99,2 пайыз жерімізді қуаңшылық дертінен емдеу керек

Жуырда әлемдік табиғи ресурстар институты ХХІ ғасырда әлем елдерінің басым бөлігінде қуаңшылық белең алатыны жайлы ақпарат таратты. Сол-ақ екен, біраз елдер қуаңшылыққа қарсы арнайы бағдарламалар легін түзіп, қуаңшылықпен күресті бастап та кетті. Ал осы тұста, біздің Қазақ елінің қарым-қабілеті қандай? Қуаңшылыққа қарсы күрес бізде қалай жүргізілуде?

Сөз басы...
Жалпы, мамандардың пайымдауынша, Қазақ еліндегі 99,2 пайыз жерді «емдегенде» ғана біз қуаңшылықтан, су тапшылығынан, резарвация мәселесінен ада болады екенбіз. Осыған орай, біздің Үкіметіміз былтыр «Қуаңшылық жерлерді басқару» жобасын қолға алған-ды. Аталған жоба еліміздегі тиімділігі төмен жерлердің құнарлылығын көтеруге, астық өнімдерін арттыруға, сондай-ақ мал шаруашылығын жетілдіруге бағытталған. Жобаны іске асыру кезінде бір жылдың ішінде шөлейтті алқаптың 5000 гектарына көпжылдық шөп егу, 2500 гектар жердің құнарлылығын қалпына келтіру және 960 гектар деградацияға ұшыраған жайылымдарды жақсарту мәселелері қарастырылған. Бұған қоса, елде көпжылдық шөп тұқымдарын тазарту орталығын құру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын сауда орындарын ашу шаралары да қамтылған.

Сөйтіп, біз бір қарағанда, қуаңшылықпен күресте өзіндік әдіс-амал қолданып жатқан тәріздіміз. Дегенмен, мамандардың айтуынша, «біз қуаңшылықты болдырмау мақсатында істеп жатқан жұмыстарымыздың нәтижесін тек 2015 жылы ғана көре бастайды екенбіз»...

Өзгелер бұрын қарманыпты...
Бір ескеретіні, өркениетті елдердің басым бөлігі қуаңшылықпен күресті ХХ ғасырда-ақ бастап кеткен. Мәселен, бір ғана Малай елі қуаңшылыққа қарсы, су тапшылығы мәселелеріне қатысты кешенді бағдарламаны 1993 жылы қолға алған. Іргеміздегі Қытай Халық Республикасы болса, жапондардың қуатты технологиясына жүгіну арқылы қуаңшылықпен күресті бастағалы бақандай 12 жылдың жүзі болыпты. Иран, Израиль елдері де су тапшылығы, қуаңшылық мәселелерін осыдан 10 жыл бұрын қолға алыпты. Ал біз жылда еккен астығымыз күйіп, қуаңшылықтан егістік аймақтары жапа шеккенде ғана бұл істі қолға алу керектігіне бас қатырамыз. Бұл турасында экономист-ғалым  Мейрам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ былай дейді:
– Біз қуаңшылық мәселесін енді ойластырып жатқан тұста өзгелер әлдеқашан бұл жайтты оңтайландырып та қалды. Бізге елдегі қуаңшылық мәселесін шешу үшін қуатты технология, білікті маман жетіспейді. Бүгінде жеріміздің 99,2 пайызын емдеу қажеттігі белгілі болып отыр. Бұл – өте салмақты түрде қолға алатын нәрсе. Меніңше, бұл турасында арнайы кешенді бағдарламалар қабылдануы тиіс. Өзіңіз ойлаңызшы, біз бүгінде өнеркәсіп пен өндірісті дамыту жайын жиі сөз етеміз. Ал қуаңшылық, шөл және шөлейтті аймақтарда өндірісті дамыту мүмкін бе? Мұндай аймақтарды ғылым тілінде «адамның өміріне қолайсыз аймақтар» дейді. Сондықтан осы қолайсыз аймақтарды біздің тиісті орындар қолайлы етуге тезірек кіріскені жөн.

Ас атасының сапасын кетірдік
Негізінен, жердегі қуаңшылық мәселесі жерге еккен өнімнің сапасын кетіретіні де белгілі. Бұл тұрғыда селекционер ғалым Жандос АЙТБАЕВ былай дейді:
– Біз осыдан тұп-тура 10 жыл бұрын «өзге елдің сапалы өнімін қазақстандық ортаға бейімдейміз» деп шетелден түрлі дәнді-дақылдарды, тұқымдықтарды еліміздің егістігіне ектік. Қазірдің өзінде бұл үрдіс кеңінен белең алып, Қызылорданың ақ маржанын Қытайдың ақ күрішіне, отандық соя тәрізді мал азығын АҚШ-тың рапсы мен сафлорына айырбастап жүрген жайымыз бар. Астық түрлерін де сапалы ету үшін Қытайдан алдырдық. Осы сапалы деп әкелінген дәнді дақылдардың өзінен біз қазір сапалы өнім ала алмай отырмыз. Мұның себебіне ауыл шаруашылығы саласының мамандары «бар гәп – қуаңшылықта» деп баға береді. Әйтсе де мұны ескермеген қайсыбір отандық кәсіпкерлер бұл пікірге құлақ асудың орнына, егістікті түрлі химиялық тыңайтқыштармен өңдеп, жыл сайын егін егудің машақатын тартып келеді. Осы келеңсіздікке іші ашыған мамандарымыз «бүгінде Қазақстанда жаппай топырақтың құрғауы белең алуда» деп дабыл қағуда. Біз осы уақытка дейін «Қазақстан астығының сапасы жоғары. Еліміз мол астық өндіруде» деп келдік. Қазір егіс алқаптарының тозуынан, астық зиянкестерінің көбеюінен астық сапасы төмендеп барады. Егер ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы қуаңшылықтың әсерінен Солтүстік Қазақстанда 220 мың гектар егіс алқабы бүлінсе, Оңтүстік Қазақстанда 290 мың гектар егіс алқабы күйіп кеткен. Осыдан барып біз ас атасының сапасын кетіріп отырмыз.

Не істеу керек?
Бұл ретте биологиялық зерттеулер орталығының мамандары мынадай ұсыныстар легін түзеді:
1) Құрғақ топырақтан сапалы өнім алынбайтыны айқын. Біздің бірнеше жылғы зерттеулеріміз шетелдік «асыл тұқымды» деген өнімнің өзі біздің егістікті жатсынатынын көрсетті. Сондықтан, алдымен, елдегі егіс алқаптарын химиялық тыңайтқыштармен өңдеуді қоя тұрып, керісінше, егістік алқаптарды тазартып, тыңайту қажет.
2) Бұдан соң каналдар қазу арқылы жерасты суларын көбейту керек. Бұл шөл және шөлейт аймақтарды сумен қамтудың ең төте жолы.
3) Ылғалдандыру жұмыстарын әр елдің атмосфералық жағдайына сай жүргізген жөн. Мәселен, салқын аймақтардағы топырақты бірден ылғалдандырып қажеті жоқ. Өйткені топырақтың бірыңғай ылғалдануы да өнімнің сапасына айтарлықтай кері әсерін тигізеді.

Міне, мамандар айтып отырған ұсыныстар осылай тізбектелді. Сондай-ақ мамандар қуаңшылыққа қарсы күрес жүргізу үшін қазақтың технологиялық қарым-қабілеті қуатты болуы керектігін де алға тартады.

P.S. Кезінде ата-бабаларымыз «көл жағалай қонған елдің бағы басым, мерейі үстем болады» дескен екен. Олар көшпелі қазақтың күнкөріс қамы үшін «елдің өзегі талмасын» деп сулы-нулы жерлерді мекендеген-ді. Осыған қарап, расында да, егер біз «заманға сай өндіріс орындарын дамытамыз, пайдаланылмай бос жатқан жерлерге тіршілік лебін береміз» десек, бастысы, мекендеп отырған жеріміздің құнарын арттырғанымыз абзал тәрізді...

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста