Ассаләумағалейкум! Жұма күні сабаққа жібермей жатса, қашып кетуге бола ма? Анон.
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Жұма намазына бару - қыз баласына және балиғат жасына толмаған ұл балдарға парыз емес. Ал, жұма намазын оқу міндет боп саналатын жоғары сыныптағы намазхан ұл балдар мектеп басшылығынан не сынып жетекшісінен ата-аналары арқылы немесе өздері рұқсат сұрағандары дұрыс. Рұқсат берілмей, жіберілмей жатса, амал жоқ, жұманың орнына бесінді оқиды (оны да уақтылы оқи алмаса, бесіннің қазасын өтейді). Алла пендесіне күші жетпейтін нәрселерді міндеттемейді.
Және жұма намазы уақытында намазхан ұл балдарды мешітке жіберу мәселесін ата-аналар жиналысында да көтерген жөн.
Абдусамат Қасым