Ассалаумағалейкум! Менің сұрағым: Құран оқылғанда немесе оқып жатқанда тамақ жеуге бола ма?
Жауап
Уағалейкумассалам!
Құран оқып отырып ішіп-жеуді елестетудің өзі қиын. Алайда оқу арасындағы үзілісте ішіп-жеп алуға болады, бірақ Құран оқумен қатар ішіп-жеу мүмкін емес. Тамақ жегенде сөйлеудің өзі қиынға түссе, ал оның қасында құран оқып, онымен қоса ішіп-жеу сөздердің қате шығуына алып келеді.
Құран тыңдау парыз-кифая (мұсылман жамағаттың міндеті) болып табылады. Егер адам көп жиналған жерде Құран оқылса, онда жарты адамдар тыңдап, ал қалған жартысынан тыңдау міндеті алынады. Құдайы тамақтарда Құран оқылғанда ішіп-жеуді доғара тұрып, тыңдау керек. Алайда басқа қолы бос емес адамдардың қасында Құран оқуға болмайды.
Бұл жерде басқа іспен айналыспай, Құранды мұқият тыңдау маңызды болып табылады.  Ал ішіп-жеу бөтен іс болып саналады. Егер адам өз ісімен айналысып жүріп, Құранның аудио жазбасын тыңдауында тұрған еш әбестік жоқ.