Саудя билігі бил қажылық құнының қалай өзгергені туралы деректі паш етті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі islam.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жайында IslamNews Al Arabiya ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып жазды.
Қажылық және ұмра істері жөніндегі министр Тауфық әр-Рәбианың айтуынша, қажылық құны шетелдік қажылар үшін 39%-ға арзандаған.
Осылай деген ол қажылар қарасы пандемияға дейінгі деңгейге жететінін жеткізді. Бұрын жыл сайын шамамен 2,6 млн адам қажылығын өтейтін. Биыл қажылар саны рекорд орнатуы мүмкін.
Осыны ескерген Саудияның «Қызыл Жарты Ай» қоғамы қасиетті мекендердегі төтенше жағдайда жедел әрекет ететін 8 тікұшағын ұсынды.