Кейбір адамдар діндегі «кішіпейілдік» пен «жоқшылық» ұғымдарын дұрыс түсінбей жатады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Кішіпейілдік деген – жағдайы бола тұра басқалардың көзіне бейшара немесе мүсәпір кейіпінде көріну дегенді білдірмейді.
Кішіпейілдік адамдардың мансабы мен қызметіне, дәулетіне қарап алаламау, барлық адаммен тең қарым-қатынаста болу, оларға қарапайымдылық таныту, жақсы мәміле көрсету сияқты т.б.
Бір күні пайғамбардың құзырына үстіндегі киімі тозығы жеткен бір кісі келеді. Алланың елшісі (с.ғ.с.) мұны көріп:
– Сенің мал-мүлкің бар ма? – деп сұрайды.
– Иә, бар.
– Ол қандай мал?
– Алла маған түйе, қой жылқы және құл нәсіп етті.
Сонда пайғамбар:
– Алла саған дүние берген екен, Алланың нығметі мен кеңдігін басқаларға көрсет, – деп кеңес береді (Әбу Дәут).
Сол үшін Ислам жағдайы бола тұра мүсәпір сияқты киініп көрініп жүруді құптамайды. Себебі Құдай Тағала пендесіне берген нығметінің көрінгенін қалайды екен.