілді өзімізде шығатын барлық дәрі-дәрмекті осылайша қорғауға болар еді. Бірақ оған өндірушілерден өзге ешкім бас қатырмайды.

Қазір еліміздің фармацевтика өнеркәсібінде 79 кәсіпорын жұмыс істейді. Елдегі барлық шығарылатын дәрі-дәрмектің ақшаға шаққанда 90 пайызы – бес ірі зауыттың еншісінде. Отандық «Химфарм» АҚ, «СП Глобал Фарм», «Ромат», «Нобел АФФ», «Нұр-Май-Фарм» ЖШС, Қарағанды фармацевтика зауыты – өндірістің толық циклін жүзеге асыратын кәсіпорындар. Ал 15 жылдың ішінде отандық өндірушілердің нарықтағы үлесі 3 пайыздан 10 пайызға ғана көтерілген. Бүгінде еліміз дәрі-дәрмектермен өзін тек үштен бір бөлігінде ғана қамтамасыз етеді. Сондықтан шетелдікіне  әуес деп көпшілікке топырақ шашуға да болмайтын шығар.

Осы уақытқа дейін мемлекет жәрдем көрсетпесе, елімізде алып дәрі-дәрмек индустриясын құру мүмкін емес деп айтылып келді. Бұл бағытта ешқандай жұмыс жүргізілген жоқ деп ауызды қу шөппен сүртуге және болмас. Дегенмен Үкімет отандық дәрі-дәрмек өндірісін қолдауға шындап кіріспекші.
Ендігі міндет – өндірісті 2014 жылы 50 пайызға дейін жеткізу.

Серік СҰЛТАНОВ, «Қазақстан фарммединдустрия» қауымдастығының төрағасы:
– Біз өндіретін препараттардың халықтың сұранысына кеңінен ие және ең арзан екендігін естен шығармауымыз керек. Бұлар – бас ауруының, салқын тиюдің, жүрек ауруларының препараттары. Олар жаппай шығарылады әрі арзан, сондықтан ақшалай көріністе біздер небәрі 33 пайыз ғана өнім шығаратын болып отырмыз. 

Фармацевтика өндірісін дамыту мақсаттары – 2014 жылға қарай ішкі сұраныстың 50 пайызын отандық дәрі-дәрмек өндірушілер есебінен қамтамасыз ету; еліміздегі фармацевтикалық кәсіпорындарда GMP халықаралық стандарттарын 2014 жылдың соңына дейін енгізу; Астана және Шымкент қалаларында фармацевтика фабрикаларының құрылысы бойынша жобалар; ампула-инфузиондық ерітінділер мен антибиотиктерді шығару бойынша қолданыстағы өндірісті кеңейту; Астанада қан препараттарының өндірісі бойынша зауыт құрылысын салу және пайдалануға енгізу. Мемлекеттің есебінен жеті жылға арналған ұзақ мерзімді тапсырысты қамтамасыз ету инвесторларға сатуға және инвестицияларды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлер үшін 8-10 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген ұзақ мерзімді несиелерді беру қарастырылады. Халықаралық GMP стандарты бойынша жұмыс істей алатын мамандармен қамтамасыз ету жағы да ұмыт қалмайды. Бұл жерде де мемлекет ресурстары іске қосылмақ.

Сонымен қоса ішкі нарықты контрабандалық және контрафактілік тауарлардан қорғау қажет. Өйткені сапасыз дәрі-дәрмекке біздің есігіміз айқара ашық, ал ол көбіне терістік жақтан келеді. «Ресей өзінде іске алғысыз еткен дәрілерді бізге жібереді» деген сөз баяғыдан айтылып жүр. 

Егер ДСҰ-ға кірген кезде бізде күшті өндіріс болмаса, бұл сала бәсекеге төтеп бере алмайды, онда импортқа тәуелді болғанымыз. Үкімет осыны да ескерген болар. Жалпы мамандардың айтуынша, фармацевтика – ең тиімді бизнес. Өзі шағын, сақталу мерзімі ұзақ, өтімді, ең бастысы,  қосымша құны жоғары тауар, яғни қымбат. Қайткенде де, ұтылмаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста