Сахаба Әли ибн Әбу Талибтен (оған Алла разы болсын) жан, мінез тәрбиесіне байланысты 10 ӨСИЕТ:
• Адамдар ғылымға қарағанда, тәрбиеге көбірек мұқтаж.
• Сен үшін жақсы және нашар адам тең болмасын. Әйтпегенде, жақсысының игі істерге деген құлшынысы жоғалып, нашары одан да төмен әрекеттер жасайтын болады.
• Аз бергендігіңнен ұялма. Ештеңе бермеу – одан да аз.
• Тіліңнің өткірлігін (шешендігін) саған сөйлеуді үйреткен анаңа жұмсама.
• Сен – аузыңнан шықпаған сөздеріңнің қожайынысың. Айтып болғаннан кейін, олар – сенің қожайының.
• Адамға байлығы мен денсаулығына арқа сүйеудің қажеті жоқ. Дені сау кез келген уақытта ауырып қала алады, ал бай бір сәтте кедейленуі мүмкін.
• Білімсіз жасалған құлшылықта, түсінік жоқ білімде қайыр жоқ.
• Ақылсыздықпен басталып, өкінумен аяқталатын ашудан сақтаныңыздар.
• Жүрек таза болғанда ғана тілден оңды сөз шығады.
• Ең үлкен байлық - ақыл. Ең үлкен кедейлік - ақымақтық. Ең жаман жабайылық - өзіңе тәнті болу. Ең керемет жомарттық - көркем мінез.
Жан, мінез тәрбиесіне байланысты 10 ӨСИЕТ
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора