Сәлем намазын оқу міндет пе?

Сәлем намазы – мәкруһ уақыттардан тыс мешітке кіргенде отырмай жатып, екі ракағат оқылатын сүннет намаздарының бірі[1]. Бұл жайлы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Егер сендердің біреулерің мешітке кірсе екі ракағат оқымайынша отырмасын»[2].

 

Хадистегі бұйрық рай уәжіпті емес, сүннетті білдіреді[3]. Оған Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бес уақыт парыз намазынан бөлек намазды сұраған кісіге «Жоқ, тек нәпіл оқысаң болады»[4] деген хадисі дәлел болады.

 

Мешітке кірген адам намаз оқуға тыйым салынған үш уақытта, сондай-ақ таң намазының уақыты кіргенде, екінті намазынан кейін сәлем намазын оқуға болмайды[5]. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұндай уақыттарда нәпіл намазын оқуға тыйым салған[6]. Оның орнына «Субханаллоһи уалһамду лиллаһи уә ла иләһа иллаллоһу уаллаһу акбар.  Аллаһумма солли әлә Муһаммад уә әлә әлиһи» деп тасбих-салауат айтса мешіт ақысын өтеген болып саналады[7].

 

Сондай-ақ, мешітке кіре салып парызды немесе басқа да сүннет намаздарын өтесе – сәлем намазын орындаған болып саналады. Себебі сәлем намазы Алла Тағаланы ұлықтау мақсатында бекітілген. Сондықтан мешітке кіре салып оқыған барлық намаз мешіт ақысының орнына жүреді[8].

 

Ханафи мазһабы бойынша мешітке кіріп намаз оқымай отырып, одан кейін қайта тұрып сәлем намазын оқыса да сүннетті орындаған болады[9]. Әрине, отырмай жатып мешіт ақысын оқығаны абзал. Егер мешітке кіріп-шығуы жиі қайталанса, онда бір күнге бір сәлем намазы жеткілікті[10].  

 

Қорыта айтқанда, мешітке кірген адамның намазға тыйым салынған үш уақыттан және мәкруһ уақыттардан тыс отырмай жатып екі ракағат сәлем намазын оқуы – сүннет, міндетті емес. Тіпті, отырып қайта оқыса да, мешітке кіріп бірден парызды немесе басқа сүннет намаздарын орындаса да, сүннетке сай орындалған болады.

 

 

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста