«1. Мүміндер сөзсіз (азап атаулыдан құтылып) мақсат-мұратына, нағыз жетістікке жетті.
2. Олар – намазда (құдіреті күшті Аллаға) шын бейілімен мойынсұнып, барынша кішіпейілділік танытатындар.
3. Олар – бос сөз, пайдасыз істен іргесін аулақ салатындар.
4. Олар – шын бейілімен зекет беріп, (мал мүліктері мен жүректерін тазарту үшін) барын салатындар.
5. Олар – абиырларын (қымтап, оны күнә атаулыдан) барынша сақтайды.
7. Ал кімде-кім (нәпсінің жетегіне еріп,) бұдан ары асуды көксесе, міне солар нағыз шектен шыққандар.
8. Сондай-ақ, ол мүміндер өздеріне сеніп тапсырылған аманаттар мен міндеттерге асқан жауапкершілікпен қарап, берген уәдеде тұрады.
9. Намаздарын кемеліне жеткізе, үзбей әрі уақытылы оқиды.
10. Міне, солар нағыз мұрагерлер.
11. Олар (пейіштің төрі) Фирдаусқа мирасқор болады. Олар онда мәңгі бақи мекендейді» («Муминун» сүресі).