Рамазан айында мұсылмандар жиі ұрынатын қателіктер

Көпшілігіміз үшін Рамазан айы өзінің рухани құндылығын жоғалтып, ғибадатқа қарағанда керісінше, механикалық жаттығу ретінде өтетіні анық. Көпшілігіміз оразаны таңнан кешке дейін айналамыздағы адамдар тұтқаннан кейін ғана ұстайтынымыз белгілі.

Біз бұл рухани уақыттың жүрек пен жанның күнә мен зұлымдықтан тазаланатын мерзімі екендігін санадан ұмыт қалдырамыз. Біз қасиетті уақытта дұға етіп, Алла Тағаладан күнәларымыз үшін кешірім сұрауды және тозақ отынан сақтауды сұрауды да жадымыздан шығарамыз. Иә, біз тек тамақ пен сусыннан ғана бас тартамыз. Ал басқадан ше?! Сондықтан Рамазан айында кеңінен орын алған көптеген қателіктерімізді қарастырайық!

Тамақ пен сусынға қатысты көп мазасыздық

Кейбір адамдар үшін Рамазан тамақтың төңірегінде өтеді. Олар күні бойы ғибадат жасап, Құранды оқудың орнына ас мәзірін әзірлеп, азық-түлік сатып алумен, тамақ дайындаумен әрі тағамды ойлаумен күнін өткізеді. Олардың күні бойы ойлайтыны тек ТАМАҚ, сондай-ақ олардың ораза айы дастарқан жасаумен өтеді. Құранда: "Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап етпеңдер! Шындығында, Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді", - деп баяндалған (7, 31). Әсіресе кейбір әйелдер уақытын ауызашарға тамақ дайындаумен өткізгендіктен, олардың тарауих намазы мен тәхаджүт намазына, Құран оқуына, тіпті дұға оқуына да күші қалмайды. Рамазан айы - мейірім мен кешірім айы, сондықтан пештеріңізді өшіріңіздер де, иманыңызды күшейтіңіздер!

Шамадан тыс тамақ

Кейбір адамдар сәресінде шектен тыс тойып алады, осы қалыптарында күні бойы аштықтан құтыламыз деп ойлайды, ал ауызашарда өмірінде жеген соңғы тағам сияқты тағы да мөлшерден артық жеп, күндізгі бос орынды толтырады. Алайда, мұндай мінез-құлық сүннетке қайшы болып табылады. Бұл ретте әр нәрсенің орны мен шегі болуы тиіс. Алла Елшісі (с.а.у.) былай деген еді: "Шынында да, Адам баласы өзінің асқазанынан нашар нәрсені толтырған жоқ! Ол өзінің күшін арттыру үшін тамақтың біраз бөлігін жесе жеткілікті, асқазанның үштен бірін тамаққа, екінші бөлігін - суға, үшінші бөлігін - тыныс алуға қалдырсын" (Әт-Тирмизи, 2380). Мөлшерден тыс тамақ адамды міндетті әрі қосымша құлшылықтардан алыстатады, жүрегін бейқам етеді. Егер сіз ауызашар сәтінде өзіңіздің тәбетіңізді бақыласаңыз, сіздің оразаңыз текке кетпегені. Артық ас сізді жалқау етіп, тарауих намазын оқуға кедергі келтіреді.

Күні бойы ұйықтау

Кейбір адамдардың тобы толық күндерін (немесе үлкен бөлігін) ұйықтаумен өткізеді. Сонда осы қасиетті айда бізге ұйқы лайықты ма? Айтылмыш адамдар өз күндерін ұйқының құшағында өткізеді, олар жайлылық пен жеңілдікке құштарлықтың құлы болып табылады. Аштыққа шыдап, ұстамдылық көрсетудың орнына ұйқыны таңдайды. Ораза ұстаушының көп бөлігін ұйқымен өткізуі, оның тарапынан кеткен салғырттығы екендігі анық.

Уақытты босқа өткізу

Рамазан айы - бұл үлкен қазына, біз рақым мен кешірім айының тез өтіп кеткенін байқамай қаламыз. Сол үшін әр минутын Аллаға бойұсынып, ғибадатпен өткізіп, оның разылығын алуға тырысуымыз ауадай қажет. Оның үстіне біздің кейбіріміз әр күнін бейнеойын ойнаумен, музыка тыңдап, ұнамсыз бейнедегі фильмдер мен бағдарламалар көрумен өткізетіні де жасырын емес. Алла сақтасын!

Тыйым салынған нәрселерден тыйылмай, ораза ұстау

Көпшілігіміз өсектен, ұрыс-керістен, жәбірлеу мен түрлі жағымсыз әрекеттерден тыйылмай ораза ұстайды. Тіпті кейбірі харам нәрселермен айналысады, мәселен, ішімдік сатады, азғындыққа барады т.б. Қорыта айтқанда, соның барлығынан толыққанды тазару ұсынылады. Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде осы жөнінде тамаша түсіндірген: "Егер кімде-кім жалған сөйлеу мен басқа да істерден тыйылмаса, Алла сендердің тамақ пен судан бас тартқандарыңа мұқтаж емес" (Бұхари).

Сәресіне немқұрайлы болу

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өміршең хадисінде: "Сәресін ішіңдер, онда берекет бар", - деген (Бұхари, Муслим). "Сіздердің оразаларыңыз бен Кітап иелерінің оразасындағы айырмашылық - сәресі кезіндегі тамақта" (таң атқанға дейінгі сәт) (Муслим). "Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз қылды. Әрине, сақсынарсыңдар" (2,183).

Ұйықтап қалған жағдайда, оразадан бас тарту

Кейбір адамдардың тобы ұйықтап қалса, ораза тұтуға қорқады. Бұл - жеңіл өмірге деген бейімділік пен қорқақтық. Егер сіз тамақтың кішкене артық бөлігін жемесеңіз несі қорқынышты? Сіз одан өліп қалмайсыз, қайта сіздің ақылыңыз денеңізден биік тұрсын. Есіңізге сақтаңыз, Аллаға деген сенім мен үміт барлығын жеңеді.

Ақшам намазының уақытын тамақпен өткізіп алу

Азаннан кейін ішіп-жеуді жалғастыру, яғни, ақшам намазы шыққанға дейінгі аралықта. Кейбір адамдар аузын ашқан сәтте тәрелкесіне тамақты толтырып салып алып, тіпті ақшам намазының уағы шыққанға дейін жей береді. Шындығында, бұл - дұрыс әрекет емес. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеті бойынша оразасын ашқаннан кейін су ішіп, бірнеше құрма жегеннен соң бірден ақшам намазын орындауы тиіс. Сіз құлшылық жасап болғаннан кейін ғана қайта дастарқанға оралып, ішіп-жеуді жалғастыруыңызға болады. Тек намазды толыққанды оқып болған соң ғана. Тіпті жеген бірнеше құрмаңыздың өзі бойыңызға қуат беріп, дастарқанға қайта отырғанда сіз енді аштықты сезінбейтін боласыз. Бұл - сүннет жолы.

Дұғаның қабыл болу мүмкіншілігін жіберіп алу

Оразашының дұғасы қабыл болатындығы баршамызға белгілі. Алла Елшісі (с.а.у.): "Үш түрлі адамның дұғасы қабыл болмайды. Әкесінің балалары үшін жасаған дұғасы, оразашының ауыз ашқандағы дұғасы және жолаушының жасаған дұғасы" (Бұхари).

Олар алтын уақытында дұға етудің орнына мүмкіндіктерін текке жіберіп, тамақ дайындап, бос әңгімелермен өткізіп, өз тәрелкелерін тамаққа толтырып, үстел басында көп уақытын өткізеді. Сонда тағам сіздің күнәларыңыздың кешірілуі мен ғибадаттарыңызды орындаудан маңызды ма?

Ауызашарға бес минут қалғанға дейін Ұлы Жаратушыға жүрегіңіздің төрінен барлық мұқтаждықтарыңызды айтып жалбарыныңыз. Сондай-ақ өзге мұсылманның мұқтаждығын да сұрауды ұмыт қалдырмаңыз.

Ораза ұстап, бірақ намаз оқымау

Адамдардың көпшілігі ораза ұстаса да, бес уақыт намазды оқымайды, тіпті сәресіден кейінгі таң намазын орындауға ықылассыздық танытады. Осы орайда бойдағы жалқаулықты жойып, онымен күресу қажет. Бес уақыт намаз оқу - ораза сияқты парыз етілген. Егер де сіз парыз намаздан қашсаңыз, сіздің ұстаған оразаңыздың қабыл болатындығына мүмкіндік бар ма?

Құранға мән бермеу

Рамазан айында Құран кітап сөресінде шаң басып, босқа тұрмасын. Біз келесі деңгейге көтерілуіміз керек. Сіз араб тілін нашар оқитын болсаңыз, оны жақсы оқуға талпыныңыз. Әр күні тіпті екі аят оқудан бастаңыз, иманыңыз көтерілген сайын көбірек оқуды әдетке айналдырасыз. Тіпті жиырма қысқа сүрені алып, жаттаңыз, қайталаңыз, тәпсірін оқыңыз, ғалымдардың ол турады не дегеніне көз жүгіртіңіз.

Жұмыс істеуге немесе емтиханға байланысты оразаны жіберіп алу

Емтихан мен жұмыс адамға ораза ұстамауға мүмкіндік бермейді. Егер сіз Алланың разылығы үшін барлық діни міндеттеріңізді орындасаңыз, Алла сіздің барлық ісіңізге жеңілдік сыйлайды. "Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады. Сөзсіз Алла өз бұйрығын атқарады. Расында Алла, әр нәрсеге бір өлшеу қойған". (65, 3)

Әлеуметтік желіде отыру

Біз уақытымыздың көбін әлеуметтік желіде өткіземіз (Twitter, Facebook, Instagram или WhatsApp). Алайда қасиетті Рамазан айында олардан мүлдем тыйыла алмаса да, әлеуметтік желідегі уақытты азайту қажет.

Ораза мен емдәмді(диетаны) араластыру

Ораза ұстауда арнайы өзіндік мақсат бар. Яғни, Алла разылығы үшін ұстау. Кейбір адам оразаны арықтау мақсатында ұстаса, бұл құлшылық мақсатына қарама-қарсы келеді. Әйелдер етеккір кезінде ғибадаттың қарқындылығын азайтады. Сондай кезеңде уақытты бекерге жоғалтудың қажеті жоқ. Құранды тыңдаңыз, Алланы зікір етіп, салауат айтыңыз. Жомарттық пен қайырымдылық танытып, ауызашар даярлауға көмектесіңіз немесе өзіңіз ұйымдастырыңыз. Осының үлкен сауабын Ұлы Жаратушыдан алатыныңыз ақиқат.

Итикәфтағы мүмкіндіктерді жібермеу

Рамазанның соңғы он күнін итикәфта өткізу реті келсе, оны жіберіп алмаңыз. Ғибадаттың бұл түрінің маңызы тым тереңде жатыр. Егер мешітте өткізсеңіз, достарыңызбен араласып, телефондағы жаңалықтарды оқып немесе журнал оқып өткізу керек деп ойламаңыз. Қайта мешіттегі басқа мұсылман бауырлармен бірге арнайы кесте құрғаныңыз абзал. Сіздің нақты белгіленген жоспарыңыз болса, сіз жалықпайсыз, өйткені, әрбір сәтіңізді қалай тиімді ұйымдастыруды білесіз.

Рамазанның тек 27 күнін ғана ғибадатпен өткізбеу

Кейбір адамдар Рамазанның тек 27 күнін ғана ғибадатпен өткізеді, Қадір түнінің нақты қай түн екені белгісіз болса да, басқа тақ түндерге аса мән бермейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Қадір түнін Рамазан айының соңғы он күндігінің тақ түндерінен іздеңдер", - деген еді (Бұхари, Муслим). Көптеген ғалымдар айтқандай, бәлкім қасиетті түн Рамазанның 27 түніне сәйкес келер, алайда бізге соңғы он күннің арасынан іздеу қажеттілігі де ескертілген. Әбу Хурайрадан (р.а.) жеткізген хадисте былай делінген: "Кім Рамазан айында шынайы сеніммен Алладан үміт ете отырып, ораза ұстаса, Алла оның барлық күнәсін кешіреді, ал Қадір түнінде ықыласпен Алладан үміт ете отырып, ғибадат етсе, Алла оның алдыңғы күнәларын кешіреді".

Оның үстіне Алланың жомарттығын шектеуге болмайды. Егер Алла қаласа, сізге 200 жыл бойы нығмет, ризық бере алады. Бұл - Алланың даналығы, біз Қадір түнінің қай уақытқа сәйкес келетінін білмейміз, Алла барлық нәрсені білуші, егер ол қаласа, қасиетті түн үшін сауапты қандай да бір басқа уақытта аласыз.

Рамазанның соңғы күндерін Ораза айт мейрамына дайындықпен өткізу

Бірқатар адамдар Рамазанның соңғы күндерін кілең Ораза айт мейрамына дайындықпен өткізіп жібереді. Азық-түлік сатып алады, сауда орталықтарына барады, нәтижесінде Рамазанның соңғы күндерінде намаздар мен басқа да ғибадаттарға немқұрайлылық таныта бастайды. Әсіресе, тозақ отынан сақтауды сұрайтын дұғаларға да мән бере алмай қалады. Әзиз Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазанның соңғы күндерінде біз сияқты дүкенге емес, Аллаға деген рухани жақындықты арттырғанын білеміз. Әлбетте, қонақтарға құрмет көрсетіп, жақсы қараған сүннетке сай келеді, алайда, мүбәрак айдың соңғы сәттерін осындай дүниелік нәрселерге жіберіп алудан сақ болғанымыз абзалырақ.

Айша анамыз (р.а.) жеткізген хадисте: "Рамазанның соңғы күндері болғанда Алла Елшісі (с.а.у.) көп құлшылық жасап, көбірек мән беріп, әйелдерімен жақындықтан да қашықтаған, түнде ояу болып, түнгі ғибадатқа өз отбасын оятқан" - делінген (Бұхари, Муслим).

Әли ибн Әбу Тәліп (р.а.) былай дейді: "Мен сұрадым: "О, Алланың Елшісі (с.а.у.), осы айдағы ең сауабы көп амал қандай?" Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтты: "О, Әбу Хасан, бұл айдағы ең жақсы амал - Алла тыйым салған барлық істерден ұзақтау".

Алла Тағала баршамызға осындай қателіктерден қашық болуға жәрдем етсін! 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста