Әссәләмуғалейкум! Құрбан шалар алдында арнайы аят оқу керек пе?
Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құрбан малын шаларда үш рет «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбәр» деп, мына төмендегі Құран аятын оқыса болады:
قُلْ إِنَّ صَلَاتِي وَنُسُكِي وَمَحْيَايَ وَمَمَاتِي لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ ﴿١٦٢﴾ لَا شَرِيكَ لَهُ ۖ وَبِذَٰلِكَ أُمِرْتُ وَأَنَا أَوَّلُ الْمُسْلِمِينَ
Транскрипциясы: «Қул иннә саләәтии, уә нусукии, уә мәхяйя, уә мәмәәтии лилЛәһи раббиль ъАләмиин. Лә шәриикә ләһ. Уә бизәәликә умирту. Уә әнәә әууәлуль муслимиин» .
Мағынасы: «Оқыған намазым, шалған құрбаным, өмірім мен өлімім бүкіл әлемнің Раббысы Алла үшін. Оның серігі жоқ. Осы нәрсеге бұйырылдым. Мен мұсылмандардың алғашқысымын». (Әнғам сүресі – 162-163 аяттар)
Ескерту: құрбандық шаларда болсын, мейлі жәй күндері болсын, малды бауыздайтын кісі «бисмилланы» тілге алуы шарт.