Кіріспе: Мақалада сәләфизмге қарсы қазақ дүниетанымындағы ортодоксальды Исламның құқықтық аспектілері қарастырылған. Автор Қазақстан Республикасының ұлттық руханиятына қатер төндіретін және Ислам дінін жоюға бағытталған діни экстремизм мен терроризмге қарсы қызметтердің тиімді механизмдерін реттейтін кейбір нормативтік-құқықтық актілерге дінтанулық талдау жасаған. ҚР &ndashда, зайырлылық ұстанымы болғандықтан мақалада академиялық адалдық сақталды және зерттеліп отырған жаңа діни ағымның қоғамдағы жастардың санасына әсері қарастырылып, қазақ даласында өткен дін ғалымдарының діни сенімдерімен салыстырып отырып жазылды.
 
Қазақстан жерінде тұратын мұсылмандар сунниттік бағыттағы негізін Әбу-Ханифа Нұғман ибн Сәбит қалаған ханафиттік мәзhабты ұстанып келеді. Ханафиттік мәзһабта басты сенім, ұстанымдық тірек ретінде Құран, хадис ижма (ғұламалар шешімі) және қияс (ұқсастық бойынша үкім шығару (аналогия) болып табылады әрі шариғатқа қайшы болмаған, исламға дейінгі қалыптасқан ата-баба дәстүрін де шариғат шеңберінен шеттетпеген. Жергілікті дәстүрлерді шариғатқа сай, ой-пікір айырмашылықтарына сыйластықпен қарайтындығы тұрғысынан да ерекшеленеді, сондықтан да осы мәзһабты көп өлкелерде мұсылмандар өз еріктерімен қабылдады. Қазақ халқының дін туралы танымы, сенімі ерекше. Дінді жаратылыстан тыс құдіретті құбылыс, тылсым ретінде тани отырып бабаларымыз Жаратушы мен жаратылғандар арасындағы қарым-қатынаста трансценденттік (ақыл шеңберінен тыс) пен дүнияуилік талап-заң қағидаларына ерекше мән берген. Діннің адам мен қоғам арасын жалғастырушы, жарастырушы һәм үйлестіруші қасиетін жете түсініп, оны жан мен тән тазалығын сақтайтын, парасат тағылымдарын демеуші, адамға өнеге тәлім-тәрбие беретін, көңілге мейірім ұялатар рухани күшке бағалаған Әбу Ханифа мәсхабы қазақ руханиятына ет пен сүйектей бітісіп ажырамас ғұрыпқа айналған.
 
Ал, Сәләфизм Қазақстанға 1990 жылдары Араб елдерінен оқып келген азаматтар арқылы тамыр жайды. Сәләфизм атауы қазіргі таңда түрлі пікірлер мен таластар тудырған терминдердің бірі. &ldquoСәләфизм&rdquo термині негізінен &ldquoУаһабизм&rdquo терминінің синонимі, яғни бұл екі атаудың еш айырмашылығы жоқ деген сөз. Ағымдардың атауын және функцияларын өзгертуі, негізгі мақсаттарына жету жолындағы заманға сай түрлену болып табылады. Ал бұл құбылыс Ислам тарихындағы ағымдарға тән сипат. Идеологиялардың атауларын бұлайша өзгерту жаңа миссионерлік ұйымдарда қалыпты жағдай. Жаңа діни ағымдардың атауын түрлендіру бағытқа өміршеңдік пен қоғамға жеңіл ену функциясын әкеледі.
 
Сәләфизімнің негізін ХІV ғасырда Шам қаласынан шыққан Ахмед ибн Таймийа (1263-1328) мен ибн әл&ndashҚаийм әл-Джаузия (1292-1350) қалады. Сәләфизм Ислам әлемін консерваторлыққа, алғашқы халифалыққа жетелеуші идеология-мыс, сонымен қатар ақидалық сенімі жағынан Ислам дінінің алғашқы қалыптасқан «Әһлу сунна уәл жамағат» сенім мектебінің төрт мәзһабына (Ханафи, Мәлики, Шафиғи және Ханбали) түбегейлі қарсы. Сәләфизм төрт мәзһабтың беделін бидағат (дінбұзарлық жаңашылдықтар) пен айыптау арқылы түсіндіріп, рухани сананы ақсатуды және Ислам дінінің дамуына тежеу салуды көздейді. ХІV-ХV ғасырлар мұсылмандар үшін ауыртпалық пен шиеленіске толы болды. Осы кезеңде Ислам шегарасы кеңейіп көптеген халықтар мұсылмандықты қабылдады. Шариғатты, дінді түсінуде неше түрлі көзқарастардың көбейуі себепті, дін ғалымдары Ижтиһад (ғұламалардың шариғи ой қорытындылары) есігінің жабылуын мәлімдеді. Енді, мұсылмандар ғалымдардың классикалық шариғат түсіндірмелерімен ғана әрекет ететін болды. Осы жүйеге келіспеген Ибн Таймийа өмірдің кез-келген кезеңінде шариғат адамдарға қолжетімді болуы керек екенінін ұрандады. Ол қай ғасырда да Құран мен сүннетке тікелей әрекет етуге және өзінің Құдайтану қөзқарастарының таралуын қалады. Ибн Таймийа осы әрекетімен Алла Тағалаға антропаморфтық сипаттарды абсалюттік бейнеде теңейді. Құран мен хадистердегі метофоралық аяттарын тікелей мағынада түсіндіріп пәтуә шығарды. Ол Ислам ғұламаларының үлкенді &ndashкішілі еңбектерін толығымен оқып шығып, өзіне дейінгі ғалымдардың кітаптарын оқу харам деген үкім шығарады. Өз заманына дейінгі қалыптасқан маңызды қағидаларға реформа жасауға тырысты. Ибн Таймийаның еңбектері адамның психологиясы мен діни танымын бұзатын құрал, себебі: ланкес, террор атаулының баршасы дінді дәл осы автордың кітаптарынан таныған. Бұл жайында Ислам теолыгі Б.Топалоғлу өзінің «Ислам теологиясы» атты еңбегінде «Қазіргі кездегі көптеген террористік және экстремистік ұйымдар Ибн Таймийаның теориялық еңбектеріне сүйенеді. Бұл жаңа діни ағымның атауы [1,96б.]. Мәзһабтар арасындағы айырмашылық тек шариғи нормаларда, ал сенім жүйесінде ешқандай келіспеушілік жоқ.  Осыған байланысты атақты ғұлама имам әс-Субуки өзінің «Муъид ән-ниъам уа мубид ән-ниқам» атты еңбегінде былай дейді: «Осы аталған ханафи, шафиғи, мәлики, ханбали мазһабтары, әлхамдулилләһ, ақида (Аллаға сенім) мәселелерінде барлығы Сүннет және жамағат жұртының пікірін ұстанады»,- деп, төрт мәзһабтың сенімі бір әрі ақиқат екенін айтқан Батыс дінтанушысы Карен Армстронг өзінің &ldquoИудаизм, Христиандық пен Исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны&rdquo атты еңбегінде былай деп баяндайды: «Ахмед ибн Таймийа бастаған ілім консервативті тенденция, Ибн Таймийа халық арасында қошеметке бөленіп, шариғатты жаңаша дәріптеу жолын тапты.  Осы әрекетімен халықты ескі заңдар мен ережелерден тазартқысы келді»,- деп шариғат нормаларын халыққа жеңілдеткендігін һәм ғасырлар бойы жалғасын тауып келген, өзгермейтін Құдайға деген сенімге реформатция жасағанын айтып өткен [2, 473б.]..
 
Уаһабизм сенімі Исламның алғашқы дәуіріндегі ақиқат сәләф (Пайғамбардың (с.а.у) шәкірттері) сенімінен айырмашылығы:
 
- Ақиқат Сәләфтардың Құдайтануы, Құдайдың затын сипаттап келген аяттар мен хадистерді астарлы немесе трансцендентті түсінсе. (Мәшһүр Жүсіп өз сөзінде Алла тағаланың затына періште, бұрынғы пайғамбарларда ойлау арқылы жетеалмағандүр, бірақ Алла тағаланың бұйрығына мойын ұсындыдүр, ешбір оның затына пікірқылмадыдүр)-деп, өзіне дейінгі сенім жүйесін растаған.
 
- Уаһабизім (Сәләфизм) түсінігі тура мағынада болып табылады.
 
Мысалы: Мүлік сүресінің 16 аятында «Жер теңселген сәтте аспандағының сендерді жерге жұттыруынан аман қаласыңдар ма?». Аятта келген аспандағының деген сөз астарлы немесе транциндентті түсінілуі дұрыс, тура мағынада түсіну күпірлікке жатады. Осы аяттағы &ldquoаспандағы&rdquo сөзін Пайғамбардың (с.а.у) немере ағасы, ғалым, сахаба Абдуллаһ ибн Аббас «қаһары мен жазалауы аспаннан болады», деген астарлы мағнада айтылған деп бекіткен. Құдайдың затына байланысты ашу, күлу, аяқ, қол, жүз сияқты сипаттар көптеп келеді, осылардың барлығы тілдік тұрғыдан астарлы түсінуге немесе трансценденттік тұрғыдан қабылдаса ешқандай күпірлік болмайды. Пайғамбар (с.а.у) дәуірінде өмір сүрген сәләф (алғашқы ақиқат) сеніміндегілер «Алланың затын сипаттап келген хабарларды, Құран мен хадистегі сипаттарын көбіне трансцендентті мағнада қабылдаған». Сондықтан бұл мәселеде алғашқы ғалымдардың еңбектері аз. [3, 87б.].  Бүгінге дейін сақталып, маңызын жоймаған еңбектер: Әбу Ханифаның «әл-Фиқһул-акбар», Ахмед ибн Ханбалдың, Тахауидің, Табаранидің ақида жазбалары, мұсылмандардың ақиқат сенім жолы жайлы жазғандары [4, 276 б.].
 
Осы екі Құдайтану жолының алғашқысын Пайғамбар (с.а.у) мектебін дәріптейтін қазақ ғұламаларының бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы болды. Ол Аллаға дұрыс иманды дәріптеп кеткен, мысалы келесі сөздерімен Құдайтануды үйретеді:
 
Алла тағала һакім, қадірдүр.
 
Алла тағала мұндамекен деп көңілге ойлау, көзге ілу бек қатедүр.
 
Алла тағала көңіл мен көзге түскен нәрселердің ешқайсысына ұқсамайды,
 
Алла тағала  һакім, қадірдүр.
 
Оның тілегенін, істегенін ешкім күші жетіп өзгерте алмайды.
 
Оның затына ешбір ақылды кісі ойлағанмен ақылы жетпес.
 
Алла тағаланың затына періште, бұрынғы пайғамбарларда ойлап арқылы жетеалмағандүр, бірақ Алла тағаланың бұйрығына мойын ұсындыдүр, ешбір оның затына пікірқылмадыдүр.
 
Ей мұсылман қарындастар, Құдай тағаланың затына пікір қылмай, сипаттарына пікір қылмай бұйырған істерін қыл. Бұйырмаған істерінен тыйыл. Құдайдың жаратқан нәрселерінен пікір қылып, олардан қарап, ойлап ғибрат алсаң ғибадаттан саналады».
 
Қазақ ақидалық сенімі осындай, яғни Алланы дұрыс тану, Мухаммед (с.а.у) &ndash ның, жеткізген хабарларын ғұламаларымыз жалпақ тілмен, өлең жолдарымен жас ұрпақтың бойына сіңіріп отырған.
 
Иә әр қазақ тіпті әрбір мұсылман рухани жаңғыруын өзінен бастайды, өзінің кім екенін білген соң, бабаларының Иләһи сенімі қандай болғандығын білгеннен соң адаспайды. Шығысқа немесе Батысқа жалтақтап түсінілуі жеңіл, қабылдаумен қазақылық руханияттан, салт-санадан айыратын идеологияларды қабыл ету өте жеңіл, бірақ бұлай етумен қазақи болмыстан айырылады. Ал, өз жұртының теңдесіз ғұламаларын түсінуге қажырлы харекет керек. Қай саланың маманы болсын рухани жаңғырудың алғашқы баспалдағы Алланы дұрыс тану арқылы ғана болмысын сақтайды, жетістікке жетеді.
 
Тарихта қазақты ислам дінінен айыруға жасалған түрлі идеологиялық шабуылдар айтарлықтай нәтиже бермегені ақиқат. Ислам діні қазақтың қантамырлары арқылы бойына нықтап сінген. Ал бүгінгі таңдағы жастардың Уаһабизімнің жетегінде кетуі діни сауатсыздықтан емес бәлкім өзін-өзі танымаудан, тарихын танымаудан, тілін ұқпаудан, рухани тұлғалардың келешекке қалдырған білім мұраларын түсінеалмауында болар. Мәшһүр Жүсіп бір сөзінде: «Дүниеде 77 тіл бар, соның ішінде араб тілі &ndash асыл тіл. Өйткені, Құран ғараби, араб тілінде түскен. Екінші асыл тіл &ndash қазақтың тілі. Қазіргі жүрген замандастарымыздың (ХІХ ғ) бірде-біреуі қазақ тілін білмейді. Шіркін, білсе ғой. Дін де, ғылым да, әулиелік те қазақтың тілінде тұр», &ndash дейді» [5]. Мәшһүрдің заманы қазақтың қаймағы бұзылмай, сөз арасы қазіргідей бөтен сөзбен былғанбай тұрған ХІХ ғасыр еді. Сол кездің өзінде Мәшһүр Жүсіп осылайша дабыл қақса, қазақ тілін білемін деп жүрген қазіргілердің жайын не деуге болады. Қазақтың тілі ертең өшсе, мен бүгін өлуге дайынмын деген сөздің астарында қазақ тілінің құдіреттілігі, руханиятты, дінді, білімді, әулиелікті толығымен қамтыған құзіретті құрал екендігін айтқан. Қазақ тілін түсіну үшін терең ілім керек, себебі; ұлттың коды тіл. Тілді қалыптастыруға талай тұлғалардың еңбегі сіңген, талайы шаһит кешті.
 
Қазіргі заманда еліміздегі сәләфизм бағытына тосқауыл болатын тілдің мәртебесін көтеру, сөз қадірін, сөзге тоқтау қасиеттерімізді жастардың санасына құюдың жолын сан-қырын табу керек. Құран мен Хадисті түсіну үшінде сөзге тоқтау қабілеті керек, Ақиданы Ислам сенімін түсіну үшін тауилді (сөздің астарлын ұғыну) тауфидті (транцинденттілікті) дұрыс түсіну маңызды.
 
Ислам негіздерінде Ибн Таймийадан кейін аталған идеологияны ағылшынның арнайы қызметі Саудиялық Мухаммад ибн Абдул Уәhhаб (1703- 1792ж.) арқылы қайта жандандырып, үлкен күшке айналдырды. Қазіргі таңда елімізде өкінішке орай осы бағыттар жас ұрпақтың арасында көптеп жайылған.  Ислам әлемінің атақты ғалымы шейх Рамазан әл-Бутый «Сәләфизім ауру іспетті, онымен ауырған адамды қайтару өте қиын, сәләфизімді жоюдың ұтымды жолы-жаңа толқын жас өспірімдерді сақтандыру, тәрбиелеу арқылы болмақ», - деген тұжрым айтқан. Сәләфизм идеологиясына кіріккен адамның өз шындығы болады, сол шындығы арқылы ол үйінде туыстарынан, айналада достарынан, мешітте жамағаттан қашықтап жайсыздыққа тап болады, бұл қоғамдағы үлкен індет.
 
Қорыта айтар болсақ әрбір мұсылман рухани жаңғыруын өзінен бастайды, өзінің кім екенін білген соң, бабаларының Иләһи сенімі қандай болғандығын білгеннен соң адаспайды. Қазақ жастарының санасында қалған сәләфизм іздерін ортодоксальды Исламды дұрыс түсіндірумен, қазақ даласында өткен ғұламалардың ғылыми ұстанымдарын тәпсірлеп түсіндіру арқылы, қазақ тілінің құдіретілігін түсініп, бабаларымыздың бізге қалдырған котталған асыл сөздерін түсіндіру арқылы ағымдарға имунитеттер түзе аламыз.
 
Мамырбаев Дидар Жетпісұлы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі,
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, оқытушы
 
Оразғалиев Ақылжан Арқашұлы Филасофия ғылымдарының докторанты,
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университеті, оқытушы