Азық-түлік экспортында әлемдік бәсекеге дайынбыз ба?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бүгінде Жер тұрғындарының саны 6 миллиардтан асып жығылады. Осы 6 миллиардтың үстіндегі халықтың 1 миллиард 300 мыңы өлместің халін кешсе, 1 миллион кісі қоңыз теріп жейтіндей дәрежеде өмір сүруде. Технология мен адам мүмкіндігі дамыған ХХІ ғасырдың өзінде аштық пен жалаңаштықтың бұғауынан құтылмай келе жатқан елдер жетерлік. Мәселен, БҰҰ-ның дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы мен қызметкерлерінің дерек көздеріне сүйенсек, Африканың 240 миллиондай тұрғыны аштан өлудің алдында екен. Бұл дүниежүзінде азық-түлік мәселесінің ушығып тұрғандығын көрсетеді.

Әлемдік азық-түлік нарығы трансұлттық корпорациялардың бақылауында

Әлемдік ауыл шаруашылығы саласында шамамен 1,1 миллиард адам жұмыс істесе, оның 20 миллиондайы дамыған елдердің үлесінде. Осы 20 миллион адамнан тұратын дамыған елдердің ауыл шаруашылығы әлемдік азық-түлік нарығын қамтамасыз етуде айтарлықтай рөл атқарады. Олардың үлесіне әлемдік азық-түлік өндірісінің 66 пайызы, экспорттың 67 пайызы, импорттың 64 пайызы тиеді. Индустриясы өркендеген елдер әлемдік нарықтағы астықтың 75 пайызын, ет өнімдерінің 86 пайызын береді.

Бұл үрдіс 80-жылдары шапшаң дамып, бүгінде трансұлттық корпорациялардың саны 60 мыңға жетті. Аталмыш корпорациялар әлемдік өнеркәсіп өндірісінің жартысынан көбіне, ішкі сауданың 63 пайызына, жаңа техника мен технологияларға берілетін лицензиялар мен патенттердің басым бөлігіне, дүниежүзілік бидай нарығының 90 пайызына, кофе, жүгері, орман материалдары, темекі, темір рудасына, мыс пен бокситтің 85 пайызына, банан мен табиғи каучуктің, мұнай шикізатының 75 пайызына үстемдік етеді. Сондай-ақ трансұлттық корпорациялардың кейбірі жекелеген өнім түрлерінің нарығына айтарлықтай әсер етеді. Мәселен, аты әлемге әйгілі шетелдік «Тайсон Фудс» компаниясы дүниежүзілік ет нарығының 20 пайызына, ал «Каргилл», «Континент грейл», «Луи Дрейфус», «Бунге», «Андре-Гарнек» корпорациялары әлемдік астықтың көтерме саудасының жартысынан көбін бақылайды. Трансұлттық корпорациялар төрткүл дүниенің төрт бұрышын азықпен қамтамасыз ете алатындай алып материалдық-техникалық базаға ие. Мәселен, «Каргилл» корпорациясы 500 баржаға, 5000 теміржол вагонына, 17 мұхиттық лайнерге, бірнеше айлақтық астық сақтайтын элеваторлар жүйесіне ие. Бұл халықаралық азық-түлік саудасын жүргізуге мүмкіндік береді. Трансұлттық корпорациялар шетелдік тікелей инвестицияны жұмылдыра отырып, азық-түлік нарығындағы мемлекеттік реттеу бағыттарын тиімді таңдай алады.

Дамыған елдердің ұлттық азық-түлік нарығының тұрақтылығы әлемдік рынокпен салыстырғанда, мына жағдайлармен ерекшеленеді. Айталық, дамыған елдердің азық-түлік нарығы баға саясатын мемлекеттік реттеу арқылы жүзеге асырады. Ал мемлекеттік реттеудің мақсаты – азық-түлік нарығын тез тұрақсыздануға және бағаның құбылуына жол бермеу. Бұл үшін мемлекеттік органдар азық-түлік нарығында тауар және сатып алу операцияларымен қоса, өзге де механизмдерін іске қосады.

Биыл бауырсаққа тоямыз ба?

Дәл осы мемлекеттік реттеу механизмін Қазақстан 2007 жылдың аяғында елде азық-түлік бағасы қымбаттай бастаған тұста іске асырды. Отандық мемлекеттік реттеу механизмі тұрақтандыру қорларын құру арқылы көрініс берді.

Әйтсе де соған қарамастан, еліміздегі Астықты қайта өңдеушілер мен наубайшылар одағы жақында дөңгелек үстел өткізіп, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік реттеу тетігінің әлде де жеткіліксіздігін айтып отыр. Осы одақ президенті Евгений Ганның айтуынша, бүгінгі күні салаға мемлекеттік қолдау ауадай қажет.

Е.Ган: «2008 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан ұн экспорты бойынша бірінші орынға шыққанмен, бүгінгі күнгі сала жағдайы мәз емес. Республикадағы астық бағасының жоғары болуы соңғы уақытта біздің өндірушілеріміз шығарған ұн бағасын бәсекеге қабілетсіз етіп тастады. Ресей мен қазақстандық ұнның тоннасының баға айырмашылығы 50-70 $-ға дейін жетеді, сондықтан да отандық өнімнің сапасы қанша жақсы болғанмен, кәсіпкер ресейлік ұнға бет бұрады. Осының нәтижесінде өткен жылдың қараша айындағы экспорт көлемі 44 пайызға кеміген», – дейді.

Ал Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, академик Кенжеғали Сағадиев: «Әлемнің беделді сарапшыларының пікірінше, алдағы жыл қазақстандық экспорт пен қазақстандық шикізат үшін қолайлы жыл болады. Ресейде, Қытайда, Украинада және Америкада егін шығымы төмен болады деп болжам жасалуда. Бұл – біздің өнімімізге деген сұраныс артады деген сөз. Биыл мол өнім жинап алуға тиіспіз, сонда қазақстандық өнім әлемдік рынокта бәсекеге түсе алады», – деп отыр. Мұндайда қазақ «аузыңызға май, астыңызға тай» деп әзілдеп, жақсы ниетті қолпаштап жатады. Ең бастысы, мемлекет халықты дағдарыстан шығарудың тиімді жолына сала білсе, қарапайым халықтың көңілін қорқыныш билемейді.

 Осы тұста Қытай ойшылы Конфуцийдің он шақты ғасыр бұрын айтқан «Мемлекетте жеткілікті азық-түлік пен жеткілікті қару-жарақ болу керек. Сонда ғана халық билікке сенеді» деген дана сөзіне еш нәрсе алып-қосудың қажеті жоқ тәрізді.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтық өкілі Мария Кадлечикова: «2007 жылы әлемде 923 миллион адам аштықтан зардап шекті. 2050 жылға қарай Жердегі адамзат баласының тұтынысын қанағаттандыру үшін азық-түлік өндірісі екі есеге артуы тиіс, өйткені сол уақытта әлем халқының саны 6 миллиардтан 9 миллиардқа артады, бұл әсіресе дамушы елдерге тән болмақ. Бұл мәселені шешу үшін әлемдік астық өндірісін 40 пайызға, егінге қажетті су көлемін 40-50 пайызға, ал қосымша егістікке 100-200 миллион гектар жер қажет».

***
Азық-түлік нарығында соңғы уақытта тұрақсыздық белең алуда. Бұл тенденция әлемдік нарықтың бәріне, әсіресе, қор нарығына тән. Мысалы, АҚШ-тағы озық технологиялық компаниялар иелігіндегі акциялардың бағасы 90-жылдардың аяғында шамамен жеті есеге өсті, ал 2000-2001 жылдары ол үш есеге қысқарды.

***
Дамыған елдердің халқы азық-түлікке өз кірістерінің 12-15 пайызын, дамушы елдер 50 пайызын, ал ең кедей елдер, мәселен, Танзания 70 пайызын жұмсайды екен.

***
Тағамтану институтының мәліметінше, қазіргі таңда республикамыздағы халықтың 39,2 пайызы ақуыз (белок) жетімсіздігінен, 42 пайызы семіздіктен, ал 5 пайызы салмақ аздықтан зардап шегеді екен. Бұл фактілердің өзі Қазақстанда азық-түлік саласында атқаратын жұмыстардың жеткілікті екендігін көрсетеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста