Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жұма күні бір уақыт бар, қайсыбір мұсылман оған дөп келіп, намаз оқып тұрған күйінде Алладан бір нәрсе сұраса, Алла оған сұрағанын береді», &ndash деп қолымен ол уақыттың өте аз екенін  көрсеткен. (Бұхари, Муслим)
⠀
Ал бұл уақыттың нақты қай кез екеніне байланысты мынадай 2 түрлі дерек бар:
⠀
1. Жұма күні &ndash он екі сағат. Олардың арасындағы бір сағатында қандай да бір мұсылман Алладан бір нәрсе сұраса, сөзсіз береді. Оны екінтіден кейінгі соңғы сағаттардан іздеңдер» (Әбу Дәуд, Нәсаи)
⠀
2. Әбу Мұса әл-Ашғари:
"Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ол сағат имам мінберге отырғаннан бастап намаз аяқталғанға дейінгі уақыттың аралығында деп айтқан», &ndash деген (Муслим)
⠀
Ғұламалар осы екі пікірге қатысты:
"Намаз уақыты да - дұға қабыл болатын уақыт. Екінті намазынан кейінгі соңғы сағат та Пайғамбарымыз (със) көрсеткен сәт. Мұсылмандардың бір жерге жиналып, намаз оқып, жалбарынып дұға қылуы дұғаның қабыл болуына әбден әсер етеді. Сондықтан осы уақыттарға сақтық танытқан адам ұтылмайды", - деген.
Қарағанды облысы,
М.Жумажанов ауылы Тұңғатар баба мешітінің имамы Абильда Болат