Елге танымал қари ұстазымыздың бірі «Қазір сиқырға ұшыраған жігіттер көп келуде» деген алаңдаушылығын білдірді. Сол діннен мүлдем бейхабарлар дейді.
⠀
Сиқыр (дуа) жайлы діни орта жақсы білгенімен, қозғағысы келмейді. Өйткені өте «лас» тақырып. Бірден айтайын, Пайғамбарымызға (с.а.у.) сиқыр жасалғанда «Әл-Муъаууизәтәни» сақтандырушы «Фалақ», «Нас» сүрелері түскен.Құранның соңғы 2 сүресін Алла Елшісі (с.а.у.) күнделікті #таңертең, кешке 3 реттен түрлі бәле-жаладан сақтану үшін оқыған.
Сонда бүкіл күнәдан қорғалған, құлшылығы түгел, мінезі кәміл Пайғамбарға (с.а.у.) жасалған сиқырдан діннің иісі мұрнына бармайтын пенделерге қауіп жоқ десек, ол- надандық.
⠀
Кейде «Мен ондайға сенбеймін, өтірік, анау-мынау т.б.» әңгімелерді естиміз. Ал «АҚИҚАТ» менің не сенің сенгеніңе мұқтаж емес, шайтан,әсіресе адам кейіпіндегі «әзәзіл» 24 сағат жұмыс істейді.
⠀
Сиқыр (дуа) үкімі – ХАРАМ! Яғни сиқыр жасатушы да, жасаушы да уақытша асығы алшысынан түссе де, түбі азапқа ұшырары хақ!
Осы ретте,«Өткір қылыш» деген (Жоғарыда суреті бар) У. А. Балидің #Ғибрат баспасынан шыққан кітабынан көп нәрсе түсіне аласыз.
Ал сақтану жолдары: барынша таза жүріп, тиісті сүре, дұғалар, #намаз, #Құран оқып жүру.Құран оқи алмасаңыз, жиі таспаларды тыңдау (Бақара, Ясин сүрелері, тағы Руқия арнайы аят-сүрелер жинағы)!
⠀
Пайғамбарымыз (с.а.у.) әрбір түні ұйқы алдында екі алақанын қосып оларға Ықылас, Фалақ, Нас сүрелерін оқып үрлеп, басы мен жүзінен бастап денесінің алдындағы бөлігінің қолы жеткен жерін сипап, солай 3 рет жасаған(Бұхари). Және таң намазынан кейін де қайталаған абзал.
⠀
Сол сияқты күйеуінің басқа әйелдің «жетегінде» кеткенін айтып хабарласатын келіншектер аз емес. Үйлері, жолдарынан түрлі тұз, шаш, т.б. күмәнді нәрселердің табылғандығын айтады.Байқасаңыздар, көбіне «зина» жасаушы әйелдерден қауіп жоғары. Ондай кезде Құранмен емдейтін хафиз, қариларға, имам-молдалардың тікелей кеңесін алған жөн.
Айша Кеңесбай