Құрбандықты түстен кейін немесе түнде шалуға бола ма?

Жалпы құрбандық мал айт намазынан кейін шалынады. Одан ерте мал сою ол құрбандық емес «садақа» болып есептелінеді. Шариғат бойынша құрбан айттың үш күнінде мал сойып таратылады.

Ал, түнде мал бауыздауға жалпы тыйым салынған. Себебі, түн кезінде малды қате сойып немесе қасапшы қолын жарақаттап алуы мүмкін. Тағы бір айта кетерлігі малды мереке күндері сойғанымен, етін кейін таратса да күнә емес. Шариғатта жаңа сойылған балғын етті иістендіріп алмай кедейлерге ертерек таратып берген «абзал» деп есептелінеді. 

Құрбандықтағы міндеттер

Құрбандық шалуда ең бірінші – ниет болуы тиіс. «Мешіттің қасында сою керек» деген ереже жоқ. Әр әдам малды таза жерде бауыздап, таратса да жарайды. Мал соярдың алдында қасапшыға пышағын құрбандықтың көзінше қайрауына болмайды. Құрбандық малдың (түйе, қой) жүнін алдын ала қырқып алу, сүтін сауып ішу, мініп жүру секілді жеке басқа пайда көруге тыйым салынған. Ал, терісін, жүнін кедейлерге таратып беруге болады. Сондай-ақ, құрбандықтың етін басқа жаққа жібермейді. Яғни Алматыда мал сойып Астанадағы кедейлерге апармайды. Себебі, етті ең бірінші жақындағы кедейлерге таратады. Сондай-ақ құрбандыққа мал соймай, сол малдың құнын кедей кепшікке тарату «садақа» деп есептелінеді. Құрбан айт кезінде қан шығарып, құран оқыту керек. Мал соятын пышақ өткір болуы тиіс. Малды бауыздағанда желкесінен емес кеңірдегінен сойып, жаны толық шыққанша терісін сыпырмайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста