Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – акционерлер үшін пайданы барынша арттыру ма?

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және кіші және орта бизнестегі қайырымдылық

Шағын және орта бизнестің қайырымдылық шараларына қатысуының себептері мен кедергілері қандай? Бизнес өкілдерінің қайырымдылық жасау себептері бірнеше теорияларға негізделеді. Мемлекеттік қаржыландырудың жетіспеушілігі байқалатын қалалар мен елді мекендерде жергілікті қауымдастықты бизнес өкілдері көмегімен әлеуметтік қолдау өте маңызды.
Шағын және орта бизнестің қайырымдылығының қалыптасуы мен дамуына үш сала әсер етеді: бизнес, жергілікті қауымдастық, жергілікті билік органдары. Сондықтан, екі топтық сұраққа жауап іздейміз: Бизнес пен жергілікті қауымдастық қарым-қатынасы: не себепті бизнес жергілікті қауымдыстықты қолдауға қатысады/қатыспайды? Қолдау қандай формаларда жүзеге асады? Бизнес пен жергілікті бизнес органдары арасындағы қарым-қатынас: не себепті бизнес биліктің өтініші бойынша қайырымдылық акцияларына қатысады/қатыспайды?

Қайырымдылық шараларына жауап ретінде бизнес биліктен не күтеді?
Бизнес қайырымдылығы: теориялар
Неоклассикалық теория, мүдделі тараптардың теориясы
Неоклассикалық экономикалық теория жақтаушыларының пайымдауынша, егер фирма ұзақ мерзімді перспективада әрекет етсе, өз пайдалылығын арттырса, салық төлесе барлық мүдделі тараптар пайда көреді. Бұл пікір М. Фридманның мәлімдемесінен белгілі: бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – акционерлер үшін пайданы барынша арттыру. Кейінен теория тағы да толықтырылды. Компания акционерлерінен бөлек, басқа да мүдделі тараптарды қосу көзделді: жұмыскерлер, жергілікті қауымдастық, билік. Қосымша агенттерді қосу, тек олардың қызығушылақтары ұйымның пайдасын ұзақ мерзімді перспективада жоғарылататын болса ғана дұрыс деп саналды. Әлеуметтік инвестициялар компания беделін арттырады; ұйым өзіне білікті қызметкерлерді тартады. Бұл тәсіл мүдделі тараптардың теориясы деп аталады.

Сыни теория

Сыни теория бойынша корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және бизнес қайырымдылығы бизнес және мүдделі тараптардың ұзақ мерзімді перспективада пайда табудың идеологиялық құралы болып табылады. Қоғамдағы өмірге көмектесе отырып, компания өз беделін жақсартуды ойлайды. Мысалы: темекі өнімдерін шығаратын компаниялар өздерінің филантропиялық белсенділігін арттырудың орнына, филантропиялық бастамалар көбірек жасайды немесе компания өз тауарларының экологиялық тазалығын алға салып «жасыл» компания ретінде жұмыс жасаймыз дейді. Алайда, корпорациялар бизнес-процестердің экологиялық көрсеткіштерін жақсарту үшін түбегейлі әрекеттерді жүзеге асырмайды (феномен greenwashing – «жасыл» камуфляж).

Ынтымақтастық теориясы

Сыни теорияда жеке мүдделерге қол жеткізу үшін бизнесте қолданылатын идеология ретінде түсіндірілсе, ынтымақтастық теориясында жергілікті қауымдастықтың тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында бизнестің жеке мүдделерін шектеуге мүмкіндік беретін қызмет түсіндіріледі. Бизнес қайырымдылық шараларын тек өзінің жеке қызығушылығына байланысты жүзеге асырады.
Кәсіпкердің қайырымдылық көмек көрсету ниеті өзінің туған қаласына деген өзіндік сезімімен және жергілікті қоғамдастықпен ынтымақтастығымен түсіндіріледі. Жеке қайырымдылықты көрсету арқылы кәсіпкерлер «коммуналдық» әлемнің логикасында әрекет етіп, жергілікті қоғамдастық тарапынан «жақсы кәсіпкер», «жақсы көрші», «сенімді дос» рөлін атқарады.

Артықшылықтар үшін өкілеттіліктермен алмасу

Сыни теория да, ынтымақтастық теориясы да үшінші тарап – жергілікті биліктің ықпалын қарастырмайды. Бизнес пен биліктің қарым-қатынасы негізінде жұмыс жасайтын қайырымдылық институтын толық түсіну үшін М. Веберге жүгінеміз. Күшке негізделген билік легитимді емес. Қайырымдылықтың болуы немесе болмауын түсіндіру үшін пайдаланылатын «патриархалдық билік» ұғымы қолданылуы қажет деп есептейді. Қайырымдылықты жүзеге асыруда билік пен бизнестің қарым-қатынасында үстемдік логикасы қолданылуы мүмкін. Бизнестің қайырымдылық қызметі бизнес пен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынас, яғни артықшылықтар үшін өкілеттіліктермен алмасу теориясы арқылы түсіндіріледі.
Сыни анализ логикасында компания қайырымдылық жасау арқылы халық арасында жақсы имидж қалыптастырып, өз жеке мүдделеріне ұмтылады. Алайда, шағын қалада осылайша имидж жасау стратегиясы күмәнді. Себебі тығыз әлеуметтік байланыстар жағдайында, кәсіпорындар туралы нақты ақпараттар бүкіл қоғамға белгілі болады. Ынтымақтастық теориясы бойынша, кәсіпкерлер өз қаласы мен жергілікті қауымдастыққа байланысты қайырымдылық шараларына қатысады. «Патриархалдық билік» теориясында қайырымдылық билік органдары мен бизнес суъектілерінің арасында орнатылған алмасу қатынастарынан туындайды. Егер жергілікті билік органдары бизнеске қажетті ресурстар бөлуден бас тартса, бизнес әлеуметтік аударымдар жасаудан бас тартады. Қайырымдылық жасау барысында шағын және орта бизнес субъектілері бизнес талаптарының және жергілікті қауымдастықпен ынтымақтастық проблемаларын шешеді. 

Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы,
Еділ Айжан.
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ
Қаржы және технология мектебі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста