Қысқа балақты шалбар кию неден туындады?

Уахабизмдік көзқарас бойынша киім үлгісінің бірқатар өзгешеліктері бар. Қысқа балақты шалбар кию неден туындады? Бұл буквалистік, шектеулі, тар, шетін көзқарастан шыққан дүние дейді ҚР МСМ «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау» орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтылды.
«Арабтарда сол кезеңде мақтанышпен өзінің байлығын көрсету үшін балағы жер сүйретіп жүретін үрдіс қалыптасқан еді. Осыған орай Мұхаммед с.ғ.с «мақтаныш үшін шалбарларыңның балағы жер сызып жүрмесін» дегенін сөзбе-сөз түсінген уахабизмдік ағым осы ұғымды кеңінен таратып алған. Бұл сол жағымсыз салтқа ғана қатысты айтылған болатын,-дейді орталық директоры.
Сонымен бірге аталмыш идеологияның ислам дінінің ғасырлар бойғы ұстанымдарына қарсы шығып қана қоймай, өзге халық мәдениетін қабылдамайтындығымен белгілі дегенді айтқан А. Әбдірәсілқызы уахабилік идеология халықпен сіңісе алмайды дейді.
«Бірініші кезекте бұл ағым исламның өзіне кері әсер ететін, буквалистік, шектеулі тар шетін көзқарастарын насихаттайтын және араби мәдениеттен өзгені мойындамайтындығымен белгілі. Сонымен қатар исламның ғасырлар бойғы кей ұстанымын теріске шығаратын тұстары да байқалады. Мысалы ислам әлемнің 70 %-на таралуының басты себебі ол елдің мәдениеті мен дәстүріне қарсы шыққан жоқ. Біздің халқымызға да осылай келді. Сондықтан уахабилік иедология басқа ортаға сіңе алмайды. Қай қоғамға барса да қоғамның, мемлекеттің ішкі тұрақтылығына нұсқан келтіретіні айқын. Бұл көз-қарастағы адамдардың нақты санын айта алмаймын, дін істері комитетінде шоғырланған, сұрап білуге болады»-деді ол.
«Өзге халық мәдениетін тек жаман бидғат деп қарайтын бұл ағым эволюциялық көзқарастарды жоққа шығарушы , араби мәдениет жүргізу саясаты бар екенін білеміз. Исламда жаңашылдық деген мағынаны беретін бидғат ұғымы жақсы және жаман деп екіге бөлінеді. Дін негізіне еш қайшылығы болмаса жақсы бидғатқа еш шектеу қойылмайды. Ел ішінде дәстүрге айналған дүние исламға қарсы келмесе пәтуа шығарудың негізі де бола алады деген ұстанымдар бар. 
"Құранды тар шеңберде түсіну мен, түсіндіру, белгілі бір ситуативтік жағдайға байланысты түскен хадистерді әмбебеп көруі, өзгелердің дәстүрлі сенімі мен мәдениетін қабылдамау сияқты кері көзқарастар қамтылған. Мұндай иедологияның зиянды екенін араб елдеріндегі ғалымдар да айтып отыр", - дейді қоғамдағы дендеп тұрған ағым туралы өз сөзін қортындылаған А. Әбдірәсілқызы.

Ая ӨМІРТАЙ
baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста