Қазақ «Кең болсаң, кем болмайсың» деп айтады. Шама жетсе танитын немесе танымайтын көмекке зәру адамның барлығына көмектескенге не жетсін, бірақ, адам баласы әртүрлі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Жаратылыс жағдайын жақсы білген пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің үмбетіне көптеген насихат қалдырды. Солардың бірі, біреу бір нәрсе сұрап келсе, белгілі заттарды міндетті түрде берген дұрыс деген кеңесі.
Бұл туралы Айша анамыз сұрап білген деген хабар бар.
Бір жолы Айша анамыз (Алла оған разы болсын):
– Уа, Алланың елшісі, сұрағандарға қандай заттарды міндетті түрде беру керек? – деп сұрайды.
Пайғабар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
– Су, от тұтатқыш және тұз, – деп жауап қатты.
– Суды түсіндік, ал от тұтатқыш пен тұзды берудің мәнісі не? – деп қайта сұрағанда, ардақты пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
– Уа, Айша, кім оттық берсе, сол отпен пісірген нәрсенің барлығын садақа қылғанмен тең. Ал кім тұз берсе, сол тұзбен дәмі кірген астың барлығын садақа қылғандай. Ал кім су беріп, біреудің шөлін басса, жетпіс жанды тұтқыннан босатқанмен тең. Ал кім су тапшы бола тұра, өзінің суынан беріп, біреудің шөлін басса, өлген жанды қайта тірілткенмен тең».
Әрине, бұл әңгіменің хикметі адам баласына қандай жағдайда болмасын көмек берудің қажеттілігін көрсету, ал аталмыш заттар болса адам өмірі үшін анағұрлым маңызды екенін еске салу.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz