Алтынды тани білесіз бе...

©kerzhaev.ru фото

Құнды металға деген құмарлық бағзы замандардан бері үзілмей келеді. Тіпті, ашаршылық кезінде де алтын, күміс тас болса да асқа айырбасталып, бүтін бір ауылды аман алып қалғанын тарихтан білеміз. Басқа табиғи байлыққа қарағанда алтынның бәсі қашанда жоғары. Оның басты қасиеті тауар ретінде айналыстан ешқашан шықпайтындығы. Еліміздің басты байлығы саналып отырған мұнай мен газ секілді жағылып не сатылып кетпейді. Сондай-ақ, тұтыну нарығындағы ең өтімді қаражат көзі доллар мен евроның сатып алу құны сəт сайын құбылып тұратыны белгілі. Негізгі капиталын доллар мен еуромен жинағандардың сан соғып қалған кезі аз емес. Аса қымбат метал жайында «Алаш айнасы» ой толғайды.
Ал, аса бағалы металл - алтынның сатып алу құны грамдап өлшеніп, грамдап бағаланады. Сондықтан да алтынмен сақтау мемлекет үшін де, компания мен банк үшін де өте тиімді. Әсіресе қалың бұқараның басым бөлігі қолдағы қаржысын сол күйінде сақтаудың тиімсіз екенін ұқты. Ақша деген су сияқты, сусып шығып кетеді. Сондықтан да қолдағы капиталын жылжымайтын мүлікке салып жатқандар көп. Ал, анау айтқандай мол ақшасы жоқтары аз да болса алтынмен сақтауды үйреніп келеді. Өйткені құнды металлдың ешуақытта да құнын жоймайтындығы баяғыда-ақ дәлелденіп қойған. Алтынның бағасы әлемдік нарықта жылды айтпағаннның өзінде, ай сайын емес апта аралатып қымбаттаған үстіне қымбаттап барады. Әйтеуір алтын бағасының арзандағанын көрген көз жоқ. Кейінгі күнге керек боп қалар деп жинаған алтынын ақша қажет бола қалған жағдайда ломбардтқа өткізе қояды. Расында бүгінде ломбардтар тастың үстіне шыққан мүктей қаптап барады. Яғни, сұраныс бар деген сөз. Үстіне қойылған аз-маз пайызға ломбард иесі ырза, көршісінен қарыз сұрап жер шұқымағанына тұтынушы да ырза. Сұрағанмен қазір қарызға ақша бере қоятын жан бар ма? Ломбардтардың көбеюімен қоса тағы бір мәселе туындап отыр. Ломбардтарда бағалаушы мамандар тапшы. Еліміздегі бірде-бір оқу орнында бағалы металдарды түп атасынан тарқатып, тап басып танитын мамандарды оқытпайды. Тек дизайнерлік факультеттерде бағалы бұйымдардың сән үлгісі туралы сабақ өтетіндігі болмаса... Сонда бағалы бұйымдармен жұмыс жасайтын ұйымдар мамандарды қайдан тауып жатыр деген заңды сұрақ туындайтыны сөзсіз. Олардың басым бөлігі «самоучкалар». Яғни, өз бетінше оқып, білімін жетілдіргендер. Айтулы ломбардтың тәп-тәуір бағалаушы маманын сөзге тартқанбыз. Жұмысы жайлы жарытымды жауап беруден сырғақтады. Бағалы бұйым бизнесінің өзіндік жұмбағы барын білеміз. Сондағы оның айтқаны: «Бүгінде қолдан жасалған зергерлік бұйымдарға зерек болмасаң сан соғып қалуың ғажап емес. Белгілі бір курсқа барып білім алған ешкім жоқ. Осы салада нанын тауып жүргендердің көбісі оқымағандар. Қолдарында арнайы сертификат та жоқ. Бар біліміміз бағалаушы мамандар туралы ресейлік кітаптардан оқып, бастығымызға емтихан тапсырамыз. Сынақтан өткеннен кейін де қателессең «таяқ жейсің». Одан қала берді интернет арқылы оқу тоқуымызды толықтырып отырамыз. Тіпті осы саламен тікелей айналысатын зергерлердің өзі 100 пайыз таза алтынды ажырата алмауы мүмкін. Өйткені қазір жолдан жаңылыстыратын небір құйтырқылықтар көбейіп кетті. Алтын бұйымдардың көбіне пробасына бас назар аударамыз. Түрлі реактивтер, химиялық қышқылдармен тексереміз. Тіпті кейде осы сынақтың бәрінен өткен бұйымның өзі таза алтын болып шықпауы мүмкін. Алтын «қарақшылығымен» айналысатындар қазір нағыз бесаспап деген маманның өзін жаңылыстыратын болып жүр» деп мұңын шақты.
Расында бұдан бөлек тағы бір қауіптің басы қылтияды. Базар түгілі қолында сертификаты бар алтын дүкендеріндегі заттардың кейбірі таза емес, қара бақыр болып шығып жатыр. Ал оны тексеріп, жауапқа тартып жатқан ешкім жоқ. Еркіне жіберілген. Елімізге контрабандалық жолмен келіп жатқан алтын бұйымдарында шек жоқ. Олардың арасында қолдан жасалынған қара бақырлары да, қолдан сынақ белгі салынғандары да бар. Тіпті жасанды алтынға 585 «пробасын» 500 теңгеге соғып беретіндер баршылық. Қара базардағы қайнап жатқан саудадан аузы күйіп, алданып қалып жатқандар аз емес. Жалт-жұлт еткен жүзікті қолға алып, салмақтап көрсеңіз – жеп-жеңіл. Үлбіреп тұр. Зергерлер мұның алтын жалатылған мыс екендігін айтады. Мұндай заңсыз айналымға тыйым болмауы да көңіл қабаржытады. Жалған алтын сатып тұрғандардың сотталғанын көрген көз тағы жоқ…Айналып келгенде ұтылып жатқан қара халық... Алтын саудасы саласына да күн түсуі тиіс көлеңкелі тұстары көп болып тұр. Бастысы маман тапшы...
Жеке зерттеу
Қара базардан сатып алған 585 пробалы, ресейлік алтын жүзігімізді тексертпек оймен бір ломбардқа апардық. Ондағы бағалаушы маман «Таза алтын емес, алматылық, қолдан жасалған бұйым» деп бағалады. Екіншісіне бас сұқтық. Мұндағылар «Түркиялық өнім, пробасы нашар» деп соқты. Сонда кімге сенеміз?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста