Сауда затынан зекет беріле ме?

 Ислам ғұламалары, нисаб мөлшеріне толған төрт түлік мал, алтын-күміс (ақша) және егістік үнімдерінен зекет берудің парыз болғаны сияқты айналымдағы сауда тауарларынан да шариғат белгілеген өлшемге толса, зекетін беру парыз екендігіне бір ауыздан келіскен. Алайда Заһирия мәзһабы және Насруддин әл-Албани сияқты кейбір ғалымдар, «Сауда заттарынан зекет берілмейді. Сауда затынан зекет беру туралы ешқандай дәлел жоқ» деген көзқарасын да кезіктіреміз. Насруддин әл-Бани, өзінің «Тәмәмул-минна фит-тағлиқ ғәлә фиқһис-сунна» атты еңбегінде, Әбу Зәрр (р.ғ.) жеткізген:

«Сауда-саттық затының да зекеті бар…» деген хадисті «әлсіз хадис» дей келіп: «Ақиқатында, сауда-саттық заттарынан зекет беру парыз дегендердің Кітапта да (Құранда да), сахих сүннетте де ешқандай дәлелдері жоқ», — дейді және аталмыш хадис жайлы өзінен бұрынғы Ибн Хажар әл-Асқаланидің, хадиске «хасан хадис» деп берген бағасын жоққа шығарады[1]. Бұл көзқарас Әһлу-сунна уәл жәмәға ғалымдарының ұстанымына мүлдем қайшы болып табылады. Осы жерде әһлу-сунна уәл жәмәға ғалымдарының Құран, сүннет, ижмәғ (ғалымдардың бір ауыздан келісімге келуі) және қияс негізіндегі дәлелдерінен бірер мысал келтіре отырып, сол негізде сауда-саттық заттарынан зекет берілмейді дегендердің көзқарасы дұрыс еместігін дәлелдеп көрелік.

Әуелгісі Құран: Имам әл-Жассас, Құрандағы: «Уа, иман келтіргендер! Кәсіп етіп, тапқан табыстарыңның жақсысынан садақа (зекет) беріңдер…» («Бақара» сүресі, 267-аят) деген аятты түсіндіру барысында: «Аяттағы «кәсіп етіп, тапқан табыстарыңнан…» сөзі сауда заттарынан зекеттің парыздығын білдіреді. Берілетін мөлшері Пайғамбардың (с.ғ.с.) баяндауымен болады. Сондай-ақ, бұл аят сауда заттарынан зекет берілмейді дегендердің көзқарасы дұрыс еместігіне дәлел. Әрі жылқы малынан және т.б. зекет беріле ме, жоқ па? деген дүние-мүліктің бәрінен зекеттің берілуі парыздығын білдіреді»[2] деген.

Екіншісі сүннет: Самура ибн Жундуб (р.ғ.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с.) бізге сауда-саттықтағы заттарымыздан зекет шығаруға әмір ететін еді»[3] делінеді. Бұл хадисте келген бұйрық түрі Құран әмір еткен істі (зекетті) баяндап, сауда-саттық заттарынан зекет берудің парыздығын қуаттап тұр. Әрі садақа сөзінің «Әлиф-ләм» әрпімен келуі көпке белгілі болған міндетті үкімді, яғни, зекетті нұсқап тұрғаны дәлел болып табылады.

Үшіншісі ижмәғ: Әбу Ғүбайд Абдул-Қариден жеткізген риуаятта: «Омар ибн Хаттабтың (р.ғ.) заманында Бәйтул-малға (қазынаға) жауапты болдым. Зекет берушілер сауда тауарларының көрінетін (төрт түлік мал және т.б.) және көрінбейтін (қоймадағы заттар) барлығын шығарып, есептейтін. Содан кейін әшкере, жасырынының барлығының зекетін алатын» делінсе, имам әл-Хаттаби: «соңғы ғасырларда Заһири мәзһабындағы кейбіреулер, «сауда заттарынан зекет берілмейді», — деп жүр. Ал сауда заттарынан зекеттің парыздығы әлдеқашан ижмәғ негізінде бекітілген»[4] деген.

Төртіншісі қияс: Ибн Рушд: «Сауда-саттықтың заттарынан пайда табу көзделуі себепті төрт түлік мал, алтын-күміс және егістік заттарына, яғни, ғалымдардың зекеті берілуі парыз екендігінде бір ауыздан келісімі болған дүние-мүліктің осы үш түріне ұқсайды»[5] деген.

Қорыта айтар болсақ, шариғаттағы нисабқа (зекет берілетін өлшемге) толған сауда-саттық заттарының қырықтан бірін немесе 0.25% пайызын зекет ретінде беру парыз. Сауда-саттық заттарынан зекет берудің парыз екендігі Құран, сүннет және ғұламалардың ижмағы негізінде бекітілген. Оны жоққа шығару дін негіздерін мойындамаумен бірдей әрі зекет алуға лайықты жандардың ақысын жеу болып табылады. Бұл дінімізде ауыр күнәнің қатарына жатады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда әлем экономикасы саудагерлердің қолында немесе бір елдің халқын кәсіптендіріп, асырап отырған кәсіпкер азаматтар десек артық айтқандық болмас. Тіпті, хадистерде берілетін зекеттің мөлшері ашық баяндалған төрт түлік малдың, алтын-күмістің және егістік дақылдарының барлығы саудагерлердің қолымен базарға түсіп, халықтың қажетіне ұсынылып отыр. Яғни, аталмыш үш түрден зекеттің берілетіндігі нақты настарда (аят, хадистерде) бекітілген болса, сауда-саттық тауарларына да нақты дәлелдердің барлығын көрсетеді. Сонымен қатар, зекет дүние-мүлікті және адамды рухани кірден тазартатын діни міндеттердің бірі болатын болса, саудагерлер зекет беру арқылы әрі рухани тазаруға, әрі дүние-мүлкін тазартуға мұқтаж жандардың қатарына кіреді. Неге десеңіз, олар күніне мыңдаған, миллиондаған ақшаның затын алып-сату барысында біреулердің ақысына кіруі, келісім-шарттарда көрсетілген сапаға толымсыз заттарды беріп жіберу сияқты жіберген олқылық тұстарын толтыруға зекет-садақаның да тигізер пайдасы көп. Яғни, адам баласы мұсылмандық міндеті болған зекетті беру арқылы Алланың құзырына таза бара алмақ! Самет Оқанұлы, исламтанушы

 kazislam.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста