Сүннет бойынша тамақтанудың 4 әдебі

1. Тәбеті тартқан асты жеу. Әбу Һұрайра (р.а.) былай әңгімелейді: «Алланың елшісі ас талғамайтын. Тәбеті тартқанда ғана асқа қол созатын».

2. Өзге табаққа қол созбай, тек өз алдыңнан жеу. Омар ибн Әбу Сәләм былай әңгімелейді: «Бір күні Алла елшісімен бірге тамақтандым. Тамақтың етін ғана теріп жей бастап едім: «Тек өз алдыңнан ғана жеуің керек», – деді ескертіп».

3. Тамақты "бисмилләмен" бастау. Үмайя ибн Әбу Махша былай әңгімелейді: «Бірде Алла елшісі «бисмиллә», – деп айтпастан бір кісінің табаққа қол салып жей бастағанын байқап қалады. Әлгі кісі тек соңғы түйір асты алып тұрып «бисмиллаһи фи әууәлиһи уә ахириһи», – дейді. Осының бәрін үнсіз бақылаған Алланың елшісі күлімсіреп: «Уаллаһи, бастапқыда шайтан да онымен бірге тамақтанып жатты. Соңында «бисмиллә», – деп айтылғанда шайтан ішіп-жегенінің бәрін құсты», – деді».

4. Тамақтанып болған соң Аллаға шүкіршілік ету. Хазірет Әлидің біреуге қалай тамақтану керектігі жөнінде айтқан насихаты Ибн Абәдтің әңгімесі: «Бірде хазірет Әли маған: «Уа, Ибн Абәд, тамақтың да хақысы бар, білесің бе?» – деді, мен: «Қандай?» – дедім. Ол: «Бисмилла. Аллаһым, осы берген нығметтеріңе береке бер. Бойымызға құт болсын!» деуің керек», – деді. Сосын мынадай сұрақ қойды: «Ал ас қайырып, ішіп-жегеніңе қалай шүкіршілік етудің жолын білесің бе?» «Қалай?» – дедім мен. «Бізге жегізген және ішкізген Аллаға шүкіршілік етемін» деуің керек», – деді».

islam.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста