Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Салих кісіге, салих (адал жолмен келген) дүние жарасады». (Мүснәд Ахмед ибн Ханбал)
Әбу Хурайра (р.а.) былай дейді:
“Бір жолы Пайғамбарымызға (с.a.у.) біреу келіп:
“Уа, Расулалла! Қандай садақа сауап тұрғысынан ең үлкені?” деп сұрады.
Пайғамбарымыз (с.a.у.), “Садақаның ең ізгісі денсаулығың мықты, дүние-мүлікті жақсы көретін және жоқшылықтан қорқатын кезіңде берген садақа. Сен садақа беруді жан алқымға келіп, ‘анау пәленшеге, мынау түгеншеге берілсін’ дейтін сәтке дейін күттірме. Ол кезде ол беретіне дүние-мүлкің онсыз да пәленше мен түгеншенің (мұрагердің) иелігіне өтеді’ деп жауап берді.