Tауар үшін, яғни саудаға түсетін барлық нәрседен, ол тауар, жылжымайтын мүлік болуы мүмкін, төрт түлік мал болса да, жылдың соңында сатылған бағасының қырықтан біріндей мөлшері зекетке берілуге тиіс, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі mazhab.kz-ке сілтеме жасап.
Бұлардан зекет берілуі үшін басында саудаға ниет ету керек және нисаб мөлшеріне, яғни 80.18 гр алтын не күміске жетуі қажет.
Әлдебір тауар жыл ішінде басқа бір тауарға алмастырылған болса, бәрібір жыл соңында зекет беру керек.
Бұл айырбас арқылы жылдық мерзім үзілген болып саналмайды. Өйткені ол тауар саудаға арналғандықтан бәрі де қаржы мәселесіне қатысты.
Және ақша айырбасына қатысты үкім де осындай.