Менің қояр сұрағым, жүкті әйелге ораза ұстауға бола ма? Жалпы ораза айында төсек қатынасына түскен қаншалықты дұрыс?
Мадина, Теміртау қаласы
Негізі шариғатта құрсақтағы немесе емізулі балаға зияны тиеді деп қауіптенген (жүкті не емізулі) анаға Рамазан оразасын тұтпай, кейінге қалдыруына рұқсат. Сахаба Әнәс бин Мәликтен риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у): «...Күмәнсіз Алла тағала сапардағы адамға намазды қысқартып, ал оразаны жолаушыға және жүкті әйел мен емізулі әйелге міндеттемеді...», - деді. Ал төсек қатынасына қатысты айтатын болсақ, рамазан айында тек күндіз ғана, яғни ауыз берік кезінде төсек қатынасына түсуге рұқсат жоқ. Кешке ауызашар уақытынан кейін төсек қатынасына түсуге рұқсат. Бұның оразаға тиетін кесірі жоқ. Бұл жайында Жаратушы Иеміз Алла Тағала былай дейді: «Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңе жақындасу рұқсат етілді. (Өйткені, бір-біріңді қорғауда) олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер...». Ауыз берік бола тұра күндіз бұл әрекетке әдейі барған жандар рамазаннан кейін 60 күн үзбей кәфарат қазасын өтеуі тиіс.
Рамазан айында төсек қатынасына түсуге бола ма?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора