Әуелі мынаны білуіміз керек, спирт үш түрге бөлінеді:
Ішуге арналған спирт
Өнеркәсіптік спирт
Медициналық спирт
 
Алғашқысынан алкогольді ішімдіктер жасайды. Мұндай спирт табиғи шикізаттан өндіріледі (ішілуі харам және жүзім мен құрмадан өндірілгені нәжіс). 
Ал, спирттің кейінгі екі түрін (өнеркәсіптік және мед.) мұнайдан, малақтан (навоз), көмірден т.б. табиғи емес компонеттерден өндіреді. Тек, айырмашылығы &ndash мед.спирт өнеркәсіптік спирттен қарағанда көптеген тазартулардан өтеді және кейде табиғи шикизаттан да өндіріліп жатады. Техникалық талаптамаларына қарағанда, спірттің бұл екі түрі ішуге жарамсыз[1].
Ендігі, сұрағыңызға келелік.
Жалпы дінімізде (Ханафи мəзхабында) спирттің жүзімнен немесе құрмадан өндірілген түрі нәжіс ретінде саналады. Ал, одан өзге компонеттерден өндірілген спирттердің нәжістігі жоқ (сыртқы қолданысқа қолдануға рұқсат). Дәрігерлер көбіне медициналық спиртті қолданып жатады. Сондықтан да, укол саларда денеңізге немесе киіміңізге жағылған аталмыш спирттің намазға еш кедергісі жоқ[2].
 islam.kz