Жердің өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 сек. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады.
Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде күнді бір рет айналып шығады. Әйтсе де, жер шарының осындай қозғалыстары үздіксіз өзгеріп тұрады және өте тұрақсыз болады. «Ежелгі биологиялық сағатқа» жүргізілген зерттеуге негізделгенде, Жердің күнді айналу жылдамдығы барған сайын тездеп, өз осін айналу жылдамдығы жылдан-жылға баяулап барады. Мысалы, жер шарының күнді айналу периоды 440 миллион жылдың алдында 412 күн болса, 370 миллион жылдың алдында 398 күн, 65 миллион жылдың алдында 376 күн болған. Ал, қазір бір жыл тек 365,25 күн екені белгілі. Жер шарының өз осін айналу жылдамдығы ақырындап бара жатқаны аспан денелер физика ғылымының есептеу әдістері арқылы дәлелдеуге болады. Ғалымдар бұл құбылысты күн мен айдың жер шарында тасу-қайту құбылысын туғызу әсерінің нәтижесі деп түсіндіреді («Тылсым сырлар». Нұрлан Мұқатай).
Адамдар кварц сағатты ойлап тапқаннан кейін, кварц сағат арқылы уақытты есептеп, күн мен жер шарының салыстырмалы қозғалысын бақылап өлшеді және жер шарының өз осін айналу жылдамдығының бір жылдың ішінде кейде тездеп, кейде ақырындайтын периодтық өзгерісте болатындығын, көктемде өз осін айналу жылдамдығының баяулап, күзде жылдамдайтынын байқады.
Ғалымдар ұзақ уақыт бақылау-өлшеу арқылы, жер шарындағы мұз бен атмосфераның маусымдық өзгерісі жер шарының өз осін айналуының периодтық өзгерісіне қатысты. Бұдан басқа, жер шарының ішкі бөлегіндегі материялардың қозғалысы, мысалы, жеңіл элементтердің көтеріліп, ауыр элементтердің шөгіп жер шарының орталығына қарай жиналуы, балқымалардың атылу сияқты құбылыстар жер шарының өз осін айналу жылдамдығына әсері болады деп санайды.
Жер шарының жылдық айналысы күнді және өз осін айналуы сияқты бір қалыпты жылдамдықта болмайды. Бұл жер шарының жылдық айналыс орбитасының күнге ең жақын нүктесі мен ең алыс нүктесінің ортасынан қашықтығының парқы мөлшермен 5 миллион шақырым келетін эллипс тәрізді болғандығында. Жер шары күнге ең жақын нүктеден ең алыс нүктеге қарай жылжыған кезде, күннен алыстай беретіндіктен, күннің тарту күшінің ықпалы әлсіреп, жылдамдығы баяулайды. Ал, алыс нүктеден жақын нүктеге жылжыған кезде керісінше жылдамдығы тездей түседі.
Жердің жылдық айналыс орбитасы мен жер осі вертикаль болмайды және жер осі де тұрақты емес. Ол, бейне, жер шары орбитасында шыр айналған зырылдауыққа ұқсайды. Жер осінің екі басы да үнемі кеңістіктегі мәлім бір бағытты көрсетіп тұра бермейді. Жер осі бағытының мұндай қалыпсыздығын жер шарының қозғалысы туғызады. Ғалымдар жер осінің кеңістіктегі орбита ізінің мүлде шеңберді бойлап қозғалмайтындығын, қайта, шеңбердің іші-сыртына ауытқып периодты қозғалатындығын байқады.
Жер ғаламшары тағы Күн жүйесімен бірге құсжолы жүйесінің құрамында ғаламды кезеді. Жер шары міне осылайша ғаламда тоқтаусыз қозғалыс жасап, мәңгі дамылсыз өмір сүреді. Оның осы тынымсыздығы ол пайда болған сәттен басталған болуы мүмкін. Жер шарының қазіргі күн жүйесіндегі қозғалысы жөнінен айтқанда, оның қозғалыс жылдамдығы баяулап немесе тездесін, бәрібір ол күннің, күн жүйесіндегі басқа планеталардың және айдың тарту күшінен алыстап кете алмайды. Ал, адамдар осы бір өздері мекен еткен Жер ананың құпияға толы сырларын білуге талпынумен келеді. Олар, жер шары әуел баста қалай қозғалған? Болашақта оның қозғалысы қалай болады? Өз осін айналу жылдамдығы барған сайын баяулай бере ме? - деген сұрақтарға жауап іздеумен келеді.
Дәл қазірге дейін алғашқы қозғаушы күш көзқарасы тек жорамал ғана. Ньютон өзі байқаған үш үлкен қозғалыс заңы мен бүкіл ғаламдық тартылыс заңына қорытынды шығарған соң, осыдан кейінгі бар зейін қуатын жұмсап, алғашқы қозғаушы күш жөнінде ізденген және оны зерттеген.
Ең соңында ол: «ғаламдық қозғалыс механизмін Алла «жобалаған» және жаратқан, әрі оған тұңғыш рет күш сыйлаған, оны қозғалтқан» деген зерттеу қорытындысын шығарған. Алайда, қазіргі ғылым алғашқы қозғаушы күшті мойындамайды және нақты түсіндіріп те бере алмайды. Осылайша жер шарының, бүкіл ғаламның қозғалыс сыры адамдарға әлі күнге дейін жұмбақ болып келеді.[1]
Жер шары
Біздің отау тігіп, өмір сүріп жатқан жер шары мен жылуын күлімдей төккен күннің арасы жаз және қыс мезгілдеріне байланысты 135 немесе 149,5 миллион шақырым. Егер осы аталмыш арақашықтық кездейсоқтықтың әсерінен аз мөлшерде азайса, тоңып, мұз болып қатып қалатынымызды немесе аз мөлшерде көбейсе күйіп-жанып кетерімізді бір мезет ойладық па? Ойланып, Жер мен Күннің арасындағы осы ыңғайлы арақашықтықты белгілеп, оны ғасырлар бойы бұлжытпай ұстап тұрған құдіретті күшті тани алдық па?
Аспандағы әрбір дененің өзіне тән белгілі, тұрақты айналу орбитасы, қозғалу жылдамдығы бар. Мысалы, Жер шары сағатына 1 670 шақырым жылдамдықпен өз-өзін айналса, Күнді сағатына 108 000 шақырым жылдамдықпен айналады. Егер осындай жылдамдықпен жүретін көлік жасалған жағдайда жалпы дүниенің шеңберін 22 минутта айналып шығуға болады екен. Көрсетіліп отырған бұл сандар тек Жер шары үшін, ал Күн жүйесінің жылдамдығы мүлде таңғаларлық. Ғарыштық (космоста) жүйелердің көлемі ұлғайған сайын қозғалу жылдамдықтары да арта түседі. Күн жүйесінің Құс жолы галактикасы орталығын айналудағы жылдамдығы сағатына тұп-тура 720 000 шақырым. Ал, шамамен құрамында 200 миллиард жұлдызды қамтитын осы Құс жолы галактикасының ғарыштағы жылдамдық мөлшері сағатына 950 000 шақырым[2]. Мұндай бір-бірімен тығыз байланыстағы әрі өте жоғары жылдамдықтағы жүйелердің соғысып, қақтығысуы әбден мүмкін бола тұра ғарышта ешбір ақауға куә болмадық. Иә, миллиардтаған жылдар бойы жылдамдықтарындағы тұрақты мөлшер еш өзгерместен жалғасуда. Мысалы, біз автокөлікпен сағатына 200 шақырым жылдамдықпен келе жатып, оқыс тоқтатсақ, терезе әйнегін быт-шыт қып сыртқа тесіп шығаратынымыз анық. Ал енді біздің сенімді бесігіміз – Жер шары бір мезет оқыс тоқтамай-ақ қойсын, тұрақты жылдамдығын аз ғана азайтса, жер бетіндегі күллі зат атаулы ғарышқа тарыдай шашылып кетер еді. Демек, миллиард жылдар бойы Жер анамызды және басқа да жұлдыздарды бір мезет тоқтатпастан, әрқайсысын өзіндік тұрақты жылдамдықтарымен айналдырып, тербетіп тұрған Ұлы Жаратушы болуға тиіс. Егер мұның бәрін кездейсоқ жүзеге асып жатыр десек, неге біз тағы да сол сенімсіз кездейсоқтықтың әсерінен Жер анамыздың тоқтап немесе жылдамдығында кідіріп қалуынан еш қорықпастан, уайымдамастан үстінде жайбарақат жүрміз?
Бейтаныс бір адам қолындағы механикалық жүйемен істейтін қол сағатын бізге таныстыру барысында: «Өз-өзінен, кездейсоқтықтың әсерінен, яғни, жердің астындағы минералдар өз-өзінен еріп, темірге айналып, одан жіңішке есепті ішіндегі әр түрлі кертік-кертік құралдары, көрсеткіш сандары және бетіндегі әйнегі өз-өзінен жасалып, іске қосылып пайда болды» – десе, сенер ме едік? Әрине, сенбес едік. Ал енді жай бір уақытты ғана көрсететін кішкентай қол сағаттың өз-өзінен, кездейсоқ пайда болғанына сенбейміз де, жүйе жағынан сағатпен салыстыруға мүлдем келмейтін мына керемет ұшы-қиыры жоқ шексіз әлемнің өз-өзінен пайда болғанына қалай сенбекпіз?[3]
Жердің айналу бағыты
«Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда».
Алла Тағаланың адамдардың ақиқат аясында өмір сүрулері үшін шырақ қылып түсірген қасиетті Құранның бұл аятында Жердің тек айналуы ғана емес, сонымен қатар оның айналу бағыты да айтылып кеткен. Қазіргі заман ғылымының қол жеткізген жаңалықтарының бірі – 3500- 4000 м биіктіктегі негізгі бұлт жиындарының қозғалыс бағыты әрқашан батыстан шығысқа қарай болатыны. Ауа-райын болжау үшін көбінесе батыстағы жағдайға назар аударылуының себебі де содан.
Ал бұлт жиындарының батыстан шығысқа қарай қозғалуының негізгі себебі – Жердің айналу бағыты. Өйткені жер батыстан шығысқа қарай айналатыны белгілі. Кейіннен белгілі болған бұл ғылыми ақиқат бірнеше ғасыр бұрын қасиетті Құранда айтылып қойғаны керемет емей немене?[4]
Таулардың қозғалуы
Құранның бір аятында табиғаттың әсем де асқақ ажырамас бөлігі – таулардың әрдайым қозғалыста болатыны турасында былай делінген: «Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда».
Таулардың бұл қозғалысы жер қабығының қозғалысына байланысты болады. Жер қабығы болса, мантияның үстінде үнемі қалқып жүреді. Ең алғаш ХХ ғасырдың басында неміс ғалымы Алфред Вегенер жер бетіндегі құрлықтардың бастапқыда біртұтас болғаны, кейіннен түрлі бағыттарда жылжып, бір-бірінен бөлінгені туралы тұжырымды ортаға салған болатын. Алайда, геологтар Вегенердің айтқандарының тек тұжырым ғана емес, ғылыми ақиқат екендігіне оның өлімінен 50 жылдан кейін ғана, яғни 1980 жылдары ғана көздері жетеді. Ал, бұл ақиқат Вегенерден де пәленбай ғасыр бұрын бүкіл ғылымдардың қайнар бұлағы – Құранда айтылып кеткен еді.
Вегенердің 1915 ж. жарияланған мақаласында мына деректер келтірілген: «Жер бетіндегі құрлықтар шамамен 500 миллион жыл бұрын біртұтас болған, Пангаэя атты бұл үлкен құрлық оңтүстік полюсте орналасқан. Шамамен 180 миллион жыл бұрын Пангаэя екіге бөлінеді. Екі бағытқа қарай жылжып отырған бұл екі құрлықтың бірі – Африка, Австралия, Антарктикада және Үндістанды қамтыған Гондвана, ал, екіншісі – Еуропа, Солтүстік Америка және Үндістансыз Азиядан тұратын Лавразия болатын. Осылайша Пангаэяның бөлінуі нәтижесінде пайда болған бұл құрлықтар үздіксіз түрде жылда бірнеше сантиметрлік жылдамдықпен жылжып отырады». Бұл жерде айта кететін тағы бір маңызды нәрсе – Құран аятында таулардың қозғалысына байланысты «жылжу» сөзінің қолданылуы. Қазіргі ғалымдардың бүгінгі таңда осы таулардың қозғалысы туралы пайдаланып жүрген термині ағылшын тілінде «continental drift», яғни «құрлықтық жылжу».[5]