Ғалымдар тұрып су ішудің адамға өте зиянды екенін анықтады. Сөйтсе, асқазан адамның отырып тұрған күйіне қарай өзгеріп отырады екен. Яғни, адам тұрғанда не отырғанда асқазаны түрлі пішінге енеді. Адам тұрып су ішкенде су тікелей тоқ ішегіне өтіп кетеді екен. Былайша айтар болсақ, тұрып ішкен судың азқазанда тоқтамағандықтан адам ағзасына еш пайдасы болмайды. Ал су адам денсаулығына өте пайдалы дүние. Егер суды отырып ішетін болсаңыз, су асқазанда жиналып, ол жерде асқазан қышқылымен араласып, микроптарды өлтіріп барып тоқ ішекке өтеді. Бұл жағдайда адам холера секілді, басқа да түрлі аурулардан сақтанған болады.
Бұл медициналық жаңалықты осыдан он төрт ғасыр бұрын Пайғамбарымыз (с.а.у.) да ескертіп кеткен. Тек біз оны ескере бермейді екенбіз. Ардақты Елшіміз (с.а.у.) мұсылман үмбетін тұрып су ішуден тыйған. Сахаба хазіреті Әнас былай дейді: «Расулалла, (с.а.у.) тұрып су ішуге тыйым салды. Мен Пайғамбарымыздан: «Ал тұрып тамақ жеу ше?», – деп сұрадым. Ол: «Бұған да қатаң тыйым салынады. Тұрып тамақ ішу су ішуден де жаман», – деп жауап берді».
Әбу Хурайрадан жеткен хадисте Алла Елшісі (с.а.у.): «Байқаңдар, тұрып су ішпеңдер. Егер араларыңда кімде кім ұмытып ішіп қойған болса, дереу құссын», – деген. Міне, бұл хадистер тұрып су ішіп, тамақ жеудің қаншалықты зиян екенін аңғартса керек.
Ал адамның тұрған не отырған күйіне байланысты асқазанның өзгеріп отыратынын да Сүйікті Пайғамбарымыздың хадисінен білеміз. Пайғамбарымыз тамақ ішу әдебінде «Тамақтың үштен бірін суға, үштен бірін тамаққа, үштен бірі ауаға қалдыруды» өсиет еткен. Егер адам дастархан басында бір аяғын бүгіп отыратын болса, асқазаны үш бөлікке бөлінеді екен. Міне, осылай тамақ ішу мұсылманға сүннет. Яғни, Пайғамбарымыздың тамақ ішкенде сол аяғын жамбасының астына жіберіп, оң аяғын бүгін отыруы осыдан.
Міне, қаншама ғасырдан кейін ғылыми тұрғыдан дәлелденіп жатқан мұндай жаңалықтар мұсылман үшін әсте жаңалық емес. Тек сырын ұғып, хикметіне ой жүгірте білсек болғаны.
Тұрып су ішу – қауіпті!
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора