Алла Тағала Құранда ерекше мән берген бұл жемістің химиялық құрамын зерттеген кезде көптеген пайдалы заттар анықталды.
Құрма – адамзат баласының барлығына танымал, ең көне жеміс болып табылады. Өзінің нәзік, тәтті әрі құнарлы сипатымен қазіргі таңда да көптеген әлем елдеріндегі маңызы зор жеміс болып отыр.
Ғалымдар бұл жемістің барлық жаңа қырын және таңқалдырарлық ерекшелігін әрі таңдаулы ас екендігін ғана емес, небір түрлі ауру- сырқаудың таптырмас емшісі екендігін анықтап отыр. Сондай- ақ Құран аяттары да біздің назарымызды құрманың адам баласына берер пайдасына аударуда. Мәриям сүресінен бір аят келтірер болсақ,
«Сонда оны толғақ қысып, құрма ағашының түбіне барды да: “Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп қана мүлде ұмытылып кеткен болсам еді” деді. (Періште) оның астыңғы жағынан: “Кейіме, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты” деп дабыстады. “Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілк. Саған жас құрма түседі” (деген үн келді). Ал енді же де, іш. Көз айым бол!...» (Мәриям сүресі, 23-26 аяттар).
Толғақ сәті келген кезде Алла Тағала салихалы Мәриямға Иса Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) арқылы құрманың дәмін татырды. Бұл Құрандағы әмір Иләһи даналықты меңзейді.
Жақында ғалымдар құрманың әйел адам босанар кездегі берер пайдасын және де аяғы ауыр әйел мен іштегі нәресеге де пайдалы екендігін анықтап отыр.
Құрманың құрамында үлкен мөлшерде қант бар екен, яғни 60-65 пайыз. Бұл барлық жемістермен салыстырғандағы ең үлкен көрсеткіш.
Дәрігерлер әйел адамдарға жүкілік кезінде және де босанатын күні үзбей осы жеміс шырынын ішуге кеңес береді. Себебі,бұл жеміс шырыны ағзасы әлсіреген анаға күш береді, сонымен қатар босанушы әйелдің ағзасында жаңа туылған нәрестеге өмірінің ең алғашқы сәтінен бастап өте қажетті ана сүтін құрайтын химиялық реакцияның жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Сондай- ақ босану кезінде әйел адам көп қан жоғалтатындықтан қанының құрамында қанттың мөлшері төмендеп кетеді. Құрма ағзадағы қантты толтырушы болып табылғандықтан, қан қысымының төмендеуін болдырмайды. Бұл жемістің құндылығы өте жоғары болғанықтан әлсіздік басқан және де сырқаттан әлсіреген жандарға да өте пайдалы. Өткені құрма адамның күш- қуатын қалпына келтіреді.
Бұл анықталғандарың барлығы Алла Тағаланың салихалы Мәриямға не себепті бұл жемісті жеуге әмір еткендегі даналығын көрсетеді. Себебі құрма ана ағзасына күш береді және де нәрестенің жағыз ғана қорегі болар ана сүтінің түзілуін жүзеге асырады.
Есте болар жайт, құрманың құрамында ойдың жүйелі болуына және денсаулыққа пайдалы 10 түрлі элемент бар. Бүгінде ғалымдар адам баласының тек құрма мен суды азық етіп, бірнеше жыл өмір сүре алатындығын анықтап отыр. Ашығу (диетология) саласының беделді маманы, доктор В.Х. Доусон бір құрма мен бір стақан сүт адамның ағзасын бір күндік қажетті заттармен қамтамасыз ете алады деген тұжырым жасаған.
Құрманың құрамындағы окситоцин деген химиялық зат заманауи медицинада босанатын әйелге жәрдем беретін препарат ретінде қолданылады. Окситоцин- босану процесін жылдамдатады. Көптеген ғылыми дереккөздер бұл препаратты «жылдам босандыру» дәрісі деп сипаттайды. Бір қызығы босанғаннан соң окситоцин ана ағзасында сүт түзуші затқа айналып кетеді екен.
Окситоцин, негізінде мидың артқы жақ гипофизінде түзілетін және де толғақты шақырушы, жатыр және жамбас буындарын тарылтушы гормон болып табылады. Ананың ағзасын босануға дайындаушы да осы гормон. Окситоцин гормонының әсері бұлшық ет жасушаларында ана сүтін түзіуші ретінде және ана жатырының бұлшық етінде көрініс табады.
Босану процесі сәтті өтуі үшін жатыр бұлшық еттерін дұрыс қысу маңызды. Окситоцин өз кезегінде жатыр бұлшық еттерінің белсенді түрде қысылуына белсенді ат салысады. Сонымен қатар, босану процесі аяқтала салысымен ағзадағы өз қызметін атқара береді. Ендігі жерде ол сүт бездерінде ана сүтін түзе бастайды.
Құрманың құрамындағы бір ғана зат – окситоциннің болуы – Құрандағы Иләһи ескертпе екендігінің дәлелі бола алады.
Құрманың медицинадағы зор пайдасы жайлы зерттеулер ең алдымен әйел адамды босандырар кездегі ең таптырмас зат екендігі медицинада ашылған соңғы жаңалық болып отыр. Алайда бұған дейін, 1400 жыл бұрын Құранда Алла Тағаланың Мәриямға бұл жемістің жүктілік кезіндегі пайдасы мен босануын жеңілдетуші жеміс екендігін Өз даналығымен білдіргендігі айтылып қойған.
Сонымен қатар, құрмада ағзаға тез сіңетін және де жылдам ыдыраушы қант шырыны бар. Ол ағзаның белсенділігін арттырып, жылу күшімен қамтамасыз етіп отырады. Құрмадағы қант шырыны ағзада қант құрамын мөлшерден асырушы кәдімгі қанттан, глюкозадан айырмашылығы көп. Қан құрамындағы қанттың көтерілуі бірнеше сырқаты бар жандар үшін өте қауіпті, соның ішінде қант диабеті кезінде. Қан құрамында қанттың көбеюі іш- құрлысқа зиянын тигізеді. Ең бірінші бүйректің, көздің, жүрек бұлшық етінің жүйке талшықтарының қызметі бұзылады.
Қанттың көбеюі нәтижесінде көптеген аурулардың ауыр түрінің себебі және де көру қабілетінен айрылуға, мүшелердің жансыздануына, бүйрек ауруына және де қант диабетінің ауыр түріне апаруы мүмкін.
Құрмада көптеген дәрумендер мен минералды заттар бар. Олар жасұныққа (клетчатка), майға және ақуыздарға бай. Құрмада минералды заттардан натрий, калий, кальций, магний, темір, күкірт, фосфор және хлор бар. Сонымен қатар, құрманың дәнінде А дәрумені, бетакаротин, B1, B2, B3 және B6 дәрумендері бар. Жүкті әйелдің ағзасына және жалпы адамның ағзасына құрмадағы дәрумендер мен минералды заттардың қалай әсер беретіндігіне бірнеше мысал келтіреміз:
- Құрма 50 пайыз қанттан құралған. Сондықтан да өте нәрлі. Ол ағзада тез таралады, қант шырыны жүйке жүйені тыныштандырады. Құрма мидың қызметіне өте пайдалы, себебі 2.2 пайызы ақуыздан тұрады. Сондай- ақ А, В1 және В2 дәрумендеріне бай. Ақуыздар ағзаны жұқпалы аурудан қорғаушы қызметін атқарады. А дәрумені көз бұлшық еттерін жақсартады, сүйек және тісті қатайтады. В1 дәрумені ақуыздарды, көмірсуларды және майларды жойып, ағзадағы жасушалардың жаңаруын қамтамасыз етеді.
- Құрманың нәрлілігі тұқымдағы адам ағзасына қажетті минералды заттардың құрамына байланысты. Мысалы, жүкті және бала емізетін әйелдерге ең қажеті зат – фоле қышқылы. Бұл қышқыл ағзадағы жаңа жасушаның түзілуіне қатысушы маңызды дәрумен. Амин қышқылы – жасуша жаңару кезіндегі ағзадағы түзуші жабдық болып табылады. Жүктілік кезінде бұл қышқылға деген қажеттілік екі есе артады. В9 жетіспеген кезде ағзадағы эритроциттердің мөлшері көбейеді, алайда олардың құрылымдық белсенділігі төмендейді де қан аздыққа апарады. Сондай- ақ, бұл қышқыл (фолиевая кислота) жасушаның бөлінуі кезінде және де жасушаның құрылуы кезінде әрі нәрестенің анасының жатырында дамуы кезінде ана ағзасы осы қышқылға мұқтаж болады. Ал құрма В9 (фолиевая кислота) дәруменіне өте бай.
- Жүктілік кезінде көптеген әйелдердің біраз уақыт жүректері айнып және де физиологиялық өзгерісте жүреді. Нәтижесінде ағзаға кальий жетіспеушілігі басталады. Осы кезде жүкті әйел құрамында осы элементі бар тамақтар жеуі тиіс. Калий құрмада көп мөлшерде бар деуге болады, ол болашақ ананың ағзасындағы судың тепе- теңдігін сақтауға көмектеседі. Калий ағзаға миға қажетті оттегіні алуға көмектеседі және де ойдың сергектігін қамтамасыз етеді. Мұнымен қоса, ағзаға қажетті суды және де бүйректегі қалдықтар мен зәрдің шығуын реттейді. Ағзадағы жеткілікті калий жоғары қан қысымын болдырмай, дененің терісіне жақсы әсер береді.
- Темір – құрмадағы тағы да бір минерал. Ол қанның қызыл жасушаларындағы эритроциттер түзші гемоглобиннің жұмысын реттейді. Қан аздықтың алдын алады және де баланың дұрыс жетілуіне көмек береді. Эритроциттер оттегі мен көмірқышқылды алмастыруда маңызды рөл атқарады. Құрма темірге бай, сондықтан да күніне 15 құрмадан артық жеген адам ағзаға қажетті темірді алған болады.
- Құрмада кездесетін кальций және фосфат қаңқа мен тіреуіш әрі қозғағыш аппараттарының дұрыс қалыптасуын қамтмасыз етеді. Бұл жемісті үзбей жеу- ағзаны сынғыш сүйек пен остеопороздан сақтайды.
- Ғалымдар құрманың адамның жүйке талшықтарының қызметінің жақсаруына тигізетін әсерін ерекше айтып өтеді. В6 дәруменінің адам ағзасына беретін әсерін зерттеген Беркелей университетінің дәрігерлері құрманың құрамындағы В6 дәрумені, жүйке жүйесін жақсартып, құрамындағы магнийдің бұлшық еттің жұмысында маңызы зор екендігін анықтады. Сонымен қатар, құрманың құрамындағы магний бүйрекке ең пайдалы зат. Күніне 2-3 тал құрма жеген адам ағзасына қажетті магнийдің тәуліктік мөлшерін алған болады.
- Құрамындағы В1 дәрумені жүйке жүйесінің қалыпты қызметін сау қалпында сақтауға көмектеседі. Сондай- ақ, В2 дәрумені ағзадағы көміртегінің тасымалдануына көмектеседі. В1 және В2 дәрумендері ағзадағы ақуыздардың, көміртектің және майлардың ыдырауын қамтамасыз етіп, жасушалардың жаңарып отыруына әрі ағзаны керекті күш- қуатпен қамтамасыз етеді.
- Әйел адамның жүктілігі кезінде А дәруменіне қажеттілік болады. Құрманың құрамындағы А дәрумені иммунитетті нығайтып, ағзаның сыртқы әсерлерге төтеп берушілігін арттырады және де көздің көруін жақсартып, сүйек пен тістерді қатайтады. Бетакоротин ісік тудырушы жасушалардың болдырмауына септігін тигізіп, ағзаға зиян беретін молекулалардың жұмысын қадағалаушы қызметін атқарады.
Құрманың тағы да бір ерекшелігі ақуздың көп мөлшерде болуы. Ақуыз өзге жемістерде мұндай көлемде болмайтыны белгілі. Осы бір ерекшелігінің арқасында құрмалар ағзадағы дерттерге, жұқпалы ауруларға қарсы тұрып, жасуша қызметін жақсартып, ағзадағы суды реттеп отырады. Мысалы: ет өте құнарлы ас болып табылады. Алайда ол адам ағзасына құрманың беретін дәрумендерін бере алмайды. Әсіресе жаңа піскен кезінде бұл жеміс дәрумендер мен минералдарға бай болады. Сонымен қатар, қазіргі таңда ет адам ағзасына қауіпсіз деуге келмейді, бұл ауыр тамақ және де оның қорытылуына көп уақыт қажет. Сондай- ақ адам ағзасында уыт пен холестериннің жиналуына әсерін тигізеді. Құрма өзге өсімдіктер мен жемістер секілді ағзаға пайдалырақ болып табылады.
Жоғарыдағы зерттеулер Құдіретті Алла Тағаланың шексіз ілімі мен мейірімінің көрсеткіші болып табылады. Құрманың жүктілік кезіндегі пайдасы және оның химиялық құрамындағы ана ағзасына қажетті заттар тек заманауи медицина дамыған соңғы жылдары ғана анықталып отырса, бұл жемістің пайдасы жайлы он төрт ғасыр бұрын Құран адамдарға жар салған.
_______________________
_______________________
Орыс тілден аударылған Azan.kz