Шашты қара түске бояуға бола ма?

Әссәләмуғалейкум! Қынаның қара түстісі болады екен, онымен шаш бояуға болады ма? Бақжан


Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ислам ғұламалары шашты қара түске бояу мәселесі төңірегінде әртүрлі пікір білдірген. Оларды қысқаша былайша тізбектеуге болады:

Шашты қараға бояу тек соғысқа аттанған жауынгерге ғана рұқсат. Өзгеге – мәкрүһ[1].
Мейлі жауынгер болсын, мейлі қарапайым кісі болсын шашын қара түске бояуы күнә емес. Бірақ, мақсат - өзгені алдау болса, онысы харам болмақ. (Мысалы, үйленгісі келген еркек әйелдің алдында өзінің кәрілігін жасырып «мені жас деп ойласын» деген пиғылмен қара түске бояп жатса, мұнысы алдау және көзбояушылық ретінде есептелетіндіктен харам болмақ).
Тұрмыс құрған әйелге күйеуі рұқсат еткен жағдайда ғана шашын қараға бояуына болады. Күйеуі рұқсат етпеген әйелге және тұрмысқа шықпаған қыздарға шаштарын қара түске бояуларына болмайды.
Әйел адамға ғана шашты қара түске бояуына рұқсат. Ер кісіге болмайды.
Егде тартқан, жасы ұлғайған қарт кісілерге шаштарын (немесе сақалын) қара түске бояуға болмайды. Өзгелерге болады.
Қорытынды:

Жоғарыда айтылғандай, ертеректе өмір сүрген ғалымдардың көпшілігі шашты, сақалды қара түске бояуды (соғыс кезінен басқа жағдайда) мәкрүһ санаған[2].

Әйтсе де, деректерге сүйенсек, кезінде шашын қара түске бояған сахабалар мен табиғиндер де болған екен. Кітаптарда бұған қатысты Әзіреті Осман, Пайғамбарымыздың қос немересі Хасан мен Хұсейін, Уқбә ибн Амір (р.а.) сынды сахабалардың есімдері айтылса, табиғиндерден Ибн Сирин, Әбу Бәрдәнің аты аталады[3].

Сондай-ақ, Ханафи мәзхабы ғалымдарынан Имам Әбу Юсуф те бұл жайында: «Әйелімнің мен үшін әдеміленгені маған ұнайтыны сияқты, әйеліме де ол үшін әдеміленгенім ұнайды», – дей келе, шашты қара түске бояудың «мәкрүһ» емес екендігін алға тартқан[4].

Түйін сөз:

Аталмыш мәліметтерді назарға ала отырып, айтарымыз: Шашты қара түске бояуға рұқсат. Тек, мына нәрселерді есте сақтаған жөн:

Әйел адамдар шаштарын бояйтын болса, онысы өзгеге емес, өзінің жарына ұнау мақсатында жасалады.
Егде тартқан, жасы ұлғайған қарт кісілерге шаштарын немесе сақалдарын қара түске бояуларына болмайды. Пайғамбарымыз (ﷺ) сахаба Әбу Бәкірдің әкесінің ағарып кеткен шашын көріп: «Шашының түсін өзгертіңдер, бірақ қараға емес»[5], – деген.
Қара түске бояудағы мақсаты - өзгені алдау болса, онысы харам.
Мүмкіндігінше, химиялық қоспалары жоқ қына секілді[6] табиғи бояуларды қолданған жөн[7].  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста