Құрбандық шалғанда оқылатын дұға
Негізі құрбандықты нақты қай уақытта шалу керек? Арапа күні малды сойып, дайындап қою керек пе, әлде сол күні бауыздала ма? Және құрбандық шалар кезде қандай дұға оқылады?
Марат, Шымкент қаласы
Негізі құрбандыққа мал бауыздау рәсімі Құрбан айт намазы оқылғаннан кейін үш күннің ішінде орындалуы тиіс. Одан бұрын немесе Құрбан айт мерекесі өтіп кеткеннен кейін мал сою құрбандыққа жатпайды. Бұл ретте Ұлық Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Бұл күні (Құрбан айт күні) біздің ең әуелгі ісіміз – намаз оқу. Одан кейін (үйлерімізге) қайтып, құрбан шалу. Кім осыны істесе, біздің сүннетімізге сай жол тапқан болады. Кім (айт намазынан) бұрын құрбандық шалса, бұл бар болғаны бала-шағасына берген ет, құрбандыққа қатысы жоқ». «Кім (айт) намазынан бұрын құрбандық шалса, ол өзі үшін мал сойғаны, кім (айт) намазынан кейін (құрбандық) шалса, ол құрбандығын толық орындаған болып, мұсылмандардың сүннетіне сәйкес амал еткен болады».
Айта кетейік, негізі қолынан келсе, малды құрбандық шалушының өзі бауыздауы керек. Ал егер мал соя алмайтын болса, онда сенімді біреуді өкіл етіп, соған бауыздатқызуға болады. Бұл ретте ерекше айта кететін нәрсе, түйеден басқа малдар сол жамбасына жатқызылып, басы құбылаға қаратылып дұға айтылып барып бауыздалады.
Құрбандық дұғасы:
«Алла һума инни уажжаһту уажһи лилази фатириссамауати уал арзи, уама әнә минәл мүририкин. Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Лә иләһа илләл-лоһу уол-лоһу әкбвр. Аллоһу әкбар уа лилләһил – хәмді». Осы тәкбірден соң: «Бисмилләһи, Аллоһу әкбар», - дейді де, өткір пышақпен малды бауыздайды.
Құрбандық шалғанда оқылатын дұға
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора