Жақсы қыз іздеп жүрген жігіт

Аяқ астынан он жыл бірге оқыған сыныптасы кездесіп қалды. Мектепті бітіргеннен кейін көріп тұрғаны осы. Есейіп, зор денелі еркек болыпты. Амандық-саулықтан соң, шағындау бір кафеге барып екеуі әңгімелескен. Әлі үйленбепті. Бір кездері оған ғашық болған қыздар көп еді ғой.

- Осы уақытқа дейін неге үйленбей жүрсің?

Осы сауалды оған қоюы қойса да, бір түрлі өкініп қалды. Қап, сұрап нем бар еді деп ойлады іштей. Кімнің қырыққа келгенше үйленбей жүргісі келеді дейсің? Алла тағаланың бұйрығы болмай тұрған шығар.

- Жақсы қыз іздеп жүрмін.

Оның жүзіне таңдана қарады.

- Жақсы қыз дейсің бе?

- Иә...

- Айтшы, жақсы қыз деген қандай болады?

- Арақ ішпейтін, темекі тартпайтын... Ата анамды сыйлайтын...

Жауабы күлкілі емес болса да, күлген. Ішек-сілесі қатып, ішін ұстап күлді. Содан кейін алдында тұрған шараптан ұрттап алып, жігіт жүзіне тура қарап сөйлеген.

- Білесің бе, бір кезде мен де жақсы қыз болатынмын. Арақ ішпейтінмін, темекі тартпайтынмын. Өте әдепті едім. Институтта оқып жүргенімде бір жігітті қатты жақсы көрдім. Оған тұрмысқа шықсам, жақсы жар боламын, ата-анасын сыйлаймын деп ойладым. Бірақ, ол өз мақсатына жеткеннен кейін, мені тастады да кете барды...

Жанарынан мөлт етіп жас тамып кетті.

- Сен жылап отырсың ба?

- Мен күнде жылаймын. Жаман жолға түскенім үшін... Тағдырымның бүлінгені үшін...Бірақ, бірақ... менің жақсы қыз, жақсы адам болғым келген... Болмады...

Жігіт үнсіз қалды. Өйткені ол да талай жақсы қыздардың обалына қалып еді...

Мейрамтай ИМАНҒАЛИ 

mazhab.kz/kk/maqalalar/otbasy/jaqsy-qyz-izdep-jurgen-jigit-1315/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста