Құрбан айт намазына әйелдердің қатысуына болады. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айт намазына шығуды баршаға: балалар мен қарт кісілерге де, ерлер мен әйелдерге де бұйырған. Тіпті етеккірі келген әйелдерге де баруды міндеттеген. Бұл ретте Алла Елшісі: "Жас қыздар және шымылдық артында отырған (бойжеткендер), сондай-ақ етеккірі келген әйелдер үйлерінен шығып, игі істерде және мүміндердің Аллаға өз дұғаларын айтып жалбарынуларына қатыссын, алайда етеккірі келгендер намаз орнынан алшақтау тұрсын", - деген. Әрі орамалы болмаған әйелдерге "оны құрбылары беруге тиіс", - деп айтқан. Мұның барлығы айт намазының мұсылмандар үшін берік бекітілген парыз болып табылатынын дәлелдейді. Айта кетейік, қазір еліміздегі барлық мешіттерде дерлік, әйелдер намаз оқитын арнайы бөлмелер бар. Олар айт намазын сонда оқуларына болады.
Құрбан айт намазына әйелдер барса бола ма?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора